|
2023 жыл |
|
|
|
|
|
|
Жетісу облысы бойынша
тексеру комиссиясының
06.03.2023 ж. №02-17/3
қаулысымен бекітілген.
АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Көксу ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі.
1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Көксу ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің және жергілікті атқарушы органдардың Көксу ауданы экономикасын дамытуға қосатын үлесін бағалау.
1.3. Мемлекеттік аудиттің объектілері:
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2020 жылдың қаңтарынан бастап, 2021 жылдың желтоқсанын қоса алғандағы кезең.
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау
Көксу ауданының 2021-2025 жылдарға арналған аума дамыту бағдарламасы Көксу ауданының маслихатының 2021 жылғы 04 ақпандағы № 2-1 шешімімен бекітілген.
Статистикалық деректерге және уәкілетті органдардың ақпаратына сәйкес Көксу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері:
2021 жылдың қорытындысы бойынша Бюджетке міндетті төлемдерді жинау жоспары 2021 жылы 105,4 пайызға орындалып, 3 398 000,0 мың теңгеге жеткен. Оның 2 084 000,0 мың теңгесі жергілікті бюджеттің үлесінде.
Меншікті салығымыз 798 000,0 мың теңгеге толыққан. Жоспар 106,8 пайызға орындалған.
Бюджет шығысының жылдық жоспары 99,4 процентке игеріліп – 7 065 000,0 мың теңгені құраған.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі 32,3 млрд.теңге, нақты көлем индексі 102,7%-ды құраған.
Орташа есеппен мал басы саны бойынша ірі қара саны – 42 245 бас (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,2%), қой мен ешкі – 169 328 бас (102,7%), жылқы – 19 250 бас (110,8%), және құс – 96,7 мың басты (101,3%) құраған.
Осы есеп беру аралығында 10 835 тонна ет, 25 066 тонна сүт, 7 850 мың дана жұмыртқа өндірілген.
Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу үшін 2021 жылы 31 710 гектар егіс алқаптары игерілген.
Оның ішінде қант қызылшасының алаңы 2 029 гектар, дәнді дақылдар 11 221 га, майлы дақылдар 10 395 га, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2 185 га және азықтық дақылдар 5 880 гектарға жеткен.
Дәнді масақты дақылдардан 33 136 тонна, майлы дақылдардан 25 668 тонна, картоп, көкөніс, бақша дақылдарынан 55 491 тонна өнім алынған.
Сонымен қатар қант қызылшасынан 72 389 тонна тәтті түбір алынған.
Өнеркәсіп саласында 27,5 млрд.теңгеге өнім өндіріліп, заттай көлем индексі 133,9 процентке орындалған.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 3 734 субъектілер 5 969 адамды жұмыспен қамтыған.
Өндірген өнім мен көрсеткен қызмет көлемі 23 млрд. 498 млн. теңгені құрады, бюджетке 581 млн. теңгенің салығы түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 44,3 процентті көрсеткен.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4 млрд. 920 млн. теңгенің инвестициясы тартылса, оның 2 млрд. 492 млн. теңгесі бюджеттен тыс қаражат есебінен. Тартылған инвестициялардың заттай көлем индексі 62,9 пайыз.
Құрылыс саласында жаңадан 12,9 мың шаршы метр жеке тұрғын үй салынған.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 5 млрд 338 млн. теңгені құрап, 2020 жылмен салыстырғанда 62,4 пайызды көрсеткен.
Жұмыспен қамту саласында бүгінде аудандағы экономикалық белсенді халық саны 21 390 адам. Оның ішінде жұмыс істейтіндері 20 345, жұмыссыздар 1 045 адам.
Аудан экономикасының барлық салаларында 2021 жылы 1 479 жұмыс орны ашылып (оның ішінде тұрақты жұмыс орны 639), жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз төңірегінде тұрақтаған.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының үш бағыты бойынша 845 азамат қамтылып, 393,4 млн.теңге игерілген.
Денсаулық сақтау саласы бойынша бүгінгі күні ауданда 28 денсаулық сақтау мекемелерінде 64 дәрігерлер, 295 орта буынды медицина қызметкерлері жұмыс жасайды (1 аурухана, 9 ДА, 9 ФАП, 9 МП).
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері денсаулық саласының материалдық техникалық базасы тұрақты дамыған.
2020 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 18 млрд. 417 млн. теңгені құраған, физикалық көлем индексі 83,2% құраған.
Өнеркәсіп құрылымында өңдеуші сала басым, ол жалпы өндіріс көлемінің 93,4% - ын алады. Өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінің 78,3% ауданның 3 кәсіпорнының өнімін құрайды, бұл өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 31,8%-«Уыз Май Industry» ЖШС, 25,2% - «Көксу қант зауыты» ЖШС және 3,6% - «Строитель» ЖШС.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 29 млрд.823 млн. теңгені құраған, нақты көлем индексі 103,1%.
Ауданда 25 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.
Аудан бойынша 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 1 800 бала қамтылған. 3-6 жастағы балалар 1 961 бала, оның ішінде мектепалды сыныптармен 595 бала, балабақшаларда 1 205 бала, кезекте 149 бала қамтылған.
115 спорт ғимараты, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықты қамту 30,2% құраған.
Құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылға қарағанда 134,6% - ға орындалды және 8 млрд.14 млн. теңгені құраған. 7348 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Жеке инвестициялар есебінен Балпық би ауылында 30 пәтерлі және 10 бір пәтерлі үйдің құрылысы аяқталған. Салынған тұрғын үйлер 7-20-25 және «Бақытты отбасы» бағдарламалары бойынша сатылатын болады.
2021 жыл
Өңдеу өнеркәсібінің нақты индекс көлемі 133,6 % құраған (жоспар- 102%);
2021 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі –32.3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем көрсеткіші –102,7 % болған;
АЕМ халықты ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу 100 пайызға орындалған.
Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша 2021 жылы 1 149 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 636 тұрақты, 843 уақытша жұмыс орны құрылған.
«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты – шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін қолдау бойынша ауданымызда жалпы сомасы 459 млн. теңгеге 53 жоба іске асырылған, оның ішінде 29 жоба пайыздық мөлшерін субсидиялау, 21 жоба ішінара кепілдік беру бойынша және иновациялық жобаларды іске асыруға 3 грант берілген.
«Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында жалпы сомасы 3 млрд. 751 млн. теңгеге 17 жоба мақұлданған.
2020 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаласы» бойынша 150 үміткер тиесілі квалификация бойынша оқытылған. 65 адамға, 239,1 млн.теңге шағын несие берілген, 70 адамға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған 40,8 млн. теңге мемлекеттік грант беріліп, олар өз істерін ашқан. (200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде - 583,4 мың.т). «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Балпық би ауылында 60 және 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылыстары аяқталған.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 4 елді мекенде (1,3 млрд.теңгеге Жамбыл, Бесқайнар, Мәмбет және Мұқыры ауылдары) газ тарату желілерінің құрылысы аяқталуда.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаласымен 2 526 адам қамтылып, оның 1 337–і тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған.
2.2. Мемлекеттік аудиттің негізгі нәтижелері
Көксу ауданы бойынша бюджет қаражаты есебінен салалар бойынша қарастырылған қаражат 3 669 819,1 мың теңге мемлекеттік аудитпен қамтылды.
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 376 715,2 мың теңгені құрады.
Оның ішінде;
Қаржылық бұзушылықтардың сомасы 211 688,2 мың теңге: қалпына келтіруге жатқызылатыны – 209 166,0 мың теңге, бюджет есебіне қайтаруға жататыны – 1 841,1 мың теңге, бюджетке түсетін түсімдер бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтар - 681,1 мың теңге.
Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау сомасы 165 027,0 мың теңге.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының салалық заңнама талаптарын сақтамау салдарынан орын алған 8 дана рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
«Қуаныш» балабақшасы» МКҚК дефектологы А.С. Сейденова осы ұйымда 3 жыл жұмыс істемей, 265,1 мың теңге сомасында алған көтерме жәрдемақыны бюджетке қайтармаған.
«Исабаев атындағы орта мектеп» КММ медициналық ағасы Эйналов Л.М. осы ұйымда 3 жыл жұмыс істемей, 291,7 мың теңге сомасында алған көтерме жәрдемақыны бюджетке қайтармаған. Бюджетке қайтаруға жататын көтерме жәрдемақылардың жалпы сомасы 848,5 мың теңге.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында 2020 жылдың 20 мамырдағы № 27 (веб-порталда №130940005316/200028/00) келісім-шарты жасалған. 2020 жылдың мамыр айына №1 орындалған жұмыстардың актісімен 2020 жылдың 28 мамырындағы №492Е253/20-177 төлеуге берілетін шотымен 1 245 310,08 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында «Талапты ауылының Ағымдағы жөндеу жүйелер сумен жабдықтау (Ауыстыру гидранттар,сорғыны ауыстыру» нысаны бойынша 2020 жылдың 20 мамырдағы № 28 (веб-порталда №130940005316/200029/00) келісім-шарты жасалған. 2020 жылдың мамыр айына №2 орындалған жұмыстардың актісімен 2020 жылдың 28 мамырындағы №492Е253/20-176 төлеуге берілетін шотымен 1 269 489,76 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында «Талапты ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу (Су мұнарасындағы сорғы станциясындағы қақпаларды ауыстыру, мұнараның жылытқышынбөлшектеу және тағы басқалар ) нысаны бойынша, 2020 жылдың 17 маусымдағы № 36 (веб-порталда № 130940005316/200038/00) келісім – шарты жасалған. 2020 жылдың маусым айына акт нөмірі көрсетілмеген, орындалған жұмыстардың актісімен 2020 жылдың 25 маусымдағы №492Е253/20-235 төлеуге берілетін шотымен 1 248 171,68 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында «Көксу ауданы Балпық би ауылы Жұмабек көшесі бойындағы кәріз желілерін жөндеу және төсеу бойынша жұмыстар» нысаны 2020 жылдың 18 шілде №47 (веб-порталда №130940005316/200049/00) келісім-шарты жасалған. 2020 жылдың маусым айына орындалған жұмыстардың актісімен 2020 жылдың 24 шілде №492Е253/20-282 төлеуге берілетін шотымен 1 366 146,88 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында «Көксу ауданы Балпық би ауылы Исабаева көшесі бойындағы кәріз желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары» нысаны 2020 жылдың 18 шілде №48 (веб-порталда №130940005316/200050/00) келісім-шарты жасалған. 2020 жылдың маусым айына орындалған жұмыстардың актісімен 2020 жылдың 24 шілде №492Е253/20-280 төлеуге берілетін шотымен 1 385 616,96 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында «Балпық би ауылы Жұмабек көшесі бойындағы кәріз желілеріндегі авариялардың салдарын жою бойынша жұмыстар» нысаны 2020 жылдың 18 шілде №49 (веб-порталда №130940005316/200051/00) келісім-шарты жасалған. 2020 жылдың маусым айына орындалған жұмыстардың актісімен 2020 жылдың 24 шілде №492Е253/20-280 төлеуге берілетін шотымен 651 875,84 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында «Көксу ауданы Балпық би ауылы Жұмабек көшесі бойындағы кәріз желілерін ағымдағы жөндеу жұмыстары» нысаны 2020 жылдың 18 шілде №50 (веб-порталда №130940005316/200052/00) келісім-шарты жасалған. 2020 жылдың маусым айына орындалған жұмыстардың актісімен 2020 жылдың 24 шілде №492Е253/20-279 төлеуге берілетін шотымен 1 106 630,56 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында Балпық би ауылы Исабаев көшесіндегі кәріз жүйесіне техникалық қызмет көрсету» нысаны 2020 жылдың 18 шілде №51 (веб-порталда №130940005316/200053/00) келісім-шарты жасалған. 2020 жылдың маусым айына орындалған жұмыстардың актісімен 2020 жылдың 23 шілде №492Е253/20-277 төлеуге берілетін шотымен 1 387 291,36 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балпық Би ауылындағы шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту құрылыстарын ағымдағы жөндеу және іске қосу-жөндеу жұмыстары» нысаны 2020 жылдың 29 қазандағы №81 (веб-порталда №130940005316/200083/00) келісім-шарты жасалған. 2020 жылдың қараша айына орындалған жұмыстардың актісімен 2020 жылдың 12 қарашадағы №492Е253/20-509 төлеуге берілетін шотымен 1 388 591,01 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық Би ауылындағы шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды тазарту құрылғылары жабдықтарын басқарудың автоматтандырылған жүйесін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар» нысаны 2020 жылдың 29 қазандағы №82 (веб-порталда №130940005316/200083/00) келісім-шарты жасалған. 2020 жылдың қараша айына орындалған жұмыстардың актісімен 2020 жылдың 17 қарашадағы №492Е253/20-514 төлеуге берілетін шотымен 1 378 021,01 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық Би ауылындағы шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды тазарту құрылғылары жабдықтарын басқарудың автоматтандырылған жүйесін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар» нысаны 2020 жылдың 29 қазандағы №83 (веб-порталда №130940005316/200087/00) келісім-шарты жасалған. 2020 жылдың қараша айына орындалған жұмыстардың актісімен 2020 жылдың 17 қарашадағы №492Е253/20-514 төлеуге берілетін шотымен 1 378 021,01 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балпық Би ауылындағы шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту құрылыстарын су тазарту жүйелерін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар» нысаны 2020 жылдың 29 қазандағы №84 (веб-порталда №130940005316/200086/00) келісім-шарты жасалған. Орындалған жұмыстар актісімен 2020 жылдың 17 қарашадағы №492Е253/20-514 төлеуге берілетін шотымен 1 296 981,00 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балпық Би ауылындағы шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту құрылыстары жабдықтарын басқарудың автоматтандырылған жүйесін ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер» нысаны 2020 жылдың 29 қазандағы №85 (веб-порталда №130940005316/200088/00) келісім-шарты жасалған. Орындалған жұмыстар актісімен 2020 жылдың 17 қарашадағы №492Е253/20-513 төлеуге берілетін шотымен 879 098,00 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балпық Би ауылындағы шаруашылық-тұрмыстық ағынды суларды тазарту қондырғыларының ауа тазарту жабдықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары» нысаны 2020 жылдың 29 қазандағы №86 (веб-порталда №130940005316/200085/00) келісім-шарты жасалған. Орындалған жұмыстар актісімен 2020 жылдың 17 қарашадағы №492Е253/20-516 төлеуге берілетін шотымен 1 105 614,00 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балпық Би ауылындағы шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту құрылыстарының сорғы жабдықтарын ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер» нысаны 2020 жылдың 29 қазандағы №87 (веб-порталда №130940005316/200089/00) келісім-шарты жасалған. Орындалған жұмыстар актісімен 2020 жылдың 17 қарашадағы №492Е253/20-518 төлеуге берілетін шотымен 1 388 037,00 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балпық Би ауылындағы шаруашылық-тұрмыстық сарқынды суларды тазарту құрылыстарының су тазарту/су өңдеу/су жинау және ұқсас жабдықтарын ағымдағы жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер» нысаны 2020 жылдың 29 қазандағы №88 (веб-порталда №130940005316/200090/00/00) келісім-шарты жасалған. Орындалған жұмыстар актісімен 2020 жылдың 12 қарашадағы №492Е253/20-508 төлеуге берілетін шотымен 1 310 287,00 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Балпық Би ауылындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары (коммуналдық шаруашылық құрылыстарына техникалық/профилактикалық қызмет көрсету» нысаны 2020 жылдың 29 қазандағы №97 (веб-порталда №130940005316/200101/00) келісім-шарты жасалған. Орындалған жұмыстар актісімен 2020 жылдың 22 желтоқсандағы №492Е253/20-620 төлеуге берілетін шотымен 1 228 349,92 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу ауданы Талапты ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу (магистральды құбырлардағы құдықтарды жөндеу бойынша жұмыстар )» нысаны 2020 жылдың 20 мамырдағы №21 (веб-порталда №130940005316/200022/00) келісім-шарты жасалған. Орындалған жұмыстар актісімен 2020 жылдың 28 мамырдағы №492Е253/20-167 төлеуге берілетін шотымен 1 260 693,28 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу ауданы Талапты ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу (Су жинау алаңының қоршауын жөндеу)» нысаны 2020 жылдың 20 мамырдағы №22 (веб-порталда №130940005316/200023/00) келісім-шарты жасалған. Орындалған жұмыстар актісімен 2020 жылдың 28 мамырдағы №492Е253/20-169 төлеуге берілетін шотымен 1 268 620,64 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу ауданы Талапты ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу (СУЗ тасымалдау, Су айдағыш мұнараның жылытуын монтаждау)» нысаны 2020 жылдың 20 мамырдағы №25 (веб-порталда №130940005316/200026/00) келісім-шарты жасалған. Орындалған жұмыстар актісімен 2020 жылдың 28 мамырдағы №492Е253/20-171 төлеуге берілетін шотымен 1 260 901,60 теңге аударылған.
- 2020 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу ауданы Талапты ауылындағы сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу (СУЗ тасымалдау, Су айдағыш мұнараның жылытуын монтаждау)» нысаны 2020 жылдың 20 мамырдағы №26 (веб-порталда №130940005316/200027/00) келісім-шарты жасалған. Орындалған жұмыстар актісімен 2020 жылдың 28 мамырдағы №492Е253/20-173 төлеуге берілетін шотымен 1 254 812,16 теңге аударылған.
- 2021 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында «Жергілікті (жергілікті маңызы бар) құбырларды және ұқсас желілерді/жүйелерді жөндеу жөніндегі жұмыстар. Балпық би ауылы Шадрина көшесіндегі су құбыры желісіне ағымды жөндеу» нысаны 2021 жылдың 13 мамырдағы №9 №130940005316/210009/00) келісім-шарты жасалған, 2021 жылдың мамырындағы орындалған жұмыстардың актісімен 2021 жылдың 22 шілдедегі №4871015//21-187 төлеуге берілетін шотымен 1 253 477,12 теңге аударылған.
- 2021 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында «Сумен жабдықтау/су құбыры Жүйелерін жөндеу/қайта жаңарту бойынша жұмыстар. Балпық би ауылы Мырзабеков көшесіндегі су құбыры желісіне ағымды жөндеу » нысаны 2021 жылдың 13 мамырдағы №10 №130940005316/210010/00) келісім-шарты жасалған. 2021 жылдың мамырындағы орындалған жұмыстардың актісімен 2021 жылдың 28 маусымдағы №4871015//21-160 төлеуге берілетін шотымен 1 334 523,68 теңге аударылған.
- 2021 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында «Көксу ауданы, Балпық би ауылы, Панфилов көшесіндегі сорғы станциясын сору / жуу жұмыстары» нысаны 2021 жылдың 27 шілдедегі №15 №130940005316/210015/00) келісім-шарты жасалған. 2021 жылдың мамырындағы орындалған жұмыстардың актісімен 2021 жылдың 25 тамыздағы №4871015//21-245 төлеуге берілетін шотымен 1 334 523,68 теңге аударылған.
- 2021 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында «Көксу ауданы Мұқыры ауылындағы су мұнарасының сорғы бөлігін ауыстыру және жөндеу жұмыстары» нысаны 2021 жылдың 27 шілдедегі №16 №130940005316/210016/00) келісім-шарты жасалған. 2021 жылдың мамырындағы орындалған жұмыстардың актісімен 2021 жылдың 25 тамыздағы №4871015/21-236 төлеуге берілетін шотымен 798 627,20 теңге аударылған.
- 2021 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында «Көксу ауданы Мұқыры ауылындағы су мұнарасының сорғы бөлігін ауыстыру және жөндеу жұмыстары» нысаны 2021 жылдың 30 шілдедегі №17 №130940005316/210017/00) келісім-шарты жасалған. 2021 жылдың мамырындағы орындалған жұмыстардың актісімен 2021 жылдың 25 тамыздағы №4871015/21-236 төлеуге берілетін шотымен 1 312 470,88 теңге аударылған.
- 2021 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында «Көксу ауданы Қаратал ауылындағы су желілерін жөндеу жұмыстары» нысаны 2021 жылдың 28 қазандағы №33 №130940005316/210033/00) келісім-шарты жасалған. 2021 жылдың мамырындағы орындалған жұмыстардың актісімен 2021 жылдың 19 қараша №4871015/21-368 төлеуге берілетін шотымен 1 358 871,36 теңге аударылған.
- 2021 жылға 016-015 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жұмыс істету» бюджеттік бағдарламасы аясында мекеме мен Көксу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көксу таза су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны арасында «Көксу ауданы Мәмбет ауылындағы жер бетінде орналасқан құрбыны жылыту» нысаны 2021 жылдың 23 қарашадағы №34 №130940005316/210034/00) келісім-шарты жасалған. 2021 жылдың қарашадағы орындалған жұмыстардың актісімен 2021 жылдың 24 қараша №4871015/21-373 төлеуге берілетін шотымен 1 248 378,88 теңге аударылған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» № 434-V Заңының (әрі қарай - Заң) 43 бабының 24 тармағымен және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағымен қаралған шаралар қолданбағандығы немесе тұрақсыздық айыбы өндірілмегендігі анықталған. 2020 жылдың 10 қыркүйегіндегі № 72 келісім-шартымен (веб-порталда № 130940005316/200074/00) келісім-шарты негізінде «Каз Билдинг-Сервис» ЖШС-гіне есептелінетін тұрақсыздық айыбы қабылдап алу актсі негізінде (5004314,56 теңге *0,1%*19 күн) 95095,0 теңге құрап отыр.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттары Жоспарының» 16-тармағының және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 03 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларының» 236-тармағының талаптарын бұзылып, 2330 "құрылыс" шотына 11 086,8 мың теңге сомасындағы «Жетіжал ауылының балалар алаңы» мекеменің теңгерімне қойылмаған.
«Көксу ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі», Көксу ауданының Алғабас, Мұсабек және Жарлыөзек ауылдық округтері әкімдерінің аппараттары бойынша мемлекеттік аудитпен Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзгеде заңнама бұзушылықтары анықталған жоқ.
2.3. Мемлекеттік аудит объектілері қызметінің әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін бағалау (өңірлік және (немесе) елдік бөліністе):
2021 жылғы аудандық бюджеттің шығыстары 7 407 702,0 мың теңге болып бекітіліп, нақтылаулар мен түзетулер нәтижесінде 6 944 384,0 мың теңгені құраған.
Есепті кезең қорытындылары бойынша Көксу ауданы бюджетінің шығындары 6 908 251,1 мың теңгеге немесе 99,5 пайызға атқарылып, орындалмаған қаражат 36 132, 9 мың теңге.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру сала бойынша 847 567,1 мың теңге жұмсалған.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша 93 360,9 мың теңге, әлеуметтік көмек жыл басынан 202 отбасына немесе 1 120 адамға төленген.
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 438 932,2 мың теңге жұмсалған.
«Ауылдық жерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша 1 972 адамға 28 761,6 мың теңге төленген.
Тұрғын үй көмегіне 2 000,0 мың теңге бөлініп, жыл басынан 1 993,8 мың теңгеге 80 жанұяға тұрғын үй көмегі төленген.
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекеленген топтарына әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы бойынша 27 888,0 мың теңге. Оның ішінде: Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 76 жылдығына орай Ұлы Отан соғысының 2 ардагеріне 2 000,0 мың теңге көлемінде, қайтыс болған Ұлы Отан соғысының қатысушыларының 7 жесіріне 420,0 мың теңге көлемінде, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы аралығында жұмыс істеген 160 адамға 4 800,0 мың теңге көлемінде және мүгедек болған әскери қызметшілерге 2 адамға 200,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілген. Чернобыль апатынан зардап шеккен 14 адамға 2 650,0 мың теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілген және қайтыс болған зардап шеккендердің 3 жесіріне 550,0 мың теңгеге, Ауған соғысының қатысушыларына - 26 адамға 5 200,0 мың теңге Тәджік-ауған соғысының қатысушыларына 20 адамға 3 950,0 мың теңгеге көмек көрсетілген. Туберкулез індетімен ауыратын 29 адамға 2 653,9 мың теңгеге және аудан бойынша 2 ҰОС ардагерлеріне тұрғын үй коммуналдық қызметтеріне 201,3 мың теңге көмек көрсетілген.
Үйде тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша 3 199,6 мың теңгеге 59 балаға әлеуметтік көмек көрсетілген.
«Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша есеп беру кезеңіне қаржыландыру жоспары бойынша 64 927,5 мың теңге игерілген.
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге 48 733,1 мың теңге жұмсалған.
Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу бағдарламасы бойынша есеп беру кезеңіне қарастырылғаны 3 412,0 мың теңге толығымен игерілген.
Ауданда әлеуметтік тапсырыс шеңберінде инватакси қызметі жұмыс атқарады, облыстық бюджет есебінен бөлінген қаражат 4 510,0 мың теңге толығымен игерілген.
Әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру 10 015,0 мың теңгеге жұмсалған.
«Тұрғын үй–коммуналдық шаруашылық» бойынша 1 316 282,7 мың теңгені құраған.
«Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу, реконструкциялау» бағдарламасы бойынша 390 766,4 мың теңге құраған, игерілмеген 1 669,6 мың теңге үнемделген қаражат, оның ішінде:
- Балпық би ауылындағы 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысына (Нүсіпов к-сі) Ұлттық қоры бюджетінің есебінен 183 680,0 мың теңге бөлініп толығымыен игерілген, облыстық бюджет есебінен 48 575,0 бөлінді, кассалық орындалуы 48 459,0 мың теңге, игерілмеген 116,0 мың теңге үнемделген қаражат;
-Облыстық бюджет есебінен Балпық би ауылындағы 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысына ЖСҚ дайындау (Каблиса к-сі) – 10 420,0 мың теңге бөлініп, кассалық орындалуы 10 418,9 мың теңге; Балпық би ауылындағы 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысына ЖСҚ дайындауға (Мырзабекова к-сі) – 7 761,0 мың теңге бөлініп, кассалық игерілуі 7 135,9 мың теңге, игерілмеген 625,1 мың теңге үнемделген қаражат; Балпық би ауылындағы 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің құрылысына (Балпық к-сі,6А) - 140 000,0 мың теңге жоспарланып, кассалық игерілуі 139 090,2 мың теңге, игерілмеген 909,8 мың теңге үнемделген қаражат.
- аудандық бюджет есебінен Балпык би ауылында көп балалы отбасыларға 21 тұрғын үйдің құрылысы бойынша ЖСҚ-ны қайта санауға жоспар бойынша 2 000,0 мың теңге бөлініп 1 982,4 мың теңге игерілген, игерілмеген 17,6 мың теңге үнемделген қаражат.
«Инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және жайластыру бағдарламасы бойынша республикалық бюджет есебінен коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу» бағдарламасы бойынша жоспары 184 329,0 мың теңге, игерілген қаражат 170 191,2 мың теңге, немесе 92,3%, игерілмеген 14 137,8 мың теңге үнемделген қаражат. Оның ішінде:
-Ұлттық қоры бюджетінің есебінен Балпық би ауылындағы 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық жүйелерінің құрылысына (Нүсіпов к-сі) 36 713,0 мың теңге жоспарланған, кассалық игерілуі 33 024,1 мың теңге, игерілмеген 3 688,9 мың теңге үнемделген қаражат және облыстық бюджеттен 3 669,3 мың теңге жоспарланып толығымен игерілген;
-Ұлттық қоры бюджетінің есебінен Балпық би ауылының жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысына (жарықпен қамтамасыз ету) 103 991,0 мың теңге жоспарланды, кассалық игерілуі 93 542,4 мың теңге, игерілмеген 10 448,6 үнемделген қаражат және облыстық бюджет есебінен 10 393,6 мың теңге жоспарланып толығымен игерілген.
-облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен Балпық би ауылындағы 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық жүйелерінің құрылысына (Балпык би 6А к-сі) – 18 801,4 мың теңге жоспарланып толығымен игерілген; Балпық би ауылындағы 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық жүйелерінің құрылысына ЖСҚ дайындауға (Каблиса к-сі) – 7 139,7 мың теңге жоспарланып, кассалық игерілуі 7 139,5 мың теңге; Балпық би ауылындағы 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үйдің инженерлік коммуникациялық жүйелерінің құрылысына ЖСҚ дайындауға (Мырзабеков к-сі)- жоспар бойынша 1 370,0 мың теңге бөлініп толығымен игерілген.
-аудан бюджетінің есебінен Балпық би ауылында жоғары вольтты желілерді көшіруге ЖСҚ дайындауға 2 251,0 мың теңге жоспарланып, 2 250,9 мың теңге игерілген.
«Сумен жабдықтау және су бұру жұмыс істеуі» бағдарламасына 8 861,0 мың теңге жоспарланып, 8 858,3 мың теңге игерілді, оның ішінде Балпық би ауылы Мырзабеков, Измайлов және Шадрин көшесіндегі су құбыры желісіне ағымды жөндеуге жұмсалған.
«Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 1 400,0 мың теңге жоспарланған, кассалық игерілуі 1 400,0 мың теңге Көксу ауданының қоғамдық жиналу орындарын дезинфекциялық өңдеу жұмыстары атқарылған.
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша көп пәтерлі тұрғын үйдің ғимаратының астыңғы қабатын жылумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеуге 2 500,0 мың теңге жоспарланып, толығымен игерілген.
Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша 291 000,0 мың теңге бөлініп, 290 000,0 мың теңгеге игерілді, бөлінген қаражат Көксу ауданының Балпық би ауылында арық желілерін жайластыру жұмыстарына жұмсалған.
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» бойынша 316 763,6 мың теңге.
Аудандық мәдени-демалыс жұмысын қолдау үшін жоспарланған 213 261,0 мың теңге толығымен орындалып мәдениет үйлерді ұстауға жұмсалған.
Аудандық деңгейде спорттық жарыстар өткізуге қаралған қаражат 2 412,5 мың теңге жарысқа қатысушыларға сыйлықтар сатып алуға және жарыстарды ұйымдастыруға жұмсалған.
Әртүрлі спорт түрлері бойынша аудан құрама командыларының мүшелерін дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуына қаралған 8 076,2 мың теңге тікелей өз мақсаттарына жұмсалған.
Аудандық кітапхананың жұмыс істеуі бағдарламасы бойынша 38 179,1 мың теңге.
Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуға жоспарланған 1 082,0 мың теңге толығымен игерілген.
Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер 9 315,0 мың теңге.
«Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану» бойынша 16 812,2 мың теңге қаражат жұмсалды, қаражат Балпық би ауылындағы Ауэзов және Дарабоз ана көшелеріндегі блокты-модульдік қазандық құрылысына ЖСҚ дайындауға жұмсалған.
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» бойынша 116 642,2 мың теңге.
Мамандардың әлеуметтік көмек көрсетуі жөніндегі шараларды іске асыруға қаралған 34 076,5 мың теңге есебінен 45 маманға көтерем ақы, банкілік және операциялық қызметтер төленген.
Жердi аймақтарға бөлу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру бағдарламасы бойынша бөлінген 39 977,0 мың теңге Көксу ауданының елді мекендерінің жерлерін аймаққа бөлуге жұмсалып, толығымен игерілген.
Аудандардың, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру бағдарламасы бойынша ауылдық округтердің әкімшілік шекараларын орнатуға 1 450,0 мың теңге бөлініп толығымен игерілген.
«Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылыс қызметі» бойынша 30 132,2 мың теңге.
«Көлік және коммуникация» бойынша 594 358,5 мың теңге.
«Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 12 149,4 мың теңге қаражат игерілген.
«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 1 250,0 мың теңге жоспарланып толығымен атқарылған.
«Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді-мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша 569 617,4 мың теңгеге орындалған, қаражат аудан бойынша елді мекендердің көше жолдарын орташа жөндеуге жұмсалған. Бөлінген қаржы Көксу ауданы Айнабұлақ бекетінің Центральная көшесінің, Бесқайнар ауылының Жетісу көщесінің, Бозтоған аулының Жапсарбаев көшесінің, Қаратал ауылының Садовая көшесінің және Мұсабек ауылының көше жолдарын орташа жөндеуге жұмсалған.
Аудан бойынша IV деңгейлі бюджетіне 10 ауылдық округтер енгізілген, олар 10 бюджеттік бағдарлама әкімшісімен іске асырылған, функционалдық топтар бойынша шығындар құрамы мынадай:
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» 1 функционалдық тобы 295 701,0 мың теңге (жалпы шығыстардың 37,6%);
«Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық» 7 функционалдық тобы 432 663,0 мың теңге (55,0 %);
«Көлік және коммуникация» 12 функционалдық тобы 13 043,0 мың теңге (1,7 %);
«Басқалар» 13 функционалдық топ – 33 599,0 мың теңге (4,3%);
«Трансферттер» 15 функционалдық тобы 10 976,0 мың теңге (1,4 %).
Аудан бойынша IV деңгейлі бюджеті бойынша 10 ауылдық округтердің түзетілген жоспары 785 482,0 мың теңге құрады, кассалық игерілуі 7 754 68,4 мың теңге, немесе 98,7%, игерілмеген қаражат 10 013,6 мың теңге.
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Көксу ауданынына қарасты 8 мемлекеттік мекеме бойынша мемлекеттік аудит барысында бюджет есебіне жалпы сомасы 1 151,4 мың теңге өндірілді, 209 166,0 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды, олар:
- «Көксу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша бойынша өндірілуге жататын 175,8 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілді, қалпына келтірілуге жататын 195 369,3 мың теңге қалпына келтірілді;
- «Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 113,5 мың теңгесі бюджет есебіне өндірілді, қалпына келтірілуге жататын 1 438,8 мың теңге қалпына келтірілді;
- «Көксу ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 817,7 мың теңге бюджет есебіне өндірілді;
- «Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуге жататын 939,5 мың теңге қалпына келтірілді;
- «Көксу ауданының «Балпық би ауылыдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша өндірілуге жататын 44,4 мың теңге бюджет есебіне өндірілді, қалпына келтірілуге жататын 331,6 мың теңге қалпына келтірілді;
- «Көксу ауданының «Мұқаншы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша қалпына келтірілуге жататын 11 086,8 мың теңге қалпына келтірілді;
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген келесі мемлекеттік аудит объектілерінің 2 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды:
- «Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2022 жылғы 01 желтоқсанындағы №64-б-Ж/Қ бұйрығына сәйкес, аталған бөлімнің бас маманы А. Садуакасоваға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;
- «Көксу ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ басышысының 2022 жылғы 28 желтоқсанындағы №136-б н/қ бұйрығына сәйкес, аталған бөлімнің санақшысы А.Алимжановаға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылған;
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 5 мемлекеттік аудит объектісі бойынша жылпы саны 8 материал жолданды, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 5 лауазымды тұлға, 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар:
- «Көксу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі А. Кульжанова №НЖ хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 1-ші бұзушылық бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2-ші бұзушылық бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Көксу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы Ж.Бейсенбайға №НЖ хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Көксу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі А.Замзиноваға №НЖ хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Көксу ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысының м.а. Ж. Ноғайбайға №101 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Көксу ауданының «Балпық би ауылыдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі А. Тәкішке №097 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Көксу ауданының «Балпық би ауылыдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К.Кузбаевқа №098 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Көксу ауданының «Мұқаншы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің есепшісі М. Раеваға №099 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар:
Көксу ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелерін негізге ала отырып ҰСЫНАМЫН:
1) 2023 жылдың 15 наурызынан кешіктірмей аудан бойынша орын алған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмауға бағытталған шараларды қабылдап, тиісті жиын өткізіп нәтижесі бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты тексеру комиссиясына ұсынсын.
2) Бюджет есебіне өндірілуге жататын 1 370,8 мың теңгенің бюджет есебіне өндірілуін қамтамасыз етсін.