Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының 2024 жылғы 28 маусымдағы №03-47/13 қаулысымен бекітілген АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ I. Кіріспе бөлік
1.1. Аудиторлық іс-шараның атауы: Талдықорған қаласының жергілікті бюджетті жоспарлау, бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті. 1.2. Мемлекеттік аудиттің мақсаты: Талдықорған қаласының жергілікті бюджетті жоспарлау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі. 1.3. Мемлекеттік аудит объектілері:
1. «Талдықорған қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
3. «Талдықорған қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі;
4. «Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
5. «Талдықорған қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
6. «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
7. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
8. «Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау» мемлекеттік мекемесі;
9. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
10. «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
11. «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдер дамыту, дене шыңықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
12. «Талдықорған қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
13. «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
14. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
15. «Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
2
1.4. Мемлекеттік аудитпен қамтылған кезең: 2021 жылдың қаңтарынан бастап, 2022 жылдың желтоқсанын қоса алғандағы кезең (жекелеген мәселелер бойынша 2020 және 2023 жылдар қамтылды).
II. Негізгі (талдамалық) бөлік
2.1. Аудиттелетін саланың жай-күйін қысқаша талдау
«Талдықорған қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Талдықорған қалалық мәслихаттың 2021 жылғы 12 ақпандағы №10 шешімімен бекітілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.11.2017 жылғы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» №790 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №99 қаулысына сәйкес Алматы облысы әкімінің орынбасары Ж.Тұяқовтың 2022 жылғы 5 қаңтардағы №1716 хатының және Талдықорған қалалық мәслихатының 2021 жылғы 12 ақпандағы №10 шешімінің күші жойылды деп тану туралы қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 27 қаңтардағы №4 шешіміне сәйкес Талдықорған қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының күші жойылған.
Жетісу облыстық мәслихатының 23.11.2022 жылғы «Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» №12-35 шешімімен бекітіліп, Жетісу облысы әкімдігінің 22.12.2022ж. «Жетісу облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №138 қаулысы шыққан.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы №887 Жарлығына сәйкес Талдықорған қаласында әкімшілік орталығымен Жетісу облысы құрылды.
Қала құрамына 8 елді мекендер, 2 ауылдық округ кіреді:
- Талдықорған қаласы;
- Өтенай ауылдық округі (14,9 мың адам) - Өтенай ауылы, Мойнақ ауылы, Еңбек ауылы, Пригородное ауылы, Ынтымақ ауылы;
- Еркін ауылдық округі (19,0 мың адам) - Еркін ауылы, 3-ші бөлімше.
Аумақтың жалпы ауданы – 385,0 шаршы километр (38,5 мың гектар).
Қала және елді мекендердегі тұрғындар саны 01.01.2023 жылғы – 201,6 мың адам, 70-тен астам ұлттар мен халықтар тұрады, оның ішінде қазақтар – 153,9 мың адам немесе 76,3%, орыстар – 31,7 мың адам немесе 15,7%, кәрістер – 5,0 мың адам немесе 2,5%, татарлар – 2,9 мың адам немесе 1,4%, немістер – 2,2 мың адам немесе 1,1% және басқалар.
Тұрғындардың жалпы санынан қалалық тұрғындар 168,6 мың адам немесе 83,6%, ауыл тұрғындары 33,0 мың адам немесе сәйкесінше 16,4% құрайды.
2022 жылы орташа айлық жалақы 2021 жылмен салыстырғанда 17,0% – ға өсіп, 226 993 теңгені құраған (2021жылы – 194 091 теңге).
Бюджет
3
2023 жылы қалалық бюджет түсімдерінің жоспары 48 212 395,0 мың теңгені құрап, бюджетке нақты 48 181 262,8 мың теңге түсті немесе түзетілген бюджеттен 102,2%, бекітілген бюджеттен 99,9% орындалды.
Қалалық бюджеттің түсімдері 2022 жылмен салыстырғанда 15 894 179,7 мың теңгеге артқан. Оның ішінде; Салықтық түсімдер 7 678 467,5 мың теңгеге, Салықтық емес түсімдер 936 702,0 мың теңгеге трансферттік түсімдер 10 269 223,0 мың теңгеге, бюджеттік кредиттерді өтеу сомасы 213 577,7 мың теңгеге артық түскен, керісінше негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 229 824,5 мың теңгеге қарыздардың түсімдері – 2 973 966,0 мың теңгеге кеміген.
Түсімдердің негізгі бөлігі бұрынғыдай трансферттік түсімдер бойынша орын алған ол 2022 жылмен салыстырғанда 45,9% артқан. Сонымен қатар 2023 жылы салықтық түсімдер 475,6%, салықтық емес түсімдер 1434,9%, бюджеттік кредиттерді өтеу сомасы 148,1% 2022 жылмен салыстырғанда артық түскен.
Өнеркәсіп
Қалада 312 өнеркәсіптік кәсіпорындар тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 218, соның ішінде 13 ірі және орта кәсіпорындар.
Өнеркәсіп өнімін шығару көлемі 125 700 000,0 мың теңгені құраған (2021г-108 500 000,0 мың теңге), нақты көлем индексі – 104,4%.
2022 жылда тігін бұйымдарын шығаратын екі цех және «Bars Tehnologies» жауапкершілігі щектеулі серіктестігі газоблок шығару цехы іске қосылған, 119 жаңа жұмыс орны ашылған.
Қала құраушы кәсіпорындардың өнім өндіруі: «Темірбетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - 0,9% (101,1-ден 102,0 мың тонна), «JLC Сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 0,3%-ға (23,4-тен 23,5 мың тонна) ұлғайтылды.
2-і Қала құраушы кәсіпорындар бойынша өндіріс көлемінің төмендеуі орын алған «Кайнар АКБ» жауапкершілігі щектеулі серіктестігі – 4,6%-ға (3169,1-ден 3024,1 мың дана), «Метакон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 17,1%-ға (8,4-тен 7,0 мың тонна).
Өңдеуші өнеркәсіптегі инвестициялар 2022 жылы 2 973 800,0 мың теңгені құраған немесе 2021 жылдан 64,1%-ға кем (салыстырмалы бағада, 2021 жылы – 7 948 900,0 мың теңге).
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 27 700 000,0 мың теңгені құраған (2021 жылы – 27 300 000,0 мың теңге), нақты көлем индексі – 97,6%.
Мал шаруашылығында шошқадан басқа барлық мал түрлерінің, оның ішінде жылқы басы 19,5% - ға, ірі қара мал – 16,7% - ға, қой мен ешкі - 1,4% - ға, құс басы 14,6% - ға азайған.
Ет пен сүт өндірісі артқан, сонымен қатар жұмыртқа өндірісі 9,9% - ға төмендеген.
Шағын және орта бизнес
4
Есепті кезеңде 492 жұмыс орнымен 56 жаңа шағын және орта бизнес нысаны ашылған.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында жалпы сомасы 1 800 000,0 мың теңгеге 58 жобаның несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемелері субсидияланды, жалпы сомасы 1 000 000,0 мың теңгеге 80 жобаның несиелері бойынша ішінара кепілдік берілді.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 111 900 000,0 мың теңгені құрады немесе 2021 жылға салыстырмалы бағада 100,2% (2021 жылы – 86 500 000,0 мың теңге).
Инвестициялар және құрылыс жұмыстары
Қала экономикасына 75 000 000,0 мың теңге инвестициялар тартылды (2021 жылы 62 400 000,0 мың теңге), нақты көлем индексі 115,3% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 33 100 000,0 мың теңгені құрады (2021 жылы 24 800 000,0 мың теңге), нақты көлем индексі 140,6% құрады, 124,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген немесе 2021 жылмен салыстырғанда 89,7%, оның ішінде жеке құрылыс компаниялар есебінен Қаратал шағын ауданы, қаланың Оңтүстік-Батыс ауданы және Алдабергенов көшесі бойында жалпы ауданы 34,0 мың шаршы метрді құрайтын 281 пәтерлі 6 тұрғын үй пайдалануға берілген, тұрғындар есебінен 90,5 мың шаршы метр немесе 2021 жылға қарағанда 1,8 есеге өскен (2021жылы - 53,4 мың шаршы метр).
2022 жылы жалпы ауданы 104,6 мың шаршы метр 1292 пәтерлі 35 үйдің құрылысы жүргізілуде, 2023 жылға өтпелі (оның ішінде: 95,4 мың ш. м. 1184 пәтерлі 31 үй несиелік тұрғын үй, 9,2 мың ш.м. 108 пәтерлі 4 үйді жалға берілетін тұрғын үй).
Коммуналдық шаруашылық
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Ащыбұлақ саяжай қоғамында 11,5 км су құбыры желілері жұмыстары аяқталды, 2023 жылға өтпелі Қызыл тас (Красный камень) саяжай қоғамында 24,0 км сумен қамту желілерінің құрылысы жалғасуда.
2021 жылдан өтпелі Әлімжанов көшесі бойынша 3,0 км арық желілерінің құрылысы аяқталды.
«Мүшелтой» шағын ауданындағы № 25, 25а үйлерді жаңғырту жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар Ғарышкер шағын ауданыдағы (№15, 16, 17 үйлер) 3 лифтері ауыстырылды, 8 үйде 14 лифтті ауыстыру жұмыстары аяқталуда (Н.Назарбаев даңғылы 105, 124, 173, 173 А, Л.Асанов көшесі 84, Қаратал ш/ауд. №31, Жастар ш/ауд. №4, 5).
«Талдықорғанжылуервис» КМК кәсіпорынның өз қаражаты есебінен ұзындығы 5,6 км жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстары орындалды.
Жолдар
Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 661,3 км құрайды, оның ішінде қатты жабындысы бар – 509,2 км, қиыршық тасты – 132,3 км, топырақты – 19,8 км.
Қалада барлығы 418 көше бар, жалпы ұзындығы - 428 км (қатты жабындысы бар – 319,3 км, қиыршық тасты – 88,4 км, жабынсыз – 20,3 км).
5
Көпірлер саны – 9 бірлік (оның ішінде: автожол – 7 бірлік, жаяу жүргіншілер – 2 бірлік).
282 аялдама кешені бар.
2022 жылға жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуге және ұстауға 4,1 млрд.теңге бағытталды, ұзындығы 63,7 км 104 көшеде жұмыстар орындалды, оның ішінде:
- Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданынның №8, 9 ш/ауд. 0,5 км, Жастар-1 тұрғын ауданында 10,0 км және Солтүстік-Батыс тұрғын ауданында жолдар құрылысы;
- 29,5 км құрайтын 59 көшені орташа жөндеу және 23,7 км 25 көшені маршруттық тәсілмен күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Бұдан басқа, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Өтенай ауылында 11,3 млн.теңгеге 0,4 км жолды, Еркін ауылындағы Көктал тұрғын ауданда 10,7 млн. теңгеге 1,6 км жолды қиыршық таспен жабу бойынша жұмыстар орындалды.
Есепті кезеңде жалпы 12 аялдама кешенін орнату бойынша жұмыстар аяқталды.
2022 жылдың Ютонг маркалы 9 автобус сатып алынды («РИР СПК «Жетісу» АҚ арқылы).
Газбен жабдықтау
2017 жылы «Алматы-Талдықорған» 264,8 км ұзындығымен магистральды газ құбырының құрылысы аяқталды.
Қаланы газдандыру аясында 916,0 км астам аудан ішілік желілер салынды.
3-ші бөлімшесінің жеке тұрғын үй құрылысында 26,0 км газбен қамту желілерінің құрылысы аяқталды, 2023 жылға өтпелі Жастар-2 тұрғын ауданда 20,3 км және Ынтымақ ауылында 113,5 км желілердің құрылысы жалғасуда.
2023 жылдың 1 қаңтарына орталық газ құбырына 31 233 абонент қосылды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала
Есепті кезеңде 5404 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 2021 жылға – 93,9%.
Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 6889 адам өтініш білдірді, оның ішінде 4064 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру деңгейі 59,0% құрады (2021ж. – 80,3%).
2023 жылдың 1 қаңтарға жұмыспен қамту органдарында 116 жұмыссыз тіркелген, бұл 2021 жылдан 4 адамға немесе 3,6%-ға жоғары.
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,6-тен 4,7%-ға дейін, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 21,5-тен 23,1 мың адамға дейін немесе 7,4%-ға ұлғайды.
Мемлекеттік қолдау шараларымен 2157 адам қамтылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына - 61, жастар тәжірибесінен өтуге - 251, қайта оқытуға – 391, қоғамдық жұмыстарға – 1355, «Бірінші жұмыс орны» жобасы бойынша - 31 түлек. «Ұрпақтар келісім-шарты» жобасы бойынша - 4 адам жіберілді.
6
Жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін жалпы сомасы 78,4 млн.теңгеге 64 грант бөлінді.
Есепті кезеңде 2650 аз қамтылған отбасыға жалпы сомасы 1344,9 млн.теңгеге әлеуметтік төлемдер берілді.
Білім
Қалада 65 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 57 балабақша (оның ішінде 16 мемлекеттік, 41 жекеменшік) және 8 шағын орталық, 29 мемлекеттік және 3 жекеменшік мектеп, 1 кешкі мектеп, Назарбаев зияткерлік мектебі, 12 колледж және 1 жоғарғы оқу орны жұміс істейді.
Мектепке дейінгі білім беру саласында балабақшалар мен шағын орталықтарда жалпы сомасы 4109,0 млн.теңгеге мемлекеттік тапсырыс орналастырылған.
75 орынды 1 жекеменшік балабақша («Tik-Tak» ЖШС) және 4 балабақшада 80 орынды қосымша топтар (№45 «Арман» балабақшасы, «Мәулен Жан» ЖШС, «Нұр Ай» ЖШС) ашылды.
Нәтижесінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 98,0% дейін ұлғайды (2021ж.-97,3%).
Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде орын алу кезегінде 3 жастан 6 жасқа дейін 49 бала тіркелген (01.01.2022 ж. – 82).
Ұлттық бірыңғай тестілеуге 1003 түлек немесе жалпы түлектер санының 80,0% қатысты.
Төлебаев көшесі бойында 400 орынды 1 жекеменшік мектеп ашылды (125 Hihg school Taldyqorgan), қаланың Оңтүстік-Батыс ауданында 1200 орынды орта мектептің құрылысы, №6 орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Музыкалық колледж үшін 100 орынды жатақхана құрылысы аяқталуда, Ынтымақ ауылындағы 1200 орынды орта мектеп құрылысы жалғасуда.
Мәдениет және спорт
Қалада 23 мәдениет және мұрағат нысандары жұмыс істейді, оның ішінде 6 - мәдениет үйлері мен клубтар, 12 - кітапхана, 2 - мұражайлар, 1 - сурет галереясы, Б.Римова атындағы драма театры, Жетісу облыстық филармониясы, облыстық халық шығармашылығы және тарихи-мәдени мұраны қорғау орталықтары, 2 - мұрағат.
2022 жылы 1990 мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қалада 321 спорттық құрылымдар мен ғимараттар бар – «Жастар» спорт сарайы, ипподром, Теннис алаңы, екі спорт кешені және т.б.
Денсаулық сақтау
Қалада барлығы 64 медициналық мекеме қызмет етеді, оның ішінде 25 мемлекеттік, 39 жекеменшік (стоматологиялық кабинеттерді ескере отырып), онда 1367 дәрігер және 3547 орта медициналық персонал жұмыс істейді
Талдықорған қаласында 2023 жылға өтпелі жылдам салынатын модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жалғасуда (2 кезек).
Денсаулық сақтау саласында 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезден (60,9%-ға 4,6-дан 1,8-ге дейін), қан айналымы жүйесінен
7
(30,3%- ға 215,2-ден 149,9-ға дейін), қатерлі ісіктерден қайтыс болу азайды (7,4%-ға 101,0-ден 93,5-ке дейін) қатерлі ісіктердің ауруы (6,1%- ға -254,5-тен 238,9-ға дейін) қан айналымы жүйесінен ауру (0,6%- ға 2249,6-дан 2236,6-ға дейін), төмендеді.
Сонымен қатар, туберкулезбен ауыру (31,5%- ға – 27,0-ден 35,5-ге дейін) өсті.
Нәресте өлімі 1,9 есеге артты (2021ж. –7,17 немесе 31 жағдай, 2022ж. –13,46 немесе 53 жағдай, оның ішінде қала - 28). 1 ана өлімі тіркелді.
Құқық тәртібі
Криминогендік жағдай тіркелген қылмыстардың барлық желілер бойынша 8,2%-ға ұлғаюымен сипатталады (2119-ден 2293-ке дейін).
Қылмыстың жалпы ашылуы 56,7%-дан 40,2%-ға дейін азайды.
Есепті кезеңде 181 жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл 2021 жылдан 17,4%-ға төмендеді, соның салдарынан 321 адам зардап шекті.
Қала аумағын дамыту бағдарламасын іске асыруды, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік басқаруға бағытталған қызметті талдау барысында статистикалық деректерге және уәкілетті органдардың ақпаратына сәйкес талдау жасалынды.
Осы аудиторлық қорытындыда келесі қысқартулар жасалды:
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV «Бюджет кодексі» Бұдан әрі – Бюджет кодексі;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек кодексі» Бұдан әрі – Еңбек кодексі
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі» Бұдан әрі – Әкімшілік кодекс;
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы Бұдан әрі – Мемлекеттік саты алу туралы заң;
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» №234 Заңы Бұдан әрі – Бухгалтерлiк есеп туралы заң;
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» №413-IV Заңы Бұдан әрі – Мемлекеттік мүлік туралы заң;
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» №242 Заңы Бұдан әрі – Құрылыс қызметі туралы заң;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз №1127 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидалары» Бұдан әрі – №1127 Қағида;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік
8
бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптар» Бұдан әрі - №195 бұйрық;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 шiлдедегі «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» №633 бұйрығы - Бұдан әрі - №633 бұйрық;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» № 562 Бұйрығы Бұдан әрі - №562 бұйрық;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру» қағидалары Бұдан әрі - №648 Бұйрық;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығымен бекітілген «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларының» Бұдан әрі - №229 Бұйрық;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидасы» Бұдан әрі - №393 Бұйрық;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары» Бұдан әрі - №281 Бұйрық;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомы» Бұдан әрі - №390 Бұйрық;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидалары» Бұдан әрі - №468 Бұйрық;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» бұйрығында атап көрсетілген «Азаматтық-құқықтық мәмілені міндетті тіркеуді талап ететін шығыстардың түрлері» Бұдан әрі - №30 Бұйрық;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары» Бұдан әрі - №511 Бұйрық;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидалары» Бұдан әрі - №540 Бұйрық;
9
2.2. Аудиторлық іс-шаралардың негізгі нәтижелері.
Талдықорған қаласы бойынша бюджет қаражаты есебінен салалар бойынша қарастырылған қаражат 10 165 987,1 мың теңге мемлекеттік аудитпен қамтылды.
Аудит нәтижелері, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 8 611 504,1 мың теңгені құрады.
Оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар 236 534,3 мың теңге (қалпына келтіруге жатқызылатыны 211 640,6 мың теңге, бюджет есебіне өндірілуге жататыны 24 893,7 мың теңге);
2) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 291 144,5 мың теңге;
3) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 8 083 825,3 мың теңге;
4) Жіберіліп алған пайда – 251 994,8 мың теңге;
5) Рәсімдік бұзушылықтар – 130 дана.
Талдықорған қаласының жергілікті бюджетті жоспарлау, бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігі аудиторлық іс-шарасымен келесі бұзушылықтар анықталды:
1. «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1.1. Бюджет кодексінің және №195 бұйрықтың талабына сәйкес әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша түпкілікті нәтиже, тікелей нәтиже қажет болған жағдайда бюджеттік бағдарлама тиімділігі айқындалып бюджеттік бағдарлама бекітілуі тиіс.
1-Тармақ. Осылайша Бюджет кодексінің 3 бабының 1 тармағының 70 тармақшасының, 4 баптың 1 бөлігі 12 тармақшасының, 32 баптың 2 тармағының және № 195 бұйрықтың 6 тармағының 8 тармақшасының талаптары сақталмай бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті нәтижелері айқындалмай, 2021 жылы мекеме 76 138,3 мың теңге бюджет қаражатын 2022 жылы 120 037,8 мың теңге бюджет қаражатын жоспарлаған. 1.2. Бюджет кодексінің 4 бабының 1 бөлігі 9 тармағына сәйкес негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану және 12 тармағына сәйкес тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қажеттілігі айқындалған.
2-Тармақ. Алайда Бюджет кодексінің 4 бабы 1 бөлігі 9 және 12 тармақшаларының талаптары сақталмай 2021 жылы 001 «Аудан (облыстық
10
маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасының 149 және 159 ерекшеліктеріне 53 619,0 мың теңге қаражат жоспарланып аталған қаражаттар сұралған мақсаттарға қолданылмай 001 бағдарламаның 112 ерекшелігіне ауыстырылып сыйақы төлеу мақсаттарына жұмсалған. Дәл осылай 2022 жылы 111, 149, 159 ерекшеліктерінен 93 034,7 мың теңге жоспарланып аталған қаражаттар сұралған мақсаттарға қолданылмай сыйақы беру шығындарына жұмсалған.
1.3. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның және 2021 жылдың 06 қыркүйегіндегі №6222111-ЗЦП1 Бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2021 жылдың 16 қыркүйегінде моноблоктар сатып алу бойынша жалпы сомасы 8 040,0 мың теңгеге «Алмас» жеке кәсіпкерімен №55 келісім шартын жасасқан.
Келісім шартыттың 1 қосымшасына сәйкес тауарды жеткізу мерзімі келісім шарт қазынашылықта тіркелген күннен бастап (қазынашылық органда 2021 жылдың 20 қыркүйегінде тіркелген) 16 күнтізбелік күн болып айқындалған, яғни 2021 жылдың 06 қазаны.
Мердігер тарапынан 8 040,0 мың теңгеге №79 жүкқұжатымен 2021 жылдың 15 қазанында немесе 14 күнтізбелік күнге кешіктіріп тауарды жеткізіп берген.
3-Тармақ. Аталғанға қарамастан Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 43 бабы 24 тармағының және 2021 жылдың 06 қыркүйегіндегі №55 келісім шарттың 7.3 тармағының талаптары сақталмай мекеме тарапынан «Алмас» жеке кәсіпкерінен келісім шарт бойынша кешіктірген 14 күнтізбелік күнге 64,3 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша шаралар қабылданбаған.
4-Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша мекеме тарапынан Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабы сақталмай «Алмас» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
1.3. Бюджет кодексінің 69 – бабының 1 тармағына сәйкес Заттай нормалар – қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштерін білдіреді. Бюджет кодексінің 69 – бабының 2 тармағына сәйкес заттай нормалар орталық мемлекеттік органмен әзірленеді және бекітіледі делінген осылайша № 633 Бұйрыққа сәйкес заттай нормалар бекітілген.
5-Тармақ. мекеме тарапынан № 633 бұйрықтың талаптары бойынша көзделмеген моноблоктарды сатып алуға 9 380,0 мың теңге жұмсаған бұл өз кезегінде Бюджет кодексінің 4 бабының 1 қайырмасының 9 тармақшасымен көзделген негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының
11
заңнамасына сәйкес пайдалану бұзыла отырып 9 380,0 мың теңге қаражат тиімсіз жұмсалған.
1.4. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының және 2021 жылдың 15 сәуіріндегі №5585399 – ОК2 Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2021 жылдың 30 сәуірінде Талдықорған қаласы Қаратал шағын ауданының аймағындағы Қаратал өзенінде суағар қабырғаларды құрумен бірге оң қорғаныс бөгеті жағалауын күшейту жұмыстары бойынша жалпы сомасы 250 932,3 мың теңгеге «TOLAGAI-2050» ЖШС–мен №20 келісім шартын жасасқан.
Мердігер тарапынан 250 932,1 мың теңгеге өткізілген атқарылған жұмыстар анықтамалары және жұмыстар мен шығындар құны туралы анықтамасы (2-В және КС-3 нысандары) қағаз жеткізгіште өткізілген. Ал вэб-портал арқылы тек атқарылған жұмыстар актісі (Ж-1 нысаны (Р-1)) тіркелген.
№562 Бұйрықтың 50 – қосымшасына сай Ж-1 нысаны Құрылыс-монтаж жұмыстарын қоспағанда, жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) өткізу - қабылдап алу үшін қолданылады.
6-Тармақ. Мердігер тарапынан Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңының 43 бабының 26 тармағының, № 648 бұйрықтың 2 параграф 538 тармағының талаптары сақталмай, № 229 бұйрықпен бекітілген «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларының» 3 қосымшасымен бекітілген үлгі бойынша жасалған жұмыстарды атқарғаны туралы актілер вэб-портал арқылы жіберілмеген.
2. «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесі бойынша:
2.1. Бюджет кодексінің және №195 бұйрықтың талабына сәйкес әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша түпкілікті нәтиже, тікелей нәтиже қажет болған жағдайда бюджеттік бағдарлама тиімділігі айқындалып бюджеттік бағдарлама бекітілуі тиіс.
7-Тармақ. Осылайша Бюджет кодексінің 3 бабының 1 тармағының 70 тармақшасының, 4 баптың 1 бөлігі 12 тармақшасының, 32 баптың 2 тармағының және № 195 бұйрықтың 6 тармағының 8 тармақшасының талаптары сақталмай бюджеттік бағдарламалар бойынша түпкілікті нәтижелері айқындалмай, 2021 жылы мекеме 20 782,1 мың теңге бюджет қаражатын 2022 жылы 26 328,2 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлаған. 2.2. Бюджет кодексінің 4 бабының 1 бөлігі 9 тармағына сәйкес негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану және 12 тармағына сәйкес тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін
12
пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қажеттілігі айқындалған.
8-Тармақ. Алайда Бюджет кодексінің 4 бабы 1 бөлігі 9 және 12 тармақшаларының талаптары сақталмай 2021 жылы 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасының 159 ерекшелігі бойынша 12 298,0 мың теңге, 009 «Елді мекендерді санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасының 159 ерекшелігі бойынша 144,0 мың теңге және 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасының 159 ерекшелігі бойынша 175,8 мың теңге артық тиімсіз жоспарланған қаражат барлығы 12 617,8 мың теңге қаражат жоспарланып аталған қаражаттар сұралған мақсаттарға қолданылмай 001 бағдарламаның 112 ерекшелігіне ауыстырылып сыйақы төлеу мақсаттарына жұмсалған. Дәл осылай 2022 жылы 001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасының 149, 152 және 159 ерекшеліктерінен 17 244,9 мың теңге, 008 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасының 159 ерекшелігі бойынша 3 338,0 мың теңге, 011 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасының 159 ерекшелігі бойынша 941,0 мың теңге және 022 «Мекеменің күрделі шығыстары» бағдарламасының 159 ерекшелігі бойынша 50,0 мың теңге барлығы 21 573,9 мың теңге жоспарланып аталған қаражаттар сұралған мақсаттарға қолданылмай сыйақы беру шығындарына тиімсіз жұмсалған.
2.3. Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағының талабы бойынша бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді делінген және №393 бұйрықтың 2 тарауының 4 тармағына сәйкес қаржы жағдайы, қаржы жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты болып табылады делінген.
9-Тармақ. Алайда Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағының және №393 бұйрықтың 2 тарау 4 тармағының талаптары сақталмай 2021 жылдың сәуір, қазан, қараша, желтоқсан айлары бойынша Қазынашылықтың 5-15А нысандары жинақталмаған.
2.4. «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесі мен «TN stroi Group» ЖШС–і арасында 2021 жылдың 22 қарашасында «Көгалдандыру жұмыстары (ағаш көшеттерін отырғызу) қызметтері» нысаны бойынша Көктал шағын ауданындағы саябаққа жалпы сомасы 1 357,0 мың теңгеге №91 келісім шартын жасасқан. Келісім шарттар бойынша міндеттемелер толығымен орындалған, орындалған жұмыстар актісімен қабылданып алынған.
10-Тармақ. Бюджет кодексінің 116 бабының, №393 бұйрықтың 236, 243, 244 – тармақтарының талаптары және №281 бұйрықтың 16 тармағының
13
талаптары басшылыққа алынбай 1 357,0 мың теңгенің өнімі бухгалтерлік есепке өзге негізгі құралдар ретінде алынбаған.
2.5. Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағының талабы бойынша бухгалтерлік есепке алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен және есепке алу саясатымен регламенттелген мемлекеттік мекемелердің операциялары туралы ақпаратты жинаудың, тіркеудің және жинақтаудың тәртіпке келтірілген жүйесін білдіреді делінген
11-Тармақ. Бюджет кодексінің 116 бабының 1 тармағы, №393 бұйрығының 116 және 118–тармақтарының талаптары сақталмай Мекеменің 2021 жылдың қаржылық есептілігін жасауында 2022 жылдың 01 қаңтарына өткізілген жылдық қорытынды теңгерімінде есеп айырысу актісі басшылыққа алынбай 1 025,2 мың теңгенің кредиторлық қарызы бухгалтерлік баланстың 215 жолында жабдықтаушылармен мердігерлер алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек ретінде көрсетілмегені анықталды.
2.6. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы және 2021 жылдың 15 наурызындағы №5375493 – ОК3 Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2021 жылдың 09 сәуірінде Еркін ауылдық округінің Көктал шағын ауданындағы қосымша көшелерді жарықтандыру құралдарын орнату жұмыстары бойынша жалпы сомасы 43 679,1 мың теңгеге «Алматықалажарық» акционерлік қоғамыен №31 келісім шартын жасасқан.
Келісім шарт қазынашылық органда 2021 жылдың 09 сәуірінде тіркелген. Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай қызметтер мерзімі келісім шарт қазынашылық органда тіркелген күннен бастап 1,5 ай болып айқындалған.
«Алматықалажарық» акционерлік қоғамы келісім шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерін 30 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны анықталды.
12-Тармақ. Аталғанға қарамастан Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 43 бабы 24 тармағының және 2021 жылдың 09 сәуірінде келісім шарттың 8.3 тармағының талаптары сақталмай мекеме тарапынан «Алматықалажарық» акционерлік қоғамынан келісім шарт бойынша кешіктірген 30 күнтізбелік күнге 800,4 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша шаралар қабылданбаған.
13-Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша мекеме тарапынан Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабы сақталмай «Алматықалажарық» акционерлік қоғамын мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
2.7. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы және 2022 жылдың 13 шілдесіндегі №7833716 – ОК1 Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2022 жылдың 25 шілдесінде Еркін ауылдық округінің ұзындығы 3,355 км көше жарығының тіректерін орнату жұмыстары бойынша жалпы сомасы 47 411,4 мың теңгеге «Талдықорған
14
акционерлік электрожүйелерінің тасымалдау компаниясы» Акционерлік қоғамымен №53 келісім шартын жасасқан.
Мердігер тарапынан 47 411,4 мың теңгеге 2022 жылдың қазан айына атқарылған жұмыстар анықтамалары және жұмыстар мен шығындар құны туралы анықтамасы (2-В және КС-3 нысандары) қағаз жеткізгіште өткізілген. Ал вэб-портал арқылы тек атқарылған жұмыстар актісі (Ж-1 нысаны (Р-1)) тіркелген.
№562 Бұйрықтың 50 – қосымшасына сай Ж-1 нысаны Құрылыс-монтаж жұмыстарын қоспағанда, жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) өткізу - қабылдап алу үшін қолданылады.
14-Тармақ. Мердігер тарапынан Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңының 43 бабының 26 тармағының, № 648 бұйрықтың 2 параграф 538 тармағының талаптары сақталмай, № 229 бұйрықпен бекітілген «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларының» 3 қосымшасымен бекітілген үлгі бойынша жасалған жұмыстарды атқарғаны туралы актілер вэб-портал арқылы жіберілмеген.
2.8. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның және 2022 жылдың 16 тмызындағы №8135798-ЗЦП1 Бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2022 жылдың 17 тамызында Еркін ауылдық округінің ұзындығы 3,355 км көше жарығының тіректерін орнату нысаны бойынша авторлық қадағалау қызметтеріне жалпы сомасы 336,0 мың теңгеге «Astana Technical Supervision Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен №60 келісім шартын жасасқан.
15-Тармақ. Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңының 43–бабы 9–тармағының және келісім шарттың 3.1 тармағының 2 тармақшасының талаптары сақталмай өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын енгізбеген. Және тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын енгізу мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы осы шартты бұзу ниеті туралы хабарлама жібермеген және осы шартты бұзу туралы хабарлама жіберемеген.
2.9. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы және 2022 жылдың 09 тмызындағы №8098454-ЗЦП1 Бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2022 жылдың 10 тамызында Еркін ауылдық округінің көше жарықтандыру тіректерін орнату нысаны бойынша авторлық қадағалау қызметтеріне жалпы сомасы 267,0 мың теңгеге «Qazexpert tehnadzor» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен №59 келісім шартын жасасқан.
16-Тармақ. Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңының 43–бабы 9–тармағының және келісім шарттың 3.1 тармағының 2 тармақшасының талаптары сақталмай өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу
15
туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын енгізбеген. Және тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын енгізу мерзімі өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы осы шартты бұзу ниеті туралы хабарлама жібермеген және осы шартты бұзу туралы хабарлама жіберемеген.
2.10. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңы және 2022 жылдың 19 сәуіріндегі №6873116 – ОК1 Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2022 жылдың 21 сәуірінде «Еркін ауылындағы футбол алаңына арналған спорт алаңын абаттандыру» нысаны бойынша жобалау–сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары бойынша жалпы сомасы 2 852,1 мың теңгеге «Санжар Проект Сервис» ЖШС–мен №34 келісім шартын жасасқан.
Келісім шарт қазынашылық органда 2022 жылдың 25 сәуірінде тіркелген. Келісім шартыттың 1 қосымшасына сай қызметтер мерзімі келісім шарт қазынашылық органда тіркелген күннен бастап 3 ай болып айқындалған.
17-Тармақ. Аталғанға қарамастан Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 43 бабы 24 тармағының және 2021 жылдың 21 сәуіріндегі келісім шарттың 8.3 тармағының талаптары сақталмай мекеме тарапынан «Санжар Проект Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен келісім шарт бойынша кешіктірген 13 күнтізбелік күнге 18,2 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша шаралар қабылданбаған.
18-Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша мекеме тарапынан Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабы сақталмай «Санжар Проект Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
3. «Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
3.1. №393 бұйрықтың 236-тармағының талаптары және №281 бұйрықтың 16 тармағының талаптары басшылыққа алынбаған.
19-Тармақ. №393 бұйрықтың 236-тармағының талаптары және №281 бұйрықтың 16 тармағының талаптары басшылыққа алынбай 2021 жылы 470,0 мың теңгеге алынған стендтер бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде алынбағаны анықталды.
3.2. Бюджет кодексінің 4 бабының 1 бөлігі 9 тармағына сәйкес негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану қажеттілігі айқындалған.
Аудитпен қамтылған кезеңде 2021 жылы «Талдықорған қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жалпы 235 207,0 мың
16
теңге жоспарланып нақты 164 991 мың теңге игерілген, оның ішінде мемлекеттік мұқтажды үшін жер учаскелерін алып қою бағдарламасы бойынша 183 731,0 мың теңге жоспарланып нақты 103 730,7 мың теңге игерілген.
20-Тармақ. Осылайша Бюджет кодексінің 4 бабының 1 бөлігі 9 тармағының талаптары сақталмай 2021 жылы 016 «Мемлекеттік мұқтажды үшін жер учаскелерін алып қою» бюджеттік бағдарлама бойынша жоспарланған іс-шаралар толық орындалмай 80 000,0 мың теңге бюджет қаражаты пайдаланылмай тиімсіз жоспарланылуына жол берілген. 3.3. Бюджет кодексінің 4 бабының 1 бөлігі 9 тармағына сәйкес негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану және 12 тармағына сәйкес тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қажеттілігі айқындалған.
21-Тармақ. Алайда Бюджет кодексінің 4 бабы 1 бөлігі 9 және 12 тармақшаларының талаптары сақталмай 2021 жылы 001 бағдарламасының 149 басқа керек-жарақтарды сатып алу ерекшелігі бойынша 1934,4 мың теңге жоспарланып нақты игерілгені 804,4 мың теңге, 159 басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу ерекшелігі бойынша 18 149,0 мың теңге жоспарланып нақты игерілгені 6 244,3 мың теңгені құраған, 13 034,7 мың теңге артық жоспарланған. 2022 жылы 001 бағдарламасының 149 басқа керек-жарақтарды сатып алу ерекшелігі бойынша 3 442,5 мың теңге жоспарланып нақты игерілгені 1 240,0 мың теңге, 159 басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу ерекшелігі бойынша 12 490,0 мың теңге жоспарланып нақты игерілгені 1 797,9 мың теңге және 016 мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою ерекшелігі бойынша 10 000,0 мың теңге жоспарланып игерілмеген, яғни 22 894,6 мың теңге. Екі жылда 35 929,3 мың теңге артық жоспарланып аталған қаражаттар сұралған мақсаттарға қолданылмай сыйақы беру шығындарына тиімсіз жұмсалған
4. «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
4.1. №393 бұйрықтың 236-тармағының талаптары және №281 бұйрықтың 16 тармағының талаптары басшылыққа алынбаған.
22-Тармақ. №393 бұйрықтың 236-тармағының талаптары және №281 бұйрықтың 16 тармағының талаптары басшылыққа алынбай 2021 жылы 290,0 мың теңгеге алынған стендтер бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде алынбағаны анықталды. 4.2. Бюджет кодексінің 4 бабының 1 бөлігі 9 тармағына сәйкес негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе
17
шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану және 12 тармағына сәйкес тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қажеттілігі айқындалған.
23-Тармақ. Алайда Бюджет кодексінің 4 бабы 1 бөлігі 9 және 12 тармақшаларының талаптары сақталмай 2021 жылы 001 бағдарламасының 149 басқа керек-жарақтарды сатып алу ерекшелігі бойынша 2 025,0 мың теңге жоспарланып игерілмеген, 159 басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу ерекшелігі бойынша 6 576,8 мың теңге жоспарланып нақты игерілгені 3 285,5 мың теңге және 004 мемлекеттік органның күрделі шығыстары ерекшелігі бойынша 1 450,0 мың теңге жоспарланып игерілмеген, яғни 6 766,3 мың теңге артық жоспарланған. 2022 жылы 001 бағдарламасының 149 басқа керек-жарақтарды сатып алу ерекшелігі бойынша 1 677,0 мың теңге жоспарланып игерілмеген, 159 басқа қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу ерекшелігі бойынша 2 650,5 мың теңге Екі жылда 10 753,8 мың теңге артық жоспарланып аталған қаражаттар сұралған мақсаттарға қолданылмай сыйақы беру шығындарына тиімсіз жұмсалған
4.3. Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі мемлекеттік мекемесіне өнеркәсіп секторының меңгерушісі лауазына Кумысбек Біржан Бауыржанұлы 2021 жылғы 02 тамыздағы №10ж/қ бұйрығымен тағайындалған. 24-Тармақ. №1127 Қағидасының 4 тармағының 2 тармақшасының талаптары сақталмай, тамыз айында Кумысбек Біржан Бауыржанұлына 123,3 мың теңге сыйақы төленген.
4.3. №393 бұйрықтың 175 тармағының 2 қайырмасына сәйкес Айдың бірінші жартысына қызметкерлерге еңбек ақысының 50%-ы мөлшерінде аванс берілуі мүмкін, бұл сомадан Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұстауға жататын салықтар сомасы алынып тасталады делінген Еңбек кодексінің 115 бабының 2 тармағының 3 тармақшасында жалақы есебінен жұмыскерге берілген жұмыс істелмеген авансты өтеу үшін жалақыдан ұсталады делінген.
25-Тармақ. Алайда 2021 жылдың қараша айында 3 азаматтық қызметшіге 2022 жылдың сәуір айында 3 азаматтық қызметшіге берілген жалпы сомасы 375,7 мың теңге аванс аталған азаматтық қызметшілердің еңбек ақыларынан ұсталмаған.
5. «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
5.1. Бюджет Кодексінің 4 бабын 9 тарамағы (негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік
18
құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану делінген. Ал Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңының 1 бабының 4-2 тармағы «мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру – мемлекеттік органның құзыретіне сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау процесі» және 4-2 бабының 4 тармағы «мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өздерінің интернет-ресурстарында орналастырады» делінген.
26-Тармақ. Алайда 2021-2022 жылдары «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігімен 001 бюджеттік бағдарламасы 159 ерекшелік бойынша «Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа аманат бағдарламасы» және «Қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық және өскелең ұрпақты тәрбиелеу - ардагерлердің адамгершілігінің негізі» тақырыптары бойынша іс-шараларды ұйымдастыру мекеменің 2021-2022 жылдары жұмыс жоспарында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарына жоспарлау процесі жүргізілмей жалпы сомасы 22 321,5 мың теңге тиімсіз жоспарланған.
27-Тармақ. 2021-2022 жылдары 155 (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу) ерекшелікке жоспарлау кезінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптарын жоспарлау процесі жүргізілмей 2021 жылы 15 326,0 мың теңге 2022 жылы 24 053,2 мың теңге жалпы сомасы 39 379,2 мың теңге қаражат тиімсіз жоспарланған.
5.2. 2022 жылдың 9 және 20 желтоқсандарында жеке кәсіпкер «Чернышова» - мен полиграфиялық қызметтер көрсету үшін, жалпы сомасы 3 384,5 мың теңгеге №55 және №45 келісім шарттарға отырып қаражаттар шығысталған.
28-Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 13 быбының 3 тармағының, 39-бабының 2 және 3) тармақтарында және 41-бабында көзделген негіздерсіз полиграфиялық қызметтер көрсету үшін мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған.
29-Тармақ. № 30 Бұйрықтың талаптары орындалмай жоғарыда атап көрсетілген №45, 55 келісім-шарттары қазынашылықтың аумақтық органыда тіркелмеген.
6. «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша: 6.1. Бюджет кодексінің 4 бабының 1 бөлігі 9 тармағына сәйкес негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе
19
шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану және 12 тармағына сәйкес тиімділік қағидаты – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең үздік тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдаланып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу қажеттігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару қажеттілігі айқындалған.
30-Тармақ. Алайда Бюджет кодексінің 4 бабы 1 бөлігі 9 және 12 тармақшаларының талаптары сақталмай 2021 жылы 001 бюджеттік бағдарлама 111, 113 және 159 ерекшеліктер бойынша 10 972,0 мың теңге қаражат жоспарланып аталған қаражаттар сұралған мақсаттарға қолданылмай 001 бағдарламаның 112 ерекшелігіне ауыстырылып сыйақы төлеу мақсаттарына жұмсалған. Дәл осылай 2022 жылы 001 бағдарлама 111, 149, 159 ерекшеліктерінен 18 979,9 мың теңге жоспарланып аталған қаражаттар сұралған мақсаттарға қолданылмай сыйақы беру шығындарына тиімсіз жұмсалған.
6.2. № 393 бұйрықтың және № 390 бұйрығықтың талабына сәйкес Мекеменің материалдық жауапты тұлғаларамен Толық материалдық жауапкершілік (үлгі) туралы шарт жасалуы тиістігі айқындалған.
31-Тармақ. Мекеме тарапынан №393 бұйрықтың 2 тарауының 19 тармағының және №390 бұйрықтың 37 қосымшасының талаптары сақталмай Мекеменің материалдық жауапты тұлғаларамен Толық материалдық жауапкершілік (үлгі) туралы шарт жасалынбаған.
6.3. 2021 жылдың 06 сәуірінде мекеме «Энерджи-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 008 бюджеттік бағдарлама 159 ерекшелік бойынша Өтенай ауылдық округі Өтенай ауылының 7 көшесінің, Пригородное ауылының 1 көшесі және Мойнақ ауылының 1 көшесінің түнгі жарық шамдарының құрылғысын салу жұмыстарын жүргізу үшін, жалпы сомасы 49 246,1 мың теңгеге № 43 келісім-шарт жасалған.
32-Тармақ. Алайда, түнгі жарық шамдарының құрылғысын салу жұмыстарын жүргізу барысында Өтенай ауылының 2 көшесінің жарықтарын «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы 2020 жылы жасалып кеткендігі анықталып. Бұл тарапта мекеме қызметкерлері тарапынан Бюджет Кодексінің 4 бабын 9 тарамаға негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану) сақтамау нәтижесінде 2021 жылдың қаржыландыру жоспарына қойылып жалпы сомасы 10 868,1 мың теңге тиімсіз жоспарланған.
20
Осы келісім-шарт бойынша орындалу мерзімі келісім шарт жасалғаннан бастап 2 ай іші деп келісім-шарттың бірінші қосымшасында көрсетілген, яғни жұмысты аяқтау 2021 жылы маусым айының 6 болып белгіленген. 2021 жылдың 14 желтоқсанында немесе келісім шарт орындалуы 6 ай өтіп кеткеннен кейін немесе 2021 жылы 14 желтоқсанда негізгі келісім шартқа қосымша келісім жасалып жұмыстардың орындалу мерзімі 2021 жылдың соңына дейңн деп айқындалған. Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 46 бабының 1 тармағына сәйкес. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгенінен кейін күшіне енеді делінген.
33-Тармақ. Алайда Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 46 бабының 1 тармағының талаптары сақталмай жоғары көрсетілген қосымша келісім қазынашылық органдарында тіркеуден өтпеген.
34-Тармақ. Осылайша Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 43 бабының 24 тармағы сақталмай және келісім шартың 8.3 тармағына сәйкес белгіленген мерзімді бұзғаны үшін әрбір мерзімі өткен күніне шарттың орындамаған мөлшерінің 0,1 пайыз көлемінде тұрақсыздық айыппұл немесе тұрақсыздық айыбының жалпы сомасы Шарттың жалпы сомасынаң 10 % (пайызы) артық болмауы тиіс. Бұл ретте 0,1 % пайыз тұрақсыздық айыппұл Шарттың жалпы сомасынаң 10 пайызынан асып тұрғандықтан 10 пайызы 4 924,6 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өндірілмеген.
35-Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша мекеме тарапынан Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабы сақталмай «Энерджи-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
6.4. 2021 жылы 01 сәуірде «Жылжымалы механикаландыру колонасы - 105» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 011 бюджеттік бағдарлама 159 ерекшелік бойынша Өтенай ауылдық округінің Еңбек селосындағы тало-жаңбыр суының ағызу желісін орнату жұмыстарын жүргізу үшін, жалпы сомасы 32 943,9 мың теңгеге № 41 келісім-шарт жасалып, шығысталған. Орындау мерзімі келісім-шарт жасалғаннан бастап 3,5 ай ішінде деп көрсетілген, яғни аяқтау мерзімі қазнашылық тіркеуде 2021 жылдың 20 шілде болып анықталған. 2021 жылғы 21 шілдедегі техникалық кеңес отырысы болып 2 айға созу хаттамасы толтырылған. 2021 жылы 29 шілдеде № 41 негізгі келісім-шартқа Мемлекеттік сатып алу заңын 45 бабының 2 тармаға 4 тармақшасын негізге ала отырып 2 айға созу үшін №01 қосымша келісім-шарт жасалған, яғни аяқтау мерзімі қазнашылық органдарының тіркеуінде 2021 жылдың 30 қыркүйегі болып анықталған. Объекті 2021 жылғы 18 қазандағы төлем шотымен 5 209,4 мың теңге төленіп 18 күнге кешіктіріп қабылдап алынған.
36-Тармақ. Алайда Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 43 бабының 24 тармағы сақталмай және келісім шартың 8.3 тармағына сәйкес белгіленген мерзімді бұзғаны үшін әрбір мерзімі өткен күніне шарттың орындамаған мөлшерінің 0,1 пайыз көлемінде тұрақсыздық айыппұл немесе
21
18 күнтізбелік күнге 303,1 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өндірілмеген.
37-Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша мекеме тарапынан Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабы сақталмай «Жылжымалы механикаландыру колонасы - 105» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
6.5. 2021 жылы 13 сәуірде «Жетысу Роудс Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 040 бюджеттік бағдарлама 159 ерекшелік бойынша Өтенай ауылдық округі көшелерінің қиыршық тас жабынымен ағымдағы жөндеу үшін, жалпы сомасы 5 062,4 мың теңгеге № 49 келісім-шарт жасалған. Орындау мерзімі келісім-шарт жасалғаннан бастап 1 (бір) ай ішінде деп көрсетілген, яғни айяақтау мерзімі 2021 жылдың 14 мамыр айы болып анықталған. Бұдан әрі, 2021 жылы 30 сәуірінде № 49 негізгі келісім-шартқа Мемлекеттік сатып алу заңын 45 бабының 2 тармаға 3 тармақшасын негізге ала отырып 11 250,0 мың теңгеге ұлғайтып № 01 қосымша келісім-шарт жасалған. 2021 жылғы 18 мамырдағы қалдық сомасы 6 187,5 мың теңге жұмыстарды орындау актісімен 4 күнтізбелік күнге кешіктіріліп жұмыстар қабылданып алынған.
38-Тармақ. Алайда Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 43 бабының 24 тармағы сақталмай және келісім шартың 8.3 тармағына сәйкес белгіленген мерзімді бұзғаны үшін әрбір мерзімі өткен күніне шарттың орындамаған мөлшерінің 0,1 пайыз көлемінде тұрақсыздық айыппұл немесе 4 күнтізбелік күнге 24,7 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өндірілмеген.
39-Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша мекеме тарапынан Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабы сақталмай «Жетысу Роудс Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
7. «Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
7.1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы №423 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларының» талаптарына сәйкес белгіленген мерзімдерде мекеме мүліктеріне түгендеу жүргізілуі тиіс.
40-Тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы №423 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларының» 2, 3) тармақтарының талаптары сақталмай мекемеде аудитпен қамтылған кезеңде мекеме мүлкіне мүлде түгендеу жұмыстары жүргізілмегені анықталған.
7.2. 2021 жылғы 23 ақпандағы мекеме «Айман» жеке кәсіпкерімен 262,0 мың теңге сомасына компьютер жиынтығын сатып алуға №7 қағаз түрінде келісім шартқа отырған.
22
41-Тармақ. Мекеме Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 39-бабының 2 және 3) тармақтарында және 41-бабында көзделген негіздерсіз компьютер жиынтығын сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған.
7.3. № 393 бұйрықтың және № 390 бұйрығықтың талабына сәйкес Мекеменің материалдық жауапты тұлғаларамен Толық материалдық жауапкершілік (үлгі) туралы шарт жасалуы тиістігі айқындалған.
42-Тармақ. Мекеме тарапынан №393 бұйрықтың 2 тарауының 19 тармағының және №390 бұйрықтың 37 қосымшасының талаптары сақталмай Мекеменің материалдық жауапты тұлғаларамен Толық материалдық жауапкершілік (үлгі) туралы шарт жасалынбаған.
7.4. Бухгалтерлiк есеп туралы заңның талабына сәйкес мемлекеттік мекеменің басшысы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, оның ішінде ұйым жасайтын барлық операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету тәртібін регламенттейтін, бекітілген ішкі құжаттардың болуын қамтамасыз етеді және №393 бұйрықтың талабына сәйкес Мемлекеттік мекеменің басшысы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу үшін жағдайлар жасайды, есепке қатысы бар мемлекеттік мекемелердің барлық бөлімшелерінің және қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді есепке алу үшін рәсімдеу мен ұсынудың тәртібіне қатысты талаптардың мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етеді делінген.
43-Тармақ. Бөлім басшылығы Бухгалтерлік есеп туралы Заңның 8-бабы 2) тармағының және №393 бұйрықтың 2 тарауының 6 тармағының талаптарының орындалуын қамтамасыз етпеген.
7.5. Бюджет кодексінің 69 – бабының 1 тармағына сәйкес Заттай нормалар – қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштерін білдіреді. Бюджет кодексінің 69 – бабының 2 тармағына сәйкес заттай нормалар орталық мемлекеттік органмен әзірленеді және бекітіледі делінген осылайша № 633 Бұйрыққа сәйкес заттай нормалар бекітілген.
44-Тармақ. мекеме тарапынан № 633 бұйрықтың талаптары бойынша көзделмеген моноблоктарды және микротолқынды пешті сатып алуға 5 497,4 мың теңге жұмсаған бұл өз кезегінде Бюджет кодексінің 4 бабының 1 қайырмасының 9 тармақшасымен көзделген негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану бұзыла отырып 5 497,4 мың теңге қаражат тиімсіз жоспарланылуына және пайдаланылуына алып келген.
7.6. Бухгалтерлiк есеп туралы заңның талабына сәйкес Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi
23
және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады делінген.
45-Тармақ. Бухгалтерлік есеп туралы Заңның 4 бабының және №393 бұйрықтың 116, 117 және 118 тармақтарының талаптары сақталмай 2021 жылы мекеме шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорғанжылусервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны алдындағы 74,0 мың теңге кредиторлық берешегі есептілікті көрсетілмеуіне жол берілген.
8. «Талдықорған қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
8.1. Бюджет кодексінің 69 – бабының 1 тармағына сәйкес Заттай нормалар – қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштерін білдіреді. Бюджет кодексінің 69 – бабының 2 тармағына сәйкес заттай нормалар орталық мемлекеттік органмен әзірленеді және бекітіледі делінген осылайша № 633 Бұйрыққа сәйкес заттай нормалар бекітілген.
46-Тармақ. мекеме тарапынан № 633 бұйрықтың талаптары бойынша көзделмеген моноблоктарды және микротолқынды пешті сатып алуға 1 648,6 мың теңге жұмсаған бұл өз кезегінде Бюджет кодексінің 4 бабының 1 қайырмасының 9 тармақшасымен көзделген негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану бұзыла отырып 1 648,6 мың теңге қаражат тиімсіз жоспарланылуына және пайдаланылуына алып келген.
8.2. №393 бұйрықтың талабына сәйкес мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебіндегі операциялар мен оқиғалар № 281 бұйрығының мелекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспары негізінде көрсетіледі делінген.
47-Тармақ. № 393 бұйрықтың 243, 244-тармақтарының және №281 бұйрықтың талаптары сақталмай мемлекеттік рәміздерді есепке алу барысында есепке алу шоттарын дұрыс пайдаланылмауына жол берілген.
9. «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
9.1. Мекеме 2022 жылдың 25 қарашасында «Бек құрылыс» жеке кәсіпкерімен 1 600,0 мың теңгеге «Бейнебақылау жүйелерін және ұқсас жабдықтарды жөндеу және жаңғырту жұмыстары» бойынша №26 келісім-шартқа отырған. Шарт бойынша қызметтерді көрсету келісімге қол қойған күннен бастап 16 күнтізбелік күн болып белгіленген. «Бек құрылыс» жеке кәсіпкері жұмыстарды 3 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған.
48-Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 43 бабының 24 тармағы сақталмай және келісім шартың 8.3 тармағына сәйкес белгіленген мерзімді бұзғаны үшін әрбір мерзімі өткен күніне шарттың орындамаған
24
мөлшерінің 0,1 пайыз көлемінде тұрақсыздық айыппұл немесе 3 күнтізбелік күнге 4,8 мың теңге тұрақсыздық айыбы бюджет есебіне өндірілмеген. (мемлекеттік аудит барысында аталған сома бюджет есебіне өндірілді)
49-Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша мекеме тарапынан Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабы сақталмай «Бек құрылыс» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
9.2. Мекеменің статисті А.Берікқалиеваға 2022 жылдың сәуір айында 187,6 мың теңге сыйақы берілген.
50-Тармақ. Алайда №1127 Қағиданың 9-тармағының талабы сақталмай мекеме статисті А.Берікқалиеваға 2022 жылдың сәуір айында 149,1 мың теңге сыйақы артық есептеліп төленген.
9.3. Мекеме теңгеріміндегі мемлекеттік нөмірі В 098 ВВ, 2008 жылы шығарылған Toyota Camry маркалы қызметтік автокөлігі аукцион арқылы 2018 жылы сатылып кеткен және осы кезеңде сатып алушыға қабылдап алу өткізіп беру актісімен өткізіліп берілген.
51-Тармақ. №393 бұйрықтың 4, 15, 33, 34-тармақтарының және №468 бұйрықтың 1 тарау 3 тармағының талаптары басшылыққа алынбай 2018 жылы сатылып, сатып алушыға өткізіліп берілген автокөлік мекеменің теңгерімінен тек 2021 жылдың қаржылық есептілігін тапсыру барысында шығарылған.
9.4. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның талабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелуге жататын мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне оны жасағаннан кейiн не өнім беруші конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады делінген.
52-Тармақ. Алайда мемеме тарапынан Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 46 бабының 2 тармағының талаптары сақталмай қала аумағында «топографиялық түсірілімін қоса егжей-тегжейлі жоспарлар жобасын әзірлеу» және «бірыңғай архитектуралық стильді (дизайн кодын), егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу» бойынша жасалған 7 келісім шарт қазынашылық органдарында 5 күннен кешіктіріліп тіркелген.
9.5. Мемлекеттік сатып алу туралы заңының талабына сәйкес өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тапсырыс беруші енгізілген шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын өнім берушіге қайтару тиістігі айқындалған.
53-Тармақ. Мемлекеттік сатып алу Заңының 43 бап 12-тармағының талаптары сақталмай қала аумағында «топографиялық түсірілімін қоса егжей-тегжейлі жоспарлар жобасын әзірлеу» және «бірыңғай архитектуралық стильді (дизайн кодын), егжей-тегжейлі жоспарлау
25
жобаларын әзірлеу» бойынша жасалған 7 келісім шарт бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған өнім берушілерге шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомалары кешіктіріліп қайтарылған.
9.6. Аудит барысында 2021 жылы 003 «Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу» бағдарламасы бойынша Қала әкімдігінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы «Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы «Талдықорған қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» №466 шешімін жүзеге асыру туралы» № 5 қаулысы негізінде 6 (алты) егжей-тегжейлі жоспар жобасын әзірлеуге жалпы сомасы 192 662,0 мың теңге бөлінген.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №140-нқ бұйрығымен бекітілген «Құрылыс үшін жобалау жұмыстарына арналған бағалар жинағы»-ның 6 бөлімінің талаптары сақталмай 5 жоба бойынша жалпы сомасы 174 315,0 мың теңге артық жоспарланған.
54-Тармақ. Мекеме тарапынан Бюджет кодексінің 4 бабының 1 қайырмасының 9 тармақшасымен көзделген негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану бұзыла отырып 174 315,0 мың теңге қаражат тиімсіз жоспарланылуына алып келген.
9.7. 2021 жылы 003 «Аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу» бағдарламасы бойынша Қала әкімдігінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы «Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы «Талдықорған қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» №466 шешімін жүзеге асыру туралы» № 5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 09 маусымдағы №268 қаулысымен 6 жаңа жоспар жобасын әзірлеуге қосымша жалпы сомасы 166 659,0 мың теңге бөлінген, алайда аудит барысында аталған жобалардың ішінде 1 жоба жүзеге асырылмай жыл соңында Қала әкімдігінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы «Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы «Талдықорған қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» №466 шешімін жүзеге асыру туралы» № 5 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 25 қарашадағы №620 қаулысымен жергілікті бюджетке қайтарылғаны.
55-Тармақ. Мекеме тарапынан Бюджет кодексінің 4 бабының 1 қайырмасының 9 тармақшасымен көзделген негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан
26
Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану бойынша пайдаланылмайтын қаражаттарды басқа мақсаттарға тиімді жұмсалуы қамтамасыз етілмей игерілмейтін қаражатты жылдың аяғына дейін ұстап 22 860,0 мың теңге бюджет қаражатын тиімді пайдаланылмауына алып келген.
9.8. Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін мемлекеттік органдар өз қызметін тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады делінген.
56-Тармақ. Алайда Әкімшілік кодекстің 39 бабының 2 және 3 тармақтарының талаптары сақталмай, мекемеде жұмыс жоспары әзірленіп бекітілмеген.
9.9. Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес мемлекеттік орган өз қызметін ұйымдастыру және ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды делінген.
57-Тармақ. Алайда Әкімшілік кодекстің 40 бабының 1 тармағының талаптары сақталмай, мекемеде регламент бекітілмеген.
10. «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
10.1. 2021-2022 жылдарда мекеме тарапынан берілген тиісті бюджеттік өтінімдер негізінде бюджет қаражаты есебінен мекемеге өзінің бағыты бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға жалпы сомасы 6 058 719,1 мың теңге қарастырылған.
58-Тармақ. Бюджет кодексінің 4 бабының 1 қайырмасының 9 тармақшасымен көзделген негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану принципі сақталмай 2021-2022 жылы бюджет қаражатын жоспарлау кезінде жіберілген олқылықтардың салдарынан 1 683 198,0 мың теңге бюджет қаражаты қаланың әлеуметтік экономикалық дамыту мақсатында басқа бағыттарға жұмсалмай жылдың аяғында бюджет есебіне қайтарылған.
10.2. 2022 жылдың 31 желтоқсаныда мекеменің теңгерімінде баланстық құны 1 415 512,5 мың теңгені құрайтын 2017 жылы құрылысы аяқталған жалпы алаңы 3450,7 шаршы метр, нысаны «Салтанат сарайы»-ның ғимараты тіркелген.
Аталған нысанды мекеме 2018 жылдың 05 ақпанындағы тұрғын емес үй-жайларға өтеусіз пайдалану (жалдау) №1 шартымен коммуналдық мекемеге қызметін жүзеге асыру үшін өтеусіз пайдалану үшін «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Салтанат Сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өткізіп берген.
27
2022 жылғы 24 маусымдағы Талдықорған қаласы Әкімдігінің №353 қаулысына сәйкес бекітілген «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесінің 24 тармағына сәйкес мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес делінген.
2018 жылғы 24 қаңтардағы Талдықорған қаласы Әкімдігінің №33 қаулысына сәйкес бекітілген «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Салтанат Сарайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - КММ) Ережесінің 3 бөлігінің 3.1. тармағына сәйкес КММ-нің қызметтің мәні «Салтанат Сарайы» ғимаратын күту және оған қызмет көрсету болып табылады.
59-Тармақ. Бюджет кодексінің 4-бап 9 - тармағының, Мемлекеттік мүлік туралы Заңының 6 - бабының 4-тармақшасының, 18-бабының, 16-тармақшасының, мекеме Ережесінің 24 тармағының талаптары тиісті сақталмай «Салтанат Сарайы» ғимаратын күту және оған қызмет көрсету мақсатында құрылған арнайы мекеменің болғанына қарамастан 2017 жылы құрылысы аяқталған ғимаратты қоғам игілігі үшін толыққанды пайдалану мақсатында тиісті мекеменің теңгеріміне өткізіп беру шараларын жүргізбей, тікелей өз тараптарынан жалға беру келісім-шартымен берген, немесе 1 415 512,5 мың теңгенің мемлекет активін тиімсіз пайдаланылуына жол берген.
10.3. Бухгалтерлiк есеп туралы заңның талабына сәйкес Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады делінген.
60-Тармақ. Бухгалтерлік есеп туралы Заңның 4 бабының және №393 бұйрықтың 114, 115 тармақтарының талаптары сақталмай 2021-2022 жылдары мекеме жалпы сомасы 1 080,7 мың теңге дебиторлық алашағын есептілікте көрсетілмеуіне жол берілген.
10.4. Мекемемен «Magnum Cash&Carry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында 2021 жылдың 28 ақпанында жасалынған №28 шарты және сол шартқа 2021 жылдың 25 тамызында жасалған №1 қосымша келісім бойынша өнім беруші өзіне алынған міндеттемені, яғни әлеуметтік пакет жинақтарын толық жеткізіп берген. Алайда мекеме 2021 жылы «Magnum Cash&Carry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қосымша жеткізілген азық-түлік қораптары үшін толық есеп айырыспай «Magnum Cash&Carry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 68 745,9 мың теңгенің кредиторлық берешегі қалыптасқан.
Мекеме аталған кредиторлық қарыздарды өз тарапынан мойындамаған.
«Magnum Cash&Carry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне кредиторлық берешекті өндіріп беру туралы Жетісу облысының
28
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағымданып, 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №3313-22-00-2/70 шешімі негізінде талап арызы қанағаттандырылып, 70 808,4 мың теңге, оның ішінде: қарыз сомасы- 68 745,9 мың теңге, баж салығы – 2 062,4 мың теңге «Magnum Cash&Carry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына мекемемен 2022 жылдың 3 қарашасындағы №801Е256/22-2889 төлем тапсырмасымен өтеліп берілді.
61-Тармақ. Мекеме тарапынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы бойынша азық-түлік қораптарын мемлекеттік сатып алуда бюджет қаражаты оңтайлы және тиімді жұмсалмай 2 062,4 мың теңгенің ықтимал шығындарына жол берілген.
11. «Талдықорған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау» мемлекеттік мекемесі бойынша:
11.1. Мемлекеттік сатып алу туралы заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің ең аз мерзімі тауарды беруге, оның ішінде оны дайындауға (өндіруге), жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге кеткен мерзімнен кем болмауға, бірақ кемінде күнтізбелік он бес күн болуға тиіс делінген.
62-Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 43 бабының 22 тармағының талаптары сақталмай мекеме 3 жеткізуші және қызмет көрсетушілермен келісім шартқа орырғанда тауарларды жеткізу қызметтерді көрсету мерзімін 15 күнтізбелік күннен кем көрсеткен.
11.2. 2022 жылы мекемеге бюджеттік өтінімдерді жалпы саны 25 мекеме, оның ішінде: 15 мемлекеттік мекеме, 8 коммуналдық мемлекеттік мекеме және 2 ауылдық округ өткізген.
63-Тармақ. №511 Бұйрықтың 75 тармағының талаптары сақталмай мекеме тарапынан бюджеттік өтiнiмдерді тіркеу бойынша тиісті шаралар қабылданбаған.
11.3. 2021-2022 жылдарда мекемеге өткізілген тиісті бюджеттік өтінімдердің негізінде қаланың бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне әр біреуі өз саласы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға тиісті қаражаттар бөлінген.
64-Тармақ. Бюджет кодексінің Бюджет кодексінің 4 бабының 1 қайырмасының 9 тармақшасымен көзделген негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану принципі сақталмай 2021-2022 жылдары бюджет қаражатын жоспарлау кезінде жіберілген олқылықтардың салдарынан 5 174 000,0 мың теңге бюджет қаражаты қаланың әлеуметтік экономикалық дамыту мақсатында басқа бағыттарға жұмсалмай жылдың аяғында бюджет есебіне қайтарылған.
11.4. Бюджет кодексінің 4 бабының 1 қайырмасының 9 тармақшасының негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе
29
шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану.
Бюджет кодексінің 67 бабының 12 тармағының талабы бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді делінген.
№511 Бұйрықтың 41 тармағының талабы бойынша 159 ерекшелік бойынша ұсынылған бюджеттік өтінімінде сатып алынатын қызметтер жұмыстар туралы шарттардың көшiрмелерi немесе жұмыстардың әрбір түрі бойынша кем дегенде үш прайс-парақтар беріледі делінген.
65-Тармақ. Бюджет кодексінің 67 бабының 12 тармағының №511 бұйрықтың 41 тармағының талаптары сақталмай 2021-2022 жылдары қаланың бюдеттік бағдарлама әкімшілері бойынша заңнамаларда қарастырылған шығыстардың түрлері бойынша бюджеттік өтінімді жасақтау кезінде кемінде 3 прайс парақ өткізу талаптары сақталмай 6 бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша 1 474 311,0 мың теңге бюджет қаражаты жоспарланған.
12. «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдер дамыту, дене шыңықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
12.1. Бюджет кодексінің 4 бабының 1 қайырмасының 9 тармақшасының негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану.
Бюджет кодексінің 67 бабының 12 тармағының талабы бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бюджеттік өтінімдегі ақпарат пен есеп-қисаптардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді делінген.
№511 Бұйрықтың 41 тармағының талабы бойынша 159 ерекшелік бойынша ұсынылған бюджеттік өтінімінде сатып алынатын қызметтер жұмыстар туралы шарттардың көшiрмелерi немесе жұмыстардың әрбір түрі бойынша кем дегенде үш прайс-парақтар беріледі делінген.
66-Тармақ. Бюджет кодексінің 67 бабының 12 тармағының №511 Бұйрықтың 41 тармағының талаптары сақталмай 159 ерекшелік бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде қызметтер мен жұмыстардың туралы шарттардың көшiрмелерi берілмеген әрбір түрі үш прайс-парақтар кем ұсынылған, осылайша Бюджет кодексінің 4 бабының 1 қайырмасының 9 тармақшасының негізділік принципі сақталмай аталған ерекшелік бойынша 2021 жылы 48 219,0 мың теңге және 2022 жылы 76 148,0 мың теңге жалпы сомасы 124 367,0 мың теңге бюджет қаражатының жоспарланылуына жол берілген. 12.2. Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес Мемлекеттік мекеме төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығын және негізділігін,
30
төлеуге берілетін шоттың көрсетілген деректемелерінің дұрыстығын қамтамасыз етеді делінген. 67-Тармақ. Алайда Бюджет кодексінің 97 бабының 6 тармағының талаптары сақталмай 001 бюджеттік бағдарлама 112 ерекшелік бойынша 2022 жылдың 6 мамырындағы №4571001/22–164 төлем шотымен мекеменің мемлекеттік қызметкерлері Алинов Адил Исахановичқа және Асқарбекұлы Жандосқа аударылмаған 355,9 мың теңге қаражатты, 2022 жылдың мамыр айының 5-15а жүргізілген төлемдер бойынша үзінді көшірмені салыстыру барысында аталған қаражаттар мекеменің штаттан тыс қызметкерлері Жанбағысова Назерке Қуанышқызына және Манарбекқызы Мадинаға негізсіз аударылғаны анықталды.
68-Тармақ. Еңбек Кодексінің 103 бабының 1 тармағының, №393 бұйрығының 187 тармағының және Бюджет кодексінің 97 бабының 6 тармағының талаптары сақталмай мекеменің штаттан тыс қызметкері (хатшы) Берикова Аида Ернаровнаға нақты еңбек ақы аудару кезінде есеп айырысу-төлем ведомосі бойынша нақты қаралған сомадан 18,8 мың теңге артық аударылған.
12.3. 2021 жылдың 09 наурызындағы 003 бюджеттік бағдарламасы 169 ерекшелік бойынша Атаулы күндерге арналған 50 дана конкурстарға жүлделер (ұялы телефон) сатып алу бойынша жалпы сомасы 1 725,0 мың теңгеге «Саяхат» жеке кәсіпкерімен №20 келісім шартын жасасқан.
Келісім шарт бойынша алынған жалпы саны 50 ұялы телефонның 44 тиісті ведомостьтар бойынша сыйлық ретінде таратылған. Қалған құны 207,0 мың теңгенің 6 ұялы телефондары бүгінгі күнге таратылмай мекемеде сақталған.
69-Тармақ. Бюджет кодексінің 116 бабының, №393 бұйрықтың 236, 243, 244 – тармақтарының талаптары және №281 бұйрықтың 16 тармағының талаптары сақталмай қалған баланстық құны 207,0 мың теңгені құрайтын 6 ұялы телефон негізгі құралдар ретінде мекеменің теңгеріміне алынбаған.
12.4. 2022 жылдың 18 қарашасындағы 003 бюджеттік бағдарламасы 159 ерекшелік бойынша «Талдықорған қаласын жаңа жылдық безендіру бойынша қызметтер (декоративті-Жарық объектілері / Үй-жайлар / аумақтар және осыған ұқсас безендіру) бойынша» жалпы сомасы 29 654,1 мың теңгеге «OLIVIN Lighting (ОЛИВИН Лайтинг)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен №80 келісім шарт жасасқан.
70-Тармақ. Бюджет кодексінің 116 бабының, №393 бұйрықтың 236, 243, 244 – тармақтарының талаптары және №281 бұйрықтың 16 тармағының талаптары сақталмай 2022 жылдың 18 қарашасындағы 003 бюджеттік бағдарламасы 159 ерекшелік бойынша 1 018,8 мың теңгеге алынған метал конструкциялар негізгі құралдар ретінде мекеменің теңгеріміне алынбаған.
12.5. Мемлекеттiк сатып алу туралы заңының және 2021 жылғы 02 наурыздағы №5332057-ОК1 «Ашық конкурс» тәсілімен жүргізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2021 жылдың
31
16 наурызда 003 бюджеттік бағдарлама 159 ерекшелік бойынша «Триумф» жеке кәсіпкерімен «Мерекелік іс-шаралар өтетін орындарды рәсімдеу бойынша» жалпы сомасы 12 208,0 мың теңгеге №21 келісім шартын жасасқан. 2021 жылдың 07 қарашасында аталған келісім шартқа Заңның 45 бабының 2 тармағының 3 тармақшасының талаптарына сәйкес жалпы сомасы 4 015,4 мың теңгеге қосымша келісім шартқа отырып негізгі келісім шарттың сомасы 16 223,4 мың теңгеге ұлғайған.
71-Тармақ. Бюджет Кодексінің 97 бабының 6 тармағының талаптары сақталмай 2021 жылдың 03 шілдесінде №457Е251/21–254 төлем шотымен «Триумф» жеке кәсіпкеріне 87,3 мың теңге артық төленген.
12.6. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның және 2021 жылғы 19 ақпанындағы №5484500-1 «Бағалы ұсыныстарға сұраным» мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2021 жылдың 09 наурызындағы 003 бюджеттік бағдарламасы 169 ерекшелік бойынша «Атаулы күндерге арналған 50 дана конкурстарға жүлделер (ұялы телефон) сатып алу» бойынша жалпы сомасы 1 725,0 мың теңгеге «Саяхат» жеке кәсіпкерімен №20 келісім шартын жасасқан.
72-Тармақ. Бюджет Кодексінің 4 быбының 13 тармағының және Мемлекеттік мүлік туралы заңының 6 бабының 4 тармағының талаптары сақталмай 2021 жылы Атаулы күндерге арналған конкурстарға сатып алынған жүлделердің (ұялы телефон) 6 данасы аудитпен қамтылған кезеңде қолданылмаған немесе жалпы сомасы 207,0 мың теңге тиімсіз қолданылған.
12.7. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның және 2022 жылғы 22 қазанындағы №8188789-ОК1 «Ашық конкурс» мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2022 жылдың 18 қарашасындағы 003 бюджеттік бағдарламасы 159 ерекшелік бойынша «Талдықорған қаласын жаңа жылдық безендіру бойынша қызметтер (декоративті-Жарық объектілері /Үй-жайлар/ аумақтар және осыған ұқсас безендіру)» бойынша жалпы сомасы 29 654,1 мың теңгеге «OLIVIN Lighting (ОЛИВИН Лайтинг)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен №80 келісім шартын жасасқан.
Шарт бойынша қызметтерді көрсету мерзімі 2022 жылдың 01 желтоқсаны болып айқындалған.
Мекеме мен қызмет көрсетуші арасында Заң талаптарына сәйкес қосымша келісім жасалмаған.
Қызмет көрсетуші тарапынан 2022 жылдың 29 желтоқсанында 29 654,1 мың теңгеге №220075/00/1 көрсетілген қызметтер актісі өткізілген.
Осылайша:
73–Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43 бабының 24 тармағының талаптары және негізгі келісім шарттың 7.3 тармағының талаптары сақталмай мекеме тарапынан «OLIVIN Lighting (ОЛИВИН Лайтинг)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін 28 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны үшін жалпы 830,3 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша шаралар қабылданбаған.
32
74–Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «OLIVIN Lighting (ОЛИВИН Лайтинг)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
12.8. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның және 2022 жылғы 29 қыркүйегіндегі №8374845-1 «Бағалы ұсыныстарға сұраным» мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2022 жылдың 17 қарашасында 003 бюджеттік бағдарлама 159 ерекшелік бойынша «Металл конструкцияларын дайындау жұмыстар» бойынша жалпы сомасы 4 980,0 мың теңгеге «F-LINE» жеке кәсіпкерімен №81 келісім шартын жасасқан.
Шарт бойынша қызметтерді көрсету мерзімі 2022 жылдың 25 қараша болып айқындалған.
Мекеме мен қызмет көрсетуші арасында Заң талаптарына сәйкес қосымша келісім жасалмаған.
Қызмет көрсетуші тарапынан 2022 жылдың 28 желтоқсанында 4 980,0 мың теңгеге № 220076/00/1 көрсетілген қызметтер актісі өткізілген.
Осылайша:
75–Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43 бабының 24 тармағының талаптары және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағының талаптары сақталмай мекеме тарапынан «F-LINE» жеке кәсіпкерімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін 33 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны үшін жалпы сомасы 164,3 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша шаралар қабылданбаған.
76–Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «F-LINE» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
12.9. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның және 2022 жылғы 26 қыркүйегіндегі 8340098-3 «Бағалы ұсыныстарға сұраным» мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2022 жылдың 08 қарашасында 003 бюджеттік бағдарлама 159 ерекшелік бойынша «Жаңа жылдық шыршаның дайын құрастырмалы-жиналмалы, конустық конструкциясын дайындау, монтаждау, демонтаждау және ресімдеу» бойынша жалпы сомасы 2 950,0 мың теңгеге «GO PRINT» жеке кәсіпкерімен №61 келісім шартын жасасқан.
Шарт бойынша қызметтерді көрсету мерзімі 2022 жылдың 25 қараша болып айқындалған.
Мекеме мен қызмет көрсетуші арасында Заң талаптарына сәйкес қосымша келісім жасалмаған.
Қызмет көрсетуші тарапынан 2022 жылдың 21 желтоқсанында 2 950,0 мың теңгеге № 220071/00/1 көрсетілген қызметтер актісі өткізілген.
Осылайша:
33
77–Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43 бабының 24 тармағының талаптары және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағының талаптары сақталмай мекеме тарапынан «GO PRINT» жеке кәсіпкерімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін 26 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны үшін жалпы 76,7 мың теңге (2 950,0*0,1%*26 = 76,7 мың теңге) тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша шаралар қабылданбаған.
78–Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «GO PRINT» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
12.10. Мекеменің 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарында көзделмеген тауар бойынша 2022 жылдың 21 желтоқсанында мекеме «Жиембаева» жеке кәсіпкерімен жалпы сомасы 2 800,0 мың теңгеге 8 дана калонка сатып алу бойынша қағаз жеткізгіш түрінде келісім шартқа 003 бюджеттік бағдарлама 169 ерекшелік бойынша отырған.
Жеткізуші тарапынан 2022 жылдың 21 желтоқсанында өткізілген №39 жолдама құжатының негізінде 2 800,0 мыңтеңге қаражат 2022 жылдың 21 желтоқсанында №457Е251/22–588 төлем шотымен аударылып берілген.
79-Тармақ. Мекеме Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 13 быбының 3 тармағының, 39-бабының 2 және 3) тармақтарында және 41-бабында көзделген негіздерсіз колонка сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған.
12.11. Мекеменің 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарында көзделмеген тауар бойынша 2022 жылдың 15 тамызында мекеме «IT Servise» жеке кәсіпкерімен жалпы сомасы 837,0 мың теңгеге мерекелік іс-шараларға сыйлықтар сатып алу бойынша қағаз жеткізгіш түрінде келісім шартқа 003 бюджеттік бағдарлама 169 ерекшелік бойынша отырған.
Жеткізуші тарапынан 2022 жылдың 25 тамызында өткізілген №1 жолдама құжатының негізінде 2022 жылдың 26 тамызында №457Е251/22–376 төлем шотымен 837,0 мыңтеңге қаражат аударылып берілген.
80-Тармақ. Мекеме Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 13 быбының 3 тармағының, 39-бабының 2 және 3) тармақтарында және 41-бабында көзделген негіздерсіз мерекелік іс-шараларға сыйлықтар сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған.
12.12. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның және 2022 жылғы 05 тамызындағы №8078447-1 «Бағалы ұсыныстарға сұраным» мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2022 жылдың 01 қарашасындағы 009 бюджеттік бағдарламасы 159 ерекшелік бойынша «Баспа өнімдерін өндіру/басып шығару бойынша полиграфиялық қызметтер (кітаптарды, фотосуреттерді, мерзімді басылымдарды қоспағанда)
34
қызметтер» бойынша жалпы сомасы 3 150,0 мың теңгеге «РПЦ ГОРИЗОНТ» жеке кәсіпкерімен №47 келісім шартын жасасқан.
Шарт бойынша қызметтерді көрсету мерзімі 2022 жылдың 15 қарашасы болып айқындалған.
Мекеме мен қызмет көрсетуші арасында Заң талаптарына сәйкес қосымша келісім жасалмаған.
Қызмет көрсетуші тарапынан 2022 жылдың 08 қарашасындағы 1 500,0 мың теңгеге № 220069/00/1 және 29 қарашасында 1 650,0 мың теңгеге №220069/00/2 көрсетілген қызметтер актісі өткізілген.
Осылайша:
81-Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43 бабының 24 тармағының талаптары және негізгі келісім шарттың 7.3 тармағының талаптары сақталмай мекеме тарапынан «РПЦ ГОРИЗОНТ» жеке кәсіпкерімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін 14 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны үшін жалпы 23,1 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша шаралар қабылданбаған.
82-Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «РПЦ ГОРИЗОНТ» жеке кәсіпкерін мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
12.13. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның және 2022 жылғы 20 маусымдағы №7803836-ЗЦП1«Бағалы ұсыныстарға сұраным» мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2022 жылдың 24 маусымдағы 009 бюджеттік бағдарлама 169 ерекшелік бойынша «Арнайы зауыттық қаптамадағы футбол доптарын сатып алу» бойынша жалпы сомасы 3 390,0 мың теңгеге «Аружан» жеке кәсіпкерімен №41 келісім шартын жасасқан.
Шарт бойынша қызметтерді көрсету мерзімі 2022 жылдың 09 шілдесі болып айқындалған.
Мекеме мен жеткізуші арасында Заң талаптарына сәйкес қосымша келісім жасалмаған.
Жеткізуші тарапынан 2022 жылдың 27 шілдесіндегі 3 390,0 мың теңгеге №220041/00/1 көрсетілген қызметтер актісі өткізілген.
Осылайша:
83-Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43 бабының 24 тармағының талаптары және негізгі келісім шарттың 7.3 тармағының талаптары сақталмай мекеме тарапынан «Аружан» жеке кәсіпкерімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін 18 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны үшін жалпы 61,0 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша шаралар қабылданбаған.
84-Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «Аружан» жеке кәсіпкерін мемлекеттік
35
сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
13. «Талдықорған қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
13.1. Бюджет кодексінің 69 – бабының 1 тармағына сәйкес Заттай нормалар – қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштерін білдіреді. Бюджет кодексінің 69 – бабының 2 тармағына сәйкес заттай нормалар орталық мемлекеттік органмен әзірленеді және бекітіледі делінген осылайша № 633 Бұйрыққа сәйкес заттай нормалар бекітілген.
85-Тармақ. мекеме тарапынан № 633 бұйрықтың талаптары бойынша көзделмеген моноблоктарды сатып алуға 212,0 мың теңге жұмсаған бұл өз кезегінде Бюджет кодексінің 4 бабының 1 қайырмасының 9 тармақшасымен көзделген негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану бұзыла отырып 212,0 мың теңге қаражат тиімсіз жұмсалған.
13.2. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның және 2022 жылғы 6 маусымымдағы №7723427-ЗЦП1 «Бағалы ұсыныныстарға сұраным» мемлекеттік сатып алудың қорытындылары негізінде мекеме 2022 жылдың 06 маусымында «Металл құрылымдарды дайындау бойынша жұмыстар» бойынша жалпы сомасы 8 848,0 мың. теңгеге «Триумф» ЖК – мен №220013 келісім шартын жасасқан. -2022 жылдың 09 маусымында «Металл құрылымдарды дайындау бойынша жұмыстар» бойынша жалпы сомасы 8 848,0 мың. теңгеге «Триумф» ЖК – мен №220013 қосымша келісім шартын жасасып келісім шарттың сомасы 812,0 мың теңгеге ұлғайтылып 9 660,0 мың теңгені құраған.
86-Тармақ. Бюджет кодексінің 116 бабының, №393 бұйрықтың 236, 243, 244 – тармақтарының талаптары және №281 бұйрықтың 16 тармағының талаптары сақталмай 2022 жылдың 18 қарашасындағы 003 бюджеттік бағдарламасы 159 ерекшелік бойынша 9 660,0 мың теңгеге алынған метал құрылғыларының ішіндегі 9 528,0 мың теңгеге алынған метал конструкциялар негізгі құралдар ретінде мекеменің теңгеріміне алынбаған.
13.3. Мекеменің 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарында көзделмеген тауар бойынша 2022 жылдың 7 қаңтарында мекеме «Эмина» жеке кәсіпкерімен жалпы сомасы 301,0 мың теңгеге Полиграфиялық өнімдерді (кітаптардан, фотодан, мерзімді басылымдардан басқа жасау/басып шығару бойынша полиграфиялық қызмет көрсетулер бойынша қағаз жеткізгіш түрінде келісім шартқа 159 ерекшелік бойынша отырған.
36
Орындаушы тарапынан 2022 жылдың 07 қаңтарында өткізілген №35 орындалған жұмыстар актісінің негізінде 301,0 мың.теңге қаражат 2022 жылдың 24 қарашасында №462Е251/22–237 төлем шотымен аударылып берілген.
87-Тармақ. Мекеме Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 13 быбының 3 тармағының, 39-бабының 2 және 3) тармақтарында және 41-бабында көзделген негіздерсіз Полиграфиялық өнімдерді (кітаптардан, фотодан, мерзімді басылымдардан басқа жасау/басып шығару бойынша полиграфиялық қызмет көрсетулер бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған.
13.4. Мекеменің 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарында көзделмеген тауар бойынша 2022 жылдың 24 шілдесінде мекеме «Эмина» жеке кәсіпкерімен жалпы сомасы 250,0 мың теңгеге венилді қағазда 140гр -дық ПВХ5 мм өлшемі ұзындығы 2 метр қалындығы 025 мм болатын кестесін шығару бойынша қағаз жеткізгіш түрінде келісім шартқа 159 ерекшелік бойынша отырған.
Орындаушы тарапынан 2022 жылдың 27 шілдесінде өткізілген №11 орындалған жұмыстар актісінің негізінде 250,0 мың.теңге қаражат 2022 жылдың 24 қарашасында №462Е251/22–238 төлем шотымен аударылып берілген.
88-Тармақ. Мекеме Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 13 быбының 3 тармағының, 39-бабының 2 және 3) тармақтарында және 41-бабында көзделген негіздерсіз венилді қағазда 140гр -дық ПВХ5 мм өлшемі ұзындығы 2 метр қалындығы 025 мм болатын кестесін шығару бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған.
13.5. Мекеменің 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспарында көзделмеген тауар бойынша 2022 жылдың 1 тамызында мекеме «Эмина» жеке кәсіпкерімен жалпы сомасы 195,7 мың теңгеге ауыл шаруашылық жәрменкесіне арналған жарнамалау стеннтері бойынша қағаз жеткізгіш түрінде келісім шартқа 159 ерекшелік бойынша отырған.
Орындаушы тарапынан 2022 жылдың 1 тамызында өткізілген №24 орындалған жұмыстар актісінің негізінде 195,7 мың.теңге қаражат 2022 жылдың 24 қарашасында №462Е251/22–236 төлем шотымен аударылып берілген.
89-Тармақ. Мекеме Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 13 быбының 3 тармағының, 39-бабының 2 және 3) тармақтарында және 41-бабында көзделген негіздерсіз ауыл шаруашылық жәрменкесіне арналған жарнамалау стеннтері бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған.
14. «Талдықорған қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша:
37
14.1. «Талдықорған қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 76 566,5 мың теңгеге «Азамат құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 59 шарт жасалған.
Жұмыстарды тапсыру мерзімі 2021 жылғы 8 шілдесіне белгіленген.
Объекті 2021 жылдың 31 тамызында пайдаланылуға қабылданған.
90–Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43 бабының 24 тармағының талаптары және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағының талаптары сақталмай мекеме тарапынан «Азамат құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін 52 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны үшін орындалмаған міндеттемелерден жалпы сомасы 1 657,0 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша шаралар қабылданбаған.
91–Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «Азамат құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
14.2. Талдықорған қаласы әуежайының трансформаторлық қосалқы станцияларына қызмет көрсету бойынша 2022 жылдың 25 шілдесінде мекеме «Садиада» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жалпы сомасы 75 912,5 мың теңге № 93 келісім шартқа отырып келісім шарттың 1 қосымшасына сәйкес объектіні тапсыру мерзімі 2022 жылдың 25 қыркүйегіне белгіленген.
Мердігер тарапынан соңғы 38 929,5 мың теңгенің атқарылған жұмыстар актісі 2022 жылдың 5 қазаныныда немесе 9 күнтізбелік күнге кешіктіріліп тапсырылған.
92–Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43 бабының 24 тармағының талаптары және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағының талаптары сақталмай мекеме тарапынан «Садиада» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін 9 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны үшін орындалмаған міндеттемелерден жалпы сомасы 350,4 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша шаралар қабылданбаған.
93–Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «Садиада» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
14.3. Абай 272 мекенжайы бойынша әкімшілік ғимаратты ағымдағы жөндеуге мекеме 2022 жылдың 27 тамызда «Samgar Qurylys» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жалпы сомасы 10 304,0 мың теңгені құрайтын №103 келісім шартқа отырып келісім шарттың 1 қосымшасына сәйкес объектіні тапсыру мерзімі 2022 жылдың 27 қазанына белгіленге.
Мердігер 2 212,8 мың теңге сомасындағы жұмыстарды 2022 жылдың 7 желтоқсанда немесе 40 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған.
38
94–Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43 бабының 24 тармағының талаптары және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағының талаптары сақталмай мекеме тарапынан «Samgar Qurylys» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін 40 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны үшін орындалмаған міндеттемелерден жалпы сомасы 88,5 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша шаралар қабылданбаған.
95–Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «Samgar Qurylys» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
14.4. Талдықорған қаласы әуежайының VIP залын ағымдағы жөндеуге 2022 жылдың 22 ақпанында мекеме «Асылстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жалпы сомасы 10 390,2 мың теңге №47 келісім шартқа отырып келісім шарттың 1 қосымшасына сәйкес объектіні тапсыру мерзімі 2022 жылдың 22 сәуіріне белгіленге. 2022 жылғы 26 мамырдағы № 47/1 қосымша келісіммен шарттың сомасы 3 269,8 мың теңгеге азайтылып 7 120,4 мың теңгені құраған.
Мердігер 7 120,4 мың теңге сомасындағы жұмыстарды 40 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындаған.
96–Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43 бабының 24 тармағының талаптары және негізгі келісім шарттың 8.3 тармағының талаптары сақталмай мекеме тарапынан «Асылстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін 40 күнтізбелік күнге кешіктіріп орындағаны үшін орындалмаған міндеттемелерден жалпы сомасы 284,8 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіру бойынша шаралар қабылданбаған.
97-Тармақ. Жоғарыда көрсетілген бұзушылық бойынша Тапсырыс беруші Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 12 бабының 4 тармағының 3 тармақшасының талабына сәйкес «Асылстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін мемлекеттік сатып алуларға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.
14.5. 2022 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мекеменің теңгерімінде «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне өткізіп беру туралы Алматы облысы әкімінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 138 қаулысы негізінде мекемеге берілген баланстық құны 1 217 312,0 мың теңге болатын әуежай ғимараты тіркелген.
Мекеме аудиттелетін қамтылған кезеңде «Жетісу авиакомпаниясы» акционерлік қоғамымен аталған объектіні пайдалану бойынша шарт жасалмаған.
39
Мекеме ережесінің 5 тармағының 5.2-тармақшасына сәйкес мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес делінген.
98-Тармақ. Бюджет кодексінің 4-бап 9 - тармағының, Мемлекеттік мүлік туралы Заңының 6 - бабының 4-тармақшасының, 18-бабының, 16-тармақшасының, мекеме Ережесінің 5 тармағының 5.2. тармақшасының талаптары тиісті сақталмай «Әуежай» ғимаратын пайдалануға арнайы құрылған акционерлік қоғамның болғанына қарамастан 2018 жылы теңгерімге қабылданған ғимаратты қоғам игілігі үшін толыққанды пайдалану мақсатында тиісті келісім шарт бойынша ұстаушы ұйымға беру шараларын жүргізбей 1 217 312,0 мың теңгенің мемлекет активін тиімсіз пайдаланылуына жол берген.
99-Тармақ. Бюджет кодексінің 4-бабының 9-тармақшасын бұза отырып, мекеме әуежай ғимаратын ұстауға 2021-2022 жылдары 242 828,5 мың теңге бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаған.
15. «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
15.1. Мекемеде біліктілік комиссиясын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
100-Тармақ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 495 бұйрығымен бекітілген «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық әлеуметтік қамсыздандыру кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары мен шарттарының» 5 және 6 тармақтарының талаптары сақталмай мекемеде біліктілік комиссиясы құрылмаған, осыған байланысты мамандық бойынша жұмыс өтілін белгілеу туралы хаттама жасалмаған.
15.2. Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді делінген.
101-Тармақ. Алайда Еңбек кодексінің 103-бабының 1 тармағының талаптары сақталмай мекеменің штаттан тыс қызметкері Е.А.Сабырбаеваға 01.08.2021-30.09.2021 жылдар аралығында нақты жұмыс істемеген уақыты үшін жалпы сомасы 117,1 мың теңге жалақы төленген.
15.3. Штаттық кестелерді, тарифтік тізімдерді, есеп айырысу-төлем ведомостарын, жұмыс уақытын есепке алу табельдерін, бұйрықтарды зерделеу кезінде мекеме басшысының м.а. Н.Әлиұлымен 2021 жылға арналған штаттан тыс жұмыскерлердің саны 7 бірлік болып бекітілген.
102-Тармақ. Алайда, мекеме №393 Бұйрықтың 187-тармағының және бекітілген тарификациялық тізімнің талаптары сақталмай 2021 жылғы қарашада 2 штаттан тыс қызметкерді жұмысқа қабылдап оларға жалпы сомасы 874,1 мың теңге жалақы төленген.
40
15.4. №393 бұйрықтың талабына сәйкес жалақыны есептеу үшін негізгі құжаттар болып мемлекеттік мекеменің бекітілген штат кестесі және жалақы ставкаларына сәйкес қызметкерлерді қабылдау, жұмыстан шығару және ауыстыру туралы бұйрықтары, Нысандар альбомының 421 "Пайдаланылған жұмыс уақытын есепке алу және жалақыны есептеу табелі" нысаны, нысандар альбомының 423 "Жұмыс нормаларын есептеу картасы" нысаны, Нысандар альбомының 424 "Наряд" нысаны бойынша пайдаланылған жұмыс уақытын есепке алу табельдері және басқа құжаттар делінген.
103-Тармақ. №393 бұйрықтың 187-тармағының талаптары сақталмай 2022 жылдың ақпан айының есеп айырысу-төлем ведомосін зерделеу барысында 2021 жылы жұмыстан босатылған мекеменің бас есепшісі Ж.Тоғызбаеваға 131,0 мың теңге еңбек ақы есептелгені анықталған. Аталған сома қазынашылықтың 5-15А үлгісін зерделеу барсында нақты Ж.Тоғызбаеваға төленбегені анықталды.
15.5. №1127 Қағиаданың талабына сәйкес Қызметкерге, оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде, тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса, сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейді және қызметкерлерге сыйлық беру және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде жүргізіледі делінген.
104-Тармақ. №1127 Қағиданың 4 тармағының талаптары сақталмай 2022 жылдың қыркүйек айында мекеменің қызметкері А.К. Барлыбековке 251,2 мың теңге мөлшерінде сыйақы есептеліп төленген.
105-Тармақ. №1127 қаулының 9 және 10-тармақтарының талаптары сақталмай сыйақы беру кезінде құрылымдық бөлімше басшыларының тиісті ұсынымдары жасалмаған.
15.6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы №423 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларының» талаптарына сәйкес белгіленген мерзімдерде мекеме мүліктеріне түгендеу жүргізілуі тиіс.
106-Тармақ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы №423 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларының» 2, 3) тармақтарының талаптары сақталмай мекемеде аудитпен қамтылған кезеңде мекеме мүлкіне мүлде түгендеу жұмыстары жүргізілмегені анықталған.
15.7. Мекеме тарапынан сатып алынған 4 бірлік жаяу жүргіншілердің жолын тазалайтын арнайы техника Талдықорған қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы №27 қаулысы және қаулыға өзгеріс енгізу туралы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 4 наурыздағы №80 қаулысының негізінде «Талдықорған Көркейту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігің жарғылық капиталын ұлғайтуға берілген.
107-Тармақ. № 393 Бұйрықтың 88-1-тармағының талаптары сақталмай баланстық құны 439 976,7 мың теңгені құрайтын 4 техника мекеменің 2350 «Көлік құралдары» шотынан алынбаған.
41
15.8. №393 Бұйрықтың талабына сәйкес Операцияны немесе оқиғаларды жасау фактісін белгілейтін, дұрыс рәсімделген бастапқы құжаттар бухгалтерлік есептің тіркелімдерінде жазбаларды көрсетуге негіз болып табылады делінген. 108-Тармақ. № 393 Бұйрықтың 18 тармағының талаптары сақталмай құны 57 797,7 мың теңгені құрайтын «айырмашылық 111111» объектісі бастапқы есепке алу құжатынсыз айналым-сальдо ведомосінде көрсетілген. 15.9. Аяқталған және пайдалануға берілген құрылыс объектілері қабылдау актілері негізінде оларға кеткен шығындар толық сомада көрсетіліп, ұзақ мерзімді активтерді есепке алу шотына жатқызылады делінген.
109-Тармақ. №393 Бұйрықтың 272-тармағының 3-абзацын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 10 ақпандағы №59 «Мемлекеттік мекемелердің ұзақ мерзімді активтері бойынша тозудың жылдық нормалары» бұйрығына 1-қосымшасының талаптары сақталмай, аяқталған құрылыс объектілеріне 368 862,8 мың теңге сомаға ұзақ мерзімді активтер бойынша тозу есептелмеген (5 269 469,4*7/100). 15.10. Бухгалтерлiк есеп туралы заңның талабына сәйкес Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады делінген.
110-Тармақ. Бухгалтерлiк есеп туралы заңның 4 бабының және №393 Бұйрықтың 2-тарауының 4-тармағының талаптары сақталмай 2021 жылдың 1 қаңтардағы кіріс сальдосының 23 415,1 мың теңге (1038058,7-1014643,6) мөлшеріндегі дебиторлық берешек сомасы бухгалтерлік есеп регистрлерінде (айналым-сальдо ведомосі) көрсетілмеген, бұл 2020 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын кезеңдегі бухгалтерлік баланстың «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» деген 014-жолдың бұрмалануына әкелген.
111-Тармақ. Нәтижесінде Бюджет Кодексінің 97-бабы 7-тармағын бұза отырып, қабылданған шаралардың болмауы салдарынан өткен жылдардағы дебиторлық берешек сомасы 23 415,1 мың теңге «ПМК-7К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен өтелмеген.
15.11. «Қаратал» саяжай қоғамының сумен жабдықтау желілерін салу объектісі бойынша бүгінгі күнге объекті орнатылған тәртіппен іске қосылып мақсатты пайдаланылмауда.
112-Тармақ. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы төрағасының 2023 жылғы 16 наурыздағы №36-Н/К-Т бұйрығымен бекітілген экономикалық шығындар мен жоғалған пайданың мөлшері мен сыныптамасын айқындау жөніндегі әдіснамалық Нұсқаулықтың 5-тармағына сәйкес «Қаратал» с\қ сумен жабдықтау желілерін салу объектісі бойынша 249 932,4 мың теңге сомадағы шығындар объект пайдалануға қабылдамау салдарынан бос тұруы өз кезегінде желілері мен жабдықтарының ажырамас тозу қауіпін туғызып мекеменің экономикалық шығыны болып табылады.
42
113-Тармақ. «Қаратал» с\қ сумен жабдықтау желілерін салу» бақылау байқауының нәтижелері бойынша жалпы сомасы – 873,5 мың теңгеге 30 (отыз) шойын люк және 11 (он бір) жол белгілері жоқ екені анықталды, оның ішінде: (30 дана х 24569 теңге 737 070 теңге сомасына, жол белгілері 11 дана х 12403 теңге 136 433 теңге сомасына).
15.12. «Талдықорған қаласындағы сыртқы сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және реконструкциялау» объектісі бойынша жобалық сметалық құжаттама әзірлеу мақсатында мекеме 2022 жылдың 1 ақпанында «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жалпы сомасы 31 793,7 мың теңгеге №6-к келісім шартқа отырған.
114-Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 43 бабының 9 тармағының талаптары сақталмай «Бірлік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2022 жылғы 1 ақпандағы №6-к шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын енгізбеген.
15.13. Мекеме тротуарларды жинауға арналған аралас машинаны (4 көлік бірлігі) сатып алуға 2021 жылғы 18 қазанында "Joldar alemi" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жалпы сомасы 439 976,7 мың теңге №200 шартқа отырған.
115-Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабының 9-тармағын бұза отырып, «Joldar alemi» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2021 жылғы 18 қазандағы №200 келісім шарты бойынша орындалуын қамтамасыз ету сомасы кешіктіріліп енгізілген. 15.14. Бюджет кодексінің және №540 Бұйрықтың талаптарына сәйкес Мемлекеттік мекеме төлеуге берілетін шотты табыс етудің заңдылығын және негізділігін, төлеуге берілетін шоттың көрсетілген деректемелерінің дұрыстығын, жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетiлген қызметтердiң жеткiзiлуiн растаудың дұрыстығын қамтамасыз етеді делінген.
116-Тармақ. Бюджет Кодексінің 97-бабы 6-тармағының және №540 бұйрығының 215 тармағының 6 тармақшасының талаптары сақталмай мекеме 2020 жылдың 30 наурыздағы «ПМК-7К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасасқан №11-п Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша 175 692,6 мың теңге сомасында орындалған жұмыстардың растығын қамтамасыз етпей бюджет қаражатын негізсіз (Заңсыз) аударған.
Жоғары аталғанмен қатар осы объект бойынша:
117-Тармақ. Құрылыс қызметі туралы заңының 60 бабының 1 тармағының және жобалық сметалық құжаттаманың талаптары сақталмай «Шағын архитектуралық нысандар» бөлімінде көрсетілген ағаш төсемі бар мәрмәр тастан жасалған орындықтардың орнына саны 146 дана ағаш төсемі бар металл конструкциядан жасалған орындықтар және мәрмәр тастан жасалған урналардың орнына саны 101 дана металл конструкциядан жасалған урналар орнатылған.
118-Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабының 24-тармағын бұза отырып, 2020 жылғы 30 наурыздағы №11-п шарт бойынша мекеме орындалмаған міндеттеме сомасынан 610 күнтізбелік күнге жалпы
43
сомасы 107 172,5 мың теңгені кешіктірген әрбір күн үшін 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбының сомасын өндіріп алуды қамтамасыз етпеген.
119-Тармақ. Құрылыс қызметі туралы заңның 34-1-бабының 5-тармағының талаптары сақталмай, мердігердің орындалған жұмыстардың актілерінде орындалған жұмыстарды көрсетуінің дұрыстығы «УКС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің техникалық қадағалаушысымен қамтамасыз етілмеген.
15.15. Бюджет кодексінің талабына сәйкес бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады, сондайақ бюджеттік өтінімнің негізділігі, бюджеттік өтінімге қатысты есеп-қисаптардың анықтығы, бюджеттік өтінімнің толықтығы мен уақтылы ұсынылуы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады делінген.
120-Тармақ. Бюджет кодексінің 67 бабының 1, 12.1 тармақтарының талаптары сақталмай мекеме «Шығыс» шағын ауданында орналасқан инфекциялық аурухана аумағын абаттандыру» объектісі бойынша мемлекеттік сатып алудың бюджет қаражатын жоспарлау кезінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жобалау-сметалық құжаттама болмаған, яғни 300 000,0 мың теңге тиімсіз жоспарланған.
121-Тармақ. Құрылыс қызметі туралы заңның 60-бабының 1-тармағының талаптары сақталмай «Шығыс шағын ауданындағы инфекциялық аурухана аумағын абаттандыру» жұмыстары бойынша шарт тиісті жобалау-сметалық құжаттамасыз жасалды.
122-Тармақ. Мемлекеттік сатып алу туралы заңының 5-бабы 5-тармағының 2) тармақшасының талаптары сақталмай Талдықорған қаласының «Шығыс шағына уданындағы инфекциялық аурухана аумағын абаттандыру» объектісі бойынша сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттама мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылмаған.
123-Тармақ. Нәтижесінде Құрылыс қызметі туралы Заңның 68 - бабының 12-тармағының талаптары сақталмай құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу басталғанға дейін тапсырыс беруші мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органнан белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабардар етпеген. 124-Тармақ. Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-тармағын және №540 бұйрықтың 215-тармағының 4-тармақшасының талаптары сақталмай, мекеме жоғары аталған объекті бойынша мердігердің пайдасына төлемдерді жүзеге асыру кезінде міндеттемені орындаудың толықтығын қамтамасыз етпеген. 15.15. «Талдықорған қаласын жаңа жылдық безендіру бойынша» жұмыстарды орындауға Мекеме «Наружная реклама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2021 жылдың 15 желтоқсанда жалпы сомасы 13 440,0 мың теңгеге №239 келісім шарт жасасқан. 125-Тармақ. Келісім шарттың 4.1. тармағының 2 тармақшасының талаптары сақталмай «Наружная реклама» жауапкершілігі шектеулі
44
серіктестігі 43,2 мың теңге шарттың орындалуын қамтамасыз ету сомасын кем жасаған. 15.16. №540 Бұйрықтың талаптарына сәйкес Дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан асатын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды, мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке қаражат төлеуді, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтерге төлемдерді, науқастарды шетелде емдеуге арналған төлемдерді, ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне төлемдерді қоспағанда, құрылыспен, не ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды реконструкциялаумен, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеумен, сондай-ақ ағымдағы шығындар бойынша шарттарда мемлекеттік мекеменің қабылданған тауарлардың, (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төлеген авансты тепе-тең ұстау туралы шарты болуы қажет делінген.
126-Тармақ. № 540 бұйрықтың 172-тармағының талаптары сақталмай Мекеме «Талдықорған қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің аула аумақтарын, 39 аула аумағын салу» жұмыстары бойынша «Golden City DS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2021 жылдың 4 маусымында жалпы сомасы 1 654 631,1 мың теңгеге жасалған №149 келісім шарт бойынша алдын ала төленген 35 435,3 мың теңге аванс бойынша тепе-тең ұстау туралы шарты сақталмаған.
15.17. Мекеме «Көлсай строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 2021 жылғы 11 мамырдағы жасалған №124 келісім шарт бойынша «Қаратал» саяжай қоғамының сумен жабдықтау желілерінің құрылыс жұмыстары аяқталған алайда 2022 жылға арналған сумен жабдықтау желілеріне қосылу нүктесінің болмауына байланысты құрылысы аяқталған объекті мақсаты бойынша қызмет көрсетпеуде.
127-Тармақ. Бюджет кодексінің 4-бабының 6-тармақшасында көзделген нәтижелілік қағидатының талаптарын сақтамай 2021 жылы 029 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту» бюджеттік бағдарламасының халықты қалалық сумен жабдықтау жүйесінен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі түпкілікті нәтижесіне жалпы сомасы 274 411,5 мың теңгеге қол жеткізілмегені әкеп соқтырған. 15.18. Бюджет кодексінің негізділік принципіне сәйкес бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде бюджетті жоспарлау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану қажетті екендігі айқындалған.
128-Тармақ. Алайда Бюджет кодексінің 4 бабының 9 тармағының және 104-1-бабының талаптары сақталмай Мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға енгізілмеген «Қабанбай батыр көшесі бойындағы сквер» объектісін ұстауға
45
жалпы сомасы 10 442,4 мың теңгеге бюджет қаражатының шығыстарын жүргізу арқылы аталған қаражатты тиімсіз пайдаланған.
15.19. Мемлекеттік мүлік туралы заңның талаптарына сәйкес Мемлекеттік мүлікті басқару заңдылық, есеп берушілік және бақылауда болу, жариялылық, мемлекеттік мүлікті қоғам игілігі үшін тиімді пайдалану және бәсекелестікті дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады делінген. 129-Тармақ. Мемлекеттік мүлік туралы заңының заңдылық, есеп берушілік және бақылауда болу принциптерінің талаптары сақталмай жалпы құны 11 544 748,1 мың теңгені құрайтын құрылыстары аяқталған объектілер нақты пайдаланушы мекемелер мен ұйымдарға берілмеген.
15.20. Құрылыс қызметі туралы заңның талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейiн үш және одан да көп жыл iшiнде құрылысы басталмаған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы ескiрген болып есептеледі және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен түзетілгеннен, қайтадан сараптама жүргізілгеннен және қайта бекiтiлгеннен кейiн iске асыру үшiн пайдаланылады делінген.
130-Тармақ. Бюджет кодексінің 4-бабының 6), 12) тармақшаларында көзделген нәтижелілік пен тиімділік принциптері және Құрылыс қызметі туралы заңның 60 бабының 7 тармағының талаптары сақталмай 2017 жылы әзірленген жалпы құны 17 063,2 мың теңгені құрайтын 2 жоба 2021 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша жүзеге аспай осы жобалық сметалық құжаттамаларға жұмсалған бюджет қаражаттары тиімсіз пайдаланылған.
15.21. Мекеме басшысының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №259-н бұйрығының негізінде 2021-2023 жылдарға арналған 032 «Ведомствалық бағынышындағы мемлекеттік мекемелердің күрделі шығындары» бюджеттік бағдарламасы бекітілген.
Бюджеттiк бағдарламаның тiкелей нәтиже көрсеткiштерi: шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талдықорғанжылусервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына және «Талдықорған Көркейту» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне арнайы техника алу.
131-Тармақ. алайда, коммуналдық қызметтер үшін 34 бірлік мамандандырылған техниканы сатып алу бойынша жалпы сомасы 1 021 600,0 мың теңгеге тікелей нәтиже көрсеткішіне қол жеткізілмеген.
III. Қорытынды бөлік
3.1. Мемлекеттік аудит барысында қабылданған шаралар:
Талдықорған қаласына қарасты мемлекеттік мекемелер бойынша мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 1110,3 мың теңге өтелді, 11 175,1 мың теңге бойынша қалпына келтірілулер жасалды, олар:
- «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
64,3 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы 2024 жылдың 04 сәуіріндегі №2404040750277 төлем түбіртегімен жергілікті бюджетке өндірілді.
46
- «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша:
1 357,0 мың теңгенің өнімі бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде 2383 шотына қойылды.
- «Талдықорған қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі бойынша:
350,3 мың теңге тұрақсыздық айыппұлы 2024 жылдың 17 сәуіріндегі №76 төлем түбіртегімен жергілікті бюджетке өндірілді.
- «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
Артық төленген 149,1 мың теңге сыйақы 13.03.2024 жылғы №2403135962001 түбіртекпен бюджет есебіне өндірілді.
«Талдықорған қаласының мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
Артық төленген 196,7 мың теңге еңбекақы 18.04.2024 жылғы №2404183106399 түбіртекпен бюджет есебіне өндірілді;
Артық төленген 18,8 мың теңге еңбекақы 19.04.2024 жылғы №2404195568469 түбіртекпен бюджет есебіне өндірілді;
Артық төленген 159,1 мың теңге еңбекақы 18.04.2024 жылғы №2404183094770 түбіртекпен бюджет есебіне өндірілді;
Артық төленіп уақытылы ұсталмаған 87,3 мың теңге 22.04.2024 жылғы №2404227993507 түбіртекпен бюджет есебіне өндірілді;
Жалпы сомасы 160,8 мың теңге тұрақсыздық айыппұлдары 10.05.2024 жылғы №2405102503364, №2405102510855, №2405102488884 және 17.05.2024 жылғы №2405171562639 түбіртектерімен бюджет есебіне өндірілді.
«Талдықорған қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
9 528,0 мың теңгенің өнімі бухгалтерлік есепке негізгі құралдар ретінде 2370 шотына қойылды.
- «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша:
Артық төленген 123,3 мың теңге сыйақы 19.01.2024 жылғы №2401197266060 түбіртекпен бюджет есебіне өндірілді;
Артық төленіп уақытылы ұсталмаған 80,6 мың теңге аванс 19.01.2024 жылғы №2401197276904 түбіртекпен бюджет есебіне өндірілді;
Артық төленіп уақытылы ұсталмаған 155,9 мың теңге аванс 23.01.2024 жылғы №2401232361071 түбіртекпен бюджет есебіне өндірілді;
Артық төленіп уақытылы ұсталмаған 139,1 мың теңге аванс 26.01.2024 жылғы №2401266351915 түбіртекпен бюджет есебіне өндірілді.
Тиісті бухгалтерлік анықтама негізінде 290,0 мың теңгенің материалдары мекеме теңгеріміне алынды.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит
47
объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне 12 мемлекеттік аудит объектісі бойынша жалпы саны 29 материал жолданды, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 8 әкімшілік айыппұл, 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 17 әкімшілік айыппұл, 207 бабының 11 тармағына сәйкес 3 әкімшілік айыппұл салынды, олар:
- Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округінің әкімі К.Рыспеков 27.03.2024 ж. №243300720000205 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округінің әкімі К.Рыспеков 27.03.2024 ж. №243300720000206 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округінің бұрынғы есепшісі Еркінқызы Айым 08.04.2024 ж. №243300720000218 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Талдықорған қаласы әкімінің аппаратының бұрынғы басшының міндетін уақытша атқарушы С.Базарбаев 02.04.2024 ж. №243300720000215 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Зейнулда 22.02.2024 ж. №243300720000144 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талдықорған қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі З.Бикенова 22.02.2024 ж. №243300720000143 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1тармағы 2 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
48
- «Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Рымтаев 28.02.2024 ж. №243300720000166 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 11 тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі У.Байдүкенова 04.03.2024 ж. №243300720000172 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1тармағы 2 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Манияров 01.04.2024 ж. №243300720000212 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талдықорған қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі А.Бериккалиева 02.04.2024 ж. №243300720000216 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық округі әкімі Ж.Абишев 28.02.2024 ж. №243300720000145 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық округі әкімі Ж.Абишев 28.02.2024 ж. №243300720000146 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық округі әкімі Ж.Абишев 28.02.2024 ж. №243300720000147 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Э.К. Мукушева 20.05.2024 ж. №243300720000272 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының
49
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 5 (бес) мәрте 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Э.К. Мукушева 20.05.2024 ж. №243300720000273 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 11 тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 2 (екі) мәрте 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас-есепшісі М.Манарбекқызы 20.05.2024 ж. №243300720000270 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас-есепшісі М.Манарбекқызы 20.05.2024 ж. №243300720000271 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы С.Құрманбаев 02.04.2024 ж. №243300720000217 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 11 тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талдықорған қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы бас есепшісі Ә. Бектурова 02.04.2024 ж. №243300720000214 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұрынғы бас есепшісі А.Саутбеков 02.04.2024 ж. №243300720000213 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған;
- «Шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бұрыңғы басшысы М.Д. Кулдыбаев 13.05.2024 ж. №243300720000259 хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің» 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасы бойынша
50
әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 4 (төрт) мәрте 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.
3.2. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша тұжырымдар.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша аудитпен қамтылған жергілікті атқарушы және атқарушы органдар тұтастай алғанда бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануға бағытталған белгілі бір жұмыс жүргізеді деген қорытынды жасауға болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік аудит объектілерінің алдына қойылған міндеттер мен мақсаттырды іске асыру кезінде елеулі олқылықтарда орын алған. Атап айтқанда:
Мемлекеттік аудит нәтижесі бойынша 236 534,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 8 083 825,3 мың теңгені бюджет қаражаттарын тиімсіз жоспарлау, 291 144,5 мың теңге бюджет қаражатын және мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану, 130 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды, сонымен қатар ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайданың сомасы 251 994,3 мың теңгені құраған;
Бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану кезінде нормативтік құқықтық актілерді сақтамау нәтижесінде бухгалтерлік есепті жүргізуді жүйелі түрде бұзуға жол берілген;
Еңбек заңнамаларының сақталмауы салдарынан мемлекеттік аудит объектілерінің қызметкерлеріне негізсіз артық қаражаттар төлеу фактілері және жалақы есебінен аванс түрінде берілген қаражаттардың тиісті түрде ұсталмау фактілері орын алған;
Мемлекеттік аудит объектілерінің есеп айырысу құжаттары бойынша мемлекеттік қызметкерлерге тиесілі қаражаттар нақты есеп айырысу кезінде штаттан тыс қызметкерлерге заңсыз аударылу фактілері орын алған;
Мемлекеттік аудит объектілерінің тарапынан шарттық міндеттемелерді өнім берушілердің (мердігерлердің) тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алу бойынша тиісті деңгейде жұмыс жүргізілмейтіндігі. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу туралы Заңға сәйкес әлеуетті өнім берушілерді жосықсыз деп тану туралы сотқа жүгінбеу фактілері көптеп орын алған;
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын қолданбай жеткізушілермен шарттар жасасу фактілері бар. Яғни, жекелеген жеткізушілердің мүдделері жоғары қойылып (лаббирование интиресов), бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуы мүмкін;
Мемлекеттік аудит объектілерінің тарапынан мемлекет активтерін пайдалану кезінде олқылықтар жіберілген, құрылысы аяқталып пайдаланылуға берілген объектілер уақытылы мемлекеттік мүлікті мақсатты пайдаланушыларға бермеу фактілері орын алған;
Мемлекеттік аудит объектілер басшыларының және есептілікке жауапты қызметкерлерінің жұмыстарына немқұрайлы қарауы салдарынан есепке алынуы тиіс активтер уақытылы есептілікке алынбай есептіліктің бұрмалануларына алып келген;
51
Мемлекеттік аудит объектілері басшыларының және есептілікке жауапты қызметкерлерінің жұмыстарына немқұрайлы қарау салдарынан нақты жасалмаған жұмыстарға бюдет қаражаттарының негізсіз және артық аударылуына және берілген алдын ала төлемдер есепке алынбай артық қаражаттардың аударылуына жол берілген;
Бюджет қаражаты шығындарын жоспарлау кезінде және мемлекет активтерін қолдану кезінде Бюджет кодексімен айқындалған тиімділік, негізділік принциптерінің сақталмауы салдарынын бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімсіз жоспарланылуына, пайдаланылуына және осы қаражаттар мен активтерді пайдалану арқылы межеленген әлеуметтік әсерге қол жеткізілмеуіне жол берілген.
3.3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар.
1. Талдықорған қаласының жергілікті бюджетті жоспарлау, бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті нәтижелері Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында қаралсын.
2. «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне:
1) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 66 бабы 1, 2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 45 бабы 1 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға тәртіптік шаралар қабылдау қамтамасыз етілсін;
2) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей «Алматықалажарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 12-тармағы);
3) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей «Санжар Проект Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 17-тармағы). 3. «Талдықорған қаласы Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне:
1) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 66 бабы 1, 2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 45 бабы 1 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға тәртіптік шаралар қабылдау қамтамасыз етілсін;
2) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей «Энерджи-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 34-тармағы);
52
3) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей «Жылжымалы механикаландыру колонасы - 105» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 36-тармағы);
4) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей «Жетысу Роудс Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 38-тармағы).
4. «Талдықорған қаласының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне:
1) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 66 бабы 1, 2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 45 бабы 1 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға тәртіптік шаралар қабылдау қамтамасыз етілсін;
2) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей «Азамат құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 90-тармағы);
3) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей «Samgar Qurylys» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 94-тармағы);
4) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей «Асылстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 96-тармағы).
5. «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдер дамыту, дене шыңықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
1) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 66 бабы 1, 2 тармақтарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 45 бабы 1 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға тәртіптік шаралар қабылдау қамтамасыз етілсін;
2) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей «OLIVIN Lighting (ОЛИВИН Лайтинг)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 73-тармағы);
3) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей «F-LINE» жеке кәсіпкерден тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 75-тармағы);
4) Белгіленген тәртіппен жалпы құны 1 225,8 мың теңгенің материалдық құндылықтары мекеменің теңгеріміне алынуы қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 69, 70-тармақтары).
53
6. «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
1) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей Е.А.Сабырбаеваға артығымен төленген 117,1 мың теңге қаражат жергілікті бюджет есебіне өндірілуі қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 101-тармағы);
2) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей А.К.Барлыбековке төленген 251,2 мың теңге сыйақы жергілікті бюджет есебіне өндірілсін (аудиторлық қорытындының 104-тармағы);
3) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей 2020 жылдың кезеңінде «ПМК-7К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне артық төленген 23 415,1 мың теңге жергілікті бюджет есебіне өндірілуі қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 111-тармағы);
4) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей «ПМК-7К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша 175 692,6 мың теңгеге аяқталмаған жұмыстардың қалпына келтірілуі қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 116-тармағы);
5) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей «ПМК-7К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілсін (аудиторлық қорытындының 118-тармағы);
6) 2024 жылдың 20 шілдесінен кешіктірмей мекеменің теңгерімінде аяқталған құрылыстар бойынша түгендеу шаралары жүргізіліп, пайдаланушы ұйымдарға беруге бағытталған шаралар қабылдансын (аудиторлық қорытындының 129-тармағы).
7. Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы А.К. Жаншабай «Талдықорған қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемелекеттік мекемесі, «Талдықорған қаласының мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Талдықорған қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша материалдар Жетісу облысының прокуратурасына құқық бұзушылық белгілері бар факті ретінде жолдансын.