Заключение Алакольский район (ЖКХ) 2023 год

 

    

    

2023 жыл

    

    

    

           


 

 

Жетісу облысы бойынша

тексеру комиссиясының

07.03.2023  ж. №02-17/4

                                                                                               қаулысымен бекітілген.

 

 

 

АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Кіріспе бөлік

1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Алакөл курорттық аймақты дамыту және Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын абаттандыру мәселелерінің тиімділігі.

1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Алакөл курорттық аймақты дамыту және Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын абаттандыру мәселелері бойынша бөлінген қаржының тиімді жұмсалуына және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының Алакөл курорттық аймақты  дамытуға қосатын үлесін бағалау.     

1.3. Мемлекеттік аудиттің объектісі:

«Алакөл ауданының тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль  жолдары  және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылдың қаңтарынан бастап, 2022 жылдың  01 қарашасын  қоса алғандағы кезең.

  1. Негізгі (талдамалық) бөлік

2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау

   Мекемеде туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Алакөл курорттық аймақты дамыту және Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын дамыту бойынша негізгі жұмыстар мен қызметтер «Алакөл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) арқылы жүргізілуде. Мекеме міндеттері тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту; коммуналдық шаруашылықты ұстауға бөлінген қаражаттың тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету; сумен жабдықтауды, канализацияны, жылумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, абаттандыруды, аумақтарды абаттандыруды, санитарлық тазартуды және ауданның тұрғын үй қорын күтіп-ұстауды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың әдістері мен технологияларын жетілдіруді қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

   Мекемеге қарасты 3 мемлекеттік коммуналдық шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын жұмыс жасайды. Олар МКК «АлакөлЖылу», МКК «АлакөлТазалық», МКК «АлакөлСуқұбыры».

  2019 жылды Мекеме мен МКК «АлакөлЖылу» арасында  келісім-шарт жасалып, Алакөл ауданындағы Ақши ауылындағы алакөл көлінің жағалауына ақпараттық қалқандар орнатылған.

2019-2020 жылдары  Мекеме мен МКК «АлакөлТазалық» арасында  келісім-шарт жасалып, қоқыс салатын жәшіктер сатып алынған,  Ақши ауылындағы Алакөл көлінің жағалауына шатырлар мен жататын орындар орнату жұмыстары жасалған, Үшарал қаласындағы әуежайдың маңайын күтіп ұстау жұмыстары атқарылған,  аллея маңайын күтіп ұстау жұмыстарын атқарылған.

Үшарал қаласы мен ауданды «Алакөл Су» МКК сумен қамтамасыз етеді. 2020 жылы Мекеме мен МКК «АлакөлСуқұбыры» арасында келісім-шарт жасалып, Алакөл ауданындағы елді-мекендерде орналасқан су құбырларының маңайын тазалау жұмыстары жасалған.

Сонымен қатар санитариялық-гигиеналық тораптардың жетіспеушілігі бар, қолда бар 6 СГТ туристердің қажеттілігін, жағажайда қоқыс бактарының жетіспеушілігін, буйлармен, пирстермен, айлақтармен, шезлонгтармен, жатақтармен жабдықтау қажеттілігін жаппайды.

Туризмді дамыту бойынша басымдықтар тізіміне кіретін ірі курорттық аймақтарда орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ. 1 кешенде 200-ден 500 адамға дейін тұруға арналған нысандар ағынды суларды ағызу үшін ассенизатор машиналарын пайдалануда.

Энергиямен жабдықтауда проблемалар байқалады. 2021-2022 жылдары Алакөлдегі желінің кернеуі 150-ден 230 вольтқа дейін жетеді, бұл демалыс базаларының тұрмыстық техникасы мен өнеркәсіптік жабдықтарының тұрақты істен шығуына және кәсіпкерлер үшін айтарлықтай қосымша шығындарға әкеп соғады.

Электр қуатының жиі өшірілуі орта және кіші базалардағы қонақтардың сусыз және шамсыз отыруына әкеледі, ал үлкен демалыс орталықтары балама және қымбат, электрмен жабдықтау көзі – дизель генераторына ауысуға әкеледі.

2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері

2019-2022 жылдары барлығы  11 060 800,9 мың теңге бөлінген. Оның ішінде    2 790 856,6 мың теңге алдыңғы бақылаумен қамтылған. Аудитпен барлығы 8 269 944,2 мың теңге қамтылды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы  2 246 825,2мың теңгені құрады.

Оның ішінде;

Қаржылық бұзушылықтардың сомасы 2 052 001,5 мың теңге: қалпына келтіруге жатқызылатыны – 2 051 864,4 мың теңге, бюджет есебіне қайтаруға жататыны – 137,1  мың теңге.

Ықтимал шығындардың және жіберіп алған пайданың сомасы 194 823,7  мың теңге.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының салалық заңнама талаптарын сақтамау салдарынан орын алған  3 дана рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

2.3. Мемлекеттік аудит объектісі қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):

Мекемеде туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Алакөл курорттық аймақты дамыту және Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын абаттандыру мәселелері бойынша төмендегі жұмыстар жасалған:

2019-2022 жылдары туристтік аймақты дамытуға Алакөл көлінің жағалауының барлық инфрақұрылымдық желілерінің құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі, Алакөл ауданы Ақши ауылының «Алакөл ауданы Алакөл көлінің жағалауында тәулігіне 6,5 мың м3 канализациялық тазарту құрылысын (КТҚ) салу, канализация жүйесін салу. І кезек» нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша 69,7 шақырым кәріз желілерін салу жоспарланған. Бүгінде құрылыс монтаж жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар «Алакөл ауданы Алакөл көлінің жағалауында тәулігіне 6,5 мың м3 канализациялық тазарту құрылысын (КТҚ) салу, канализация жүйесін салу. 2 кезек» нысаны бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілу керек болған. Алайда, құрылыс жұмыстарының жұмыс жүргізу кестесіне сай орындамағандықтан, Мекеме жұмыстаржы жалғастыру бойынша әрекет етуде.

Алакөл көлінің жағалауында электрмен жабдықтауды біршама жақсарту мақсатында электр желілерінің құрылысын салу және қайта жаңғырту бойынша құрылыс монтаж жұмыстары қолға алынған. Бүгінде жұмыстар жалғасуда. Жоба бойынша 67,5 шақырыл электр желілері салу жоспарланған. Сонымен қатар Көктұма ауылының электр желілерін құрылысын салу және қайта жаңғырту бойынша құрылыс монтаж жұмыстары аяқталып, нысан қолданысқа берілген.

Алакөл көлі жағалауында елді мекендерді электрмен қамтамасыз ету 100 % құраған. Аудан бойынша барлық трансформаторлық қосалқы станциялар 329. Оның ішінде «ТАТЭК» АҚ балансындағы 285-ТП абоненттік және 3 иесіз ТП, аудан бойынша барлығы ӘЖ 6/10кВ – 48,66 км, ӘЖ 0,4 кВ – 779,19 км.

Аудан бойынша су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы – 411,5 км. Оның ішінде  Алакөл көлі жағалауында елді мекендерде Ақши ауылында 4,5 шақырым Алакөл көлінің жағалауында 53,4 шақырым. Көктұма ауылы бойынша 14,1 шақырымды құрайды.

Курорттық аймақты дамыту және Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын абаттандыру  су бұру бойынша кәріз желілерінің жалпы ұзындығы – 69,7 км. Бүгінде, Алакөл көлі жағалауында кәріз жүйесін салу және реконструкциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылыс монтаж жұмыстарының 1-кезегінің аяқталу мерзімі 2023 жыл, 2-кезектікі шамамен 2024 жылға жоспарланып отыр.

Алакөл ауданының аумағында орталықтандырылған газ желілері тартылмаған.Осыған байланысты Алакөл көлінің жағалауындағы туристтік аймақта газ желілерімен қамтамасыз етілмеген.

Туризмді дамыту мақсатында 2020 жылы Ақши ауылының аймағында спортплощадка және 5 санитарлық торап салынған.Алакөл көлінің жағалауындағы туристтік аймаққа жарықтандыру толығымен тартылған.

Туристтік аймақтың өзекті мәселелерінің бірі санитарлық торап орнату. 2023 жылы «Алакөл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй инспекциясы басқармасына» 16 санитарлық тораптарға жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге бюджеттік өтінім жолданған. Тиісті қаражаттың бөлінуі күтілуде.

Алакөл көліне қатынайтын 17,5 шақырым автокөлік жолдарына жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. 2023 жылдың қаңтар айына аяқтау жоспарланған. Құжаттарға сәйкес бюджеттік өтінім жолданған.

Сонымен қатар, Алматы облысының (қазіргі Жетісу) оңтүстік шығыс аумағын электрмен жабдықтау техникалық экономикалық негіздемесіне сәйкес Алакөл ауданы бойынша кернеуі 110 кВ және 220 кВ әуе желілерін салу және 3 қосалқы станциясын реконструкциялауға жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құжаттарды әзірлеу уақытының аяқталуы 2023 жылға жоспарланған.

III. Қорытынды бөлік

3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:

«Алакөл ауданының тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль  жолдары  және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі  бойынша мемлекеттік аудит барысында бюджет есебіне жалпы сомасы  137,1 мың теңге өндірілді, 2 051 864,4 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірілді, орындалмаған келісім-шарттың қамтамасыз етуін бюджетке  қайтару бойынша, аудит барысында «Страховая компания «Freedom Finance Insurance» акционерлік қоғамға сақтандыру төлемдерін төлеу туралы  талап жібертілді.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне  мемлекеттік аудит объектісі бойынша жылпы саны 2 материал жолданды, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 1 лауазымды тұлға, 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 1 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылу бойынша. ды, олар:

- «Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  есепшісі Л.Саметқызына  хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, 01 ақпанда №0001 төлем түбіршегімен 86,2 мың теңге бюджетке төленген;

- «Алакөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы Е. Биекбаевтың  жұмыстан босастылуына байланысты  Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынбаған.

3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.

1.Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 2 052 001,5 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, ықтимал шығындардың және жіберіп алған пайданың сомасы 194 823,7  мың теңге, 3 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтарға анықталды.

  1. Анықталған қаржылық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының талаптарының сақталмауы салдарынан орын алған.
  2. Ықтимал шығындардың және жіберіп алған пайда Мемлекеттік сатып алу Заңнамасының талаптарының сақталмауынан болған.
  3. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар Қазақстан Мемлекеттік сатып алу Заңнамасының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары талаптарының, сақтамауы салдарынан орын алған.
  4. Мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғалары тарапынан Қазақстан Республикасы Заңнамаларында белгіленген талаптарға немқұрайлы қарауы мемлекеттік аудит объектісі бойынша 2 әкімшілік жауапкершілікке әкелетін бұзушылықтарға жол берілген.

3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:

Алакөл курорттық аймақты дамыту және Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын абаттандыру мәселелерінің тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:

  1. Алакөл курорттық аймақты дамыту және Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын абаттандыру мәселелерінің тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелері Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
  2. «Алакөл ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Страховая компания «Freedom Finance Insurance» акционерлік қоғамға «Алматы облысы Алакөл ауданы Алакөл көлінің жағалауында тәулігіне 6,5 мың м3 канализациялық тазарту құрылысын (КТҚ) салу, канализация жүйесін салу. ІI кезек» жұмыстары бойынша келісім-шарттың қамтамасыз етуіндегі сақтандыру төлемдерін төлеп және бюджетке қайтару жұмыстары жүргізілсін.
  3. Заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың  жауапкершілігі қаралсын.
Дата публикации
16 августа 2024