Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының
2023 жылға аудиторлық қызметінің негізгі қорытындылары (2024 жылғы 28 маусымдағы жағдай бойынша)
1.1 2023 жылға аудиторлық қызметтің түйінді көрсеткіштерін жалпы талдау.
Жүргізілген аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының саны: 15, оның ішінде тиімділікке 15 аудиторлық іс-шара.
Бақылау объектілерінің саны: 145.
Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері актілерінің барлық анықталған бұзушылықтары – 192 306 155,1 мың теңге, оның ішінде;
қаржылық бұзушылықтар – 149 299 838,3 мың теңге (қалпына келтіруге жатады – 146 792 622,0 мың теңге, өтелуге жатады – 2 507 216,3 мың теңге);
тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты, мемлекет активтері – 31 395 241,2 мың теңге;
тиімсіз жоспарлау – 11 611 075,6 мың теңге.
Есепті кезеңде қалпына келтіруге (өтеуге) жататын сома – 149 299 838,3 мың теңге.
Қалпына келтірілген (өтелген) сомалар – 147 026 098,3 мың теңге. (ұзартуды ескере отырып қалғандардын мерзімдері келген жоқ)
Процедуралық сипаттағы бұзушылықтар-576.
Сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізу кезінде анықталған құқық бұзушылықтар бойынша құқық қорғау органдарына жіберілген мемлекеттік аудит материалдарының саны – 3, оның ішінде: сот немесе құқық қорғау органы қараусыз қалдырған материалдар саны – 2, құқық қорғау органдары қабылдаған өзге де шешімдер -1.
Жауаптылыққа тартылған лауазымды адамдардың саны- 312, әкімшілік - 271, тәртіптік - 41, қылмыстық - 0.
Тексеру комисиясының ұсынымдарының және нұсқамаларының (тапсырмаларының) орындалуы:
Есепті кезеңде ұсынымдар - 2, орындалғаны - 2
Есепті кезеңде тапсырмалар - 200, орындалғаны - 111, орындалмады - 1, қалған 88 орындалу мерзімі жетпеген.
1.2 2023 жылғы аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін талдау.
Оның ішінде:
- жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша жергілікті бюджетті жоспарлау, жергілікті бюджет қаражатын және Текелі қаласы мемлекетінің активтерін пайдалану тиімділігіне жалпы сомасы 1 717 357,5 мың теңгеге бюджет қаражаты қамтылды. Жалпы бұзушылықтар 5 681,6 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 1 850,4 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 1 175,8 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 2 655,4 мың теңге, сондай ақ процедуралық сипаттағы 3 бұзушылық;
- жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша жергілікті бюджетті жоспарлаудың, жергілікті бюджет қаражатын және Қаратал ауданы мемлекетінің активтерін пайдаланудың тиімділігіне жалпы сомасы 5 317 890,3 мың теңгеге бюджет қаражаты қамтылды. Жалпы бұзушылықтар 145 362,5 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 61 156,2 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 5 336,0 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 78 870,3 мың теңге. Бұдан басқа, бюджет қаражатын пайдалану кезінде 605,9 мың теңгені, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы 26 бұзушылықты құраған ықтимал шығындар мен жоғалған пайда анықталды;
- жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша жергілікті бюджетті жоспарлау, жергілікті бюджет қаражатын және Көксу ауданы мемлекетінің активтерін пайдалану тиімділігіне жалпы сомасы 3 669 997,7 мың теңгеге бюджет қаражаты қамтылды. Жалпы бұзушылықтар 376 715,2 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 211 688,2 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 165 027,0 мың теңге, сондай ақ процедуралық сипаттағы 8 бұзушылық;
- өткізілген аудиторлық іс-шара бойынша Алакөл курорттық аймағын дамыту және Алакөл көлінің жағалауы инфрақұрылымын абаттандыру мәселелерінің тиімділігіне жалпы сомасы 8 269 944,2 мың теңгеге бюджет қаражаты қамтылды. Жалпы бұзушылықтар 2 052 001,5 мың теңгені құрады - қаржылық бұзушылықтар. Бұдан басқа, бюджет қаражатын пайдалану кезінде 194 823,7 мың теңгені құрайтын ықтимал шығындар мен жоғалған пайда, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы 3 бұзушылық анықталды;
- жылумен жабдықтау, тартылған қаржы қаражатын мақсатты пайдалану және инвестициялық бағдарламаларды орындау саласындағы басқарманың тиімділігіне жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша жылу энергиясын өндіру және беру объектілері аудитпен жалпы сомасы 16 888 279,9 мың теңгеге бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін қамтыды. Жалпы бұзушылықтар 698 020,7 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 109 732,3 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 588 288,4 мың теңге. Бұдан басқа, мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде 687 260,6 мың теңгені, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы 35 бұзушылықты құраған ықтимал шығындар мен жоғалған пайда анықталды;
- өткізілген аудиторлық іс-шара бойынша Жетісу облысының құрылыс басқармасының қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне аудитпен жалпы сомасы 14 510 731,6 мың теңгеге бюджет қаражаты қамтылды. Жалпы бұзушылықтар 221 653,4 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 12 874,4 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 208 779,0 мың теңге, сондай ақ процедуралық сипаттағы 9 бұзушылық;
- жүргізілген аудиторлық іс-шара бойынша Жетісу облысының ветеринария басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалануға жалпы сомасы 3 983 160,0 мың теңгеге мемлекет активтері аудитпен қамтылды. Жалпы бұзушылықтар 28 084,9 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 3 491,3 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 24 593,6 мың теңге, сондай ақ процедуралық сипаттағы 8 бұзушылық;
- өткізілген аудиторлық іс-шара бойынша мемлекет активтерін пайдаланудың, Ақсу ауданының жергілікті бюджет қаражатын жоспарлау мен орындаудың тиімділігіне жалпы сомасы 5 976 988,6 мың теңгеге бюджет қаражаты қамтылды. Жалпы бұзушылықтар 81 986,5 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 58 852,0 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 23 134,5 мың теңге. Бұдан басқа, бюджет қаражатын пайдалану кезінде 5 233,3 мың теңгені, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы 16 бұзушылықты құраған ықтимал шығындар мен жоғалған пайда анықталды;
- Жетісу облысының жол құрылысына бюджет қаражатын пайдаланудың мемлекеттік аудиті бойынша жалпы сомасы 8 579 555,9 мың теңгеге бюджет қаражаты қамтылды, жалпы бұзушылықтар 1 362 828,3 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 186 618,6 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 1 176 209,7 мың теңгеге анықталды. Бұдан басқа, бюджет қаражатын пайдалану кезінде 7 463,9 мың теңгені құрайтын ықтимал шығындар мен жоғалған пайда анықталды, сондай ақ процедуралық сипаттағы 26 бұзушылық;
- Алакөл ауданының мемлекет активтерін пайдалану, жергілікті бюджет қаражатын жоспарлау және атқару тиімділігінің мемлекеттік аудиті бойынша жалпы сомасы 11 237 522,5 мың теңгеге бюджет қаражаты қамтылды, жалпы бұзушылықтар 2 953 186,8 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 604 120,1 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 2 292 935,3 мың теңгеге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 56 131,4 мың теңгеге анықталды, сондай ақ процедуралық сипаттағы 51 бұзушылық;
- Сарқан ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау, бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті бойынша жалпы сомасы 4 459 413,0 мың теңгеге бюджет қаражаты қамтылды. Жалпы бұзушылықтар 3 225 928,7 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 472 230,8 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 1 812 247,6 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 941 450,3 мың теңге, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы 109 бұзушылық;
- Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу бойынша жалпы сомасы 8 909 261,6 мың теңгеге қаражаты қамтылды, оның ішінде: бюджет қаражаты -198 995,4 мың теңге, мемлекет активтері - 8 710 266,2 мың теңге. Жалпы бұзушылықтар 4 336 316,2 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 2 494 744,3 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 39 601,9 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 1 801 970,0 мың теңге. Бұдан басқа, бюджет қаражатын пайдалану кезінде 1 705 793,0 мың теңгені, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы 152 бұзушылықты құраған ықтимал шығындар мен жоғалған пайда анықталды;
- «Жетісу облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті бойынша жалпы сомасы 832 239,0 тыс. теңгеге бюджет қаражаты қамтылды. Жалпы бұзушылықтар 124 659,6 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 4 716,1 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 22 100,0 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 97 843,5 мың теңге, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы 30 бұзушылық;
- Кербұлақ ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау, бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті бойынша жалпы сомасы 4 862 455,6 мың теңгеге қаражаты қамтылды, оның ішінде: бюджет қаражаты - 4 691 047,4 мың теңге, мемлекет активтері - 171 408,2 мың теңге. Жалпы бұзушылықтар 3 880 441,7 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар 196 089,3 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 1 294 174,3 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 2 390 178,1 мың теңге. Бұдан басқа, бюджет қаражатын пайдалану кезінде 10 632,8 мың теңгені, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы 85 бұзушылықты құраған ықтимал шығындар мен жоғалған пайда анықталды;
- Жетісу облысының жергілікті бюджетінің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің аудиті бойынша жалпы бұзушылықтар 172 813 287,5 мың теңгені құрады, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар болып табылатын қаржылық есептіліктің белгіленген бұрмаланулары 142 829 672,8 мың теңгені құрады, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау 4 758 516,0 мың теңге, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану қаражат 25 225 098,7 мың. теңге, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы 15 бұзушылық.
Қаржылық бұзушылықтардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі № 409 Азаматтық кодексінің, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Қазақстан Республикасының Заңының, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңының, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының, «Қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Шет мемлекеттерге өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысының, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының қазыналық кәсіпорындары қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының, «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және олардың лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысының, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары үшін жанар-жағармай материалдары шығыстарының және автокөлікті ұстауға арналған шығыстардың нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысының, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысының, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығының, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығының, «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының, « Бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығының, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығының, ҚР ҚДЗ жинағының 8.04-05-2015 (20.12.2017 ж. өзгерістерімен қыс мезгілінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қосымша шығындардың сметалық нормаларының жинағы) талаптары сақталмағандықтан орын алған.
Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен тиімсіз жоспарлаудың негізгі бұзушылықтарына Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 Заңының, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V Заңының, «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығының талаптары сақталмағандықтан орын алған.
Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың басым бөлігі «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңының, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңының, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығының, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығының, «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығының талаптарын сақтамау салдарынан жол берілді.
Мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша берілген тұжырымдар және ұсынымдар (бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша жүйелі ұсыныстар).
Жол берілген бұзушылықтар мен кемшіліктердің негізгі себебі Қазақстан Республикасының қолданыстағы бюджет және өзге де заңнамасын жеткіліксіз білуі, лауазымды адамдардың бюджет қаражатын пайдалануына тиісінше бақылау жасамауы болып табылады. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы аудит объектілеріне нұсқамалар уақтылы жолдады.
2023 жылғы қорытындысы бойынша тексеру комиссиясы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 36 хаттама жасады, оның ішінде оңайлатылған рәсім бойынша тексеру комиссиясы қарады 10 хаттама және 26 хаттама қарау үшін сот органдарына жіберілді. Сот органдары 25 әкімшілік хаттаманы қарады және 1 хаттама бойынша әкімшілік іс тоқтатылды. Уәкілетті органдарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау үшін 204 материал берілді, оның ішінде 189 материал қаралды, қарау сатысында 10 материал және 5 материал бойынша өндірістен бас тартылды. Тексеру комиссиясының материалдары бойынша барлығы 224 әкімшілік іс қозғалды, 1 іс тоқтатылды және 5 материал бойынша іс жүргізуден бас тартылды.
Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы 2023 жылғы уәкілетті органдарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін 204 материал жіберді, оның ішінде:
– 189 материал бойынша тиісті әкімшілік хаттамалар жасалып, бюджетке 17 785,5 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл өндірілді;
- қарау сатысында 10 материал;
- 5 материал бойынша – әкімшілік құқық бұзушылық жасаудан бас тартылды.
Жыл басынан бері тексеру комиссиясының қызметкерлері тиісті хаттамалар жасап, сот органдарына 26 материалды қарауға жолдады, оның ішінде:
- 25 материал қаралды, олар бойынша 7 007,0 мың теңге сомаға әкімшілік айыппұлдар салынды;
- 1 әкімшілік іс тоқтатылды.
Тексеру комиссиясы көрсетілген кезеңде оңайлатылған рәсім бойынша 10 хаттама жасап, қарады, олар бойынша бюджетке 1 776,8 мың теңге салынды және өндірілді.
Тексеру комиссиясының қызметкерлері арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында тұрақты негізде аудитке шыққанға дейін әдеп жөніндегі уәкілді тарта отырып, техникалық оқу жүргізіледі.
Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясы ҚР «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» № 392-V ҚРЗ Заңының 18-бабына сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің Тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) негізінде мемлекеттік аудит жүргізеді. Жетісу облысы бойынша 2024 жылғы алдағы аудиторлық іс-шаралар Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының сайтында сілтеме бойынша орналастырылған Тізбеде көрсетілген https://www.gov.kz/memleket/entities/revkom-jetysu/documents/details/576027?lang=ru
(1.2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі. Жүктеуге арналған файлдар, 3. Жүктеу).