Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023-2024 жылдарға арналған мемлекеттік аудитпен қамтылатын объектілер тізбесіне сәйкес, Талдықорған қаласының жергілікті бюджетті жоспарлау, бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді.
Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша аудитпен қамтылған жергілікті атқарушы және атқарушы органдар тұтастай алғанда бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануға бағытталған белгілі бір жұмыс жүргізеді деген қорытынды жасауға болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік аудит объектілерінің алдына қойылған міндеттер мен мақсаттырды іске асыру кезінде елеулі олқылықтарда орын алған. Атап айтқанда:
Аудит нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы нормаларының, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілері актілерінің анықталған бұзушылықтарының жалпы сомасы 8 611 504,1 мың теңгені құрады.
Оның ішінде:
1) қаржылық бұзушылықтар 236 534,3 мың теңге (қалпына келтіруге жатқызылатыны 211 640,6 мың теңге, бюджет есебіне өндірілуге жататыны 24 893,7 мың теңге);
2) бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 291 144,5 мың теңге;
3) бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 8 083 825,3 мың теңге;
4) Жіберіліп алған пайда – 251 994,8 мың теңге;
5) Рәсімдік бұзушылықтар – 130 дана.
Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін бюджет есебіне жалпы сомасы 1 110,3 мың теңге өтелді, 11 175,1 мың теңге бойынша қалпына келтірілулер жасалды
Бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнама талаптарын бұзған 16 лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында материалдар Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданып олар бойынша 29 әкімшілік айыппұлдар салынды.
Тексеру комиссиясы өз тарапынан әкімшілік іс қозғап 1 лауазымды тұлғаға 2 факт бойынша әкімшілік айыппұл салды.
Аудит қорытындысы бойынша белгіленген бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында тексеру комиссиясы әзірленген тапсырмалар мен ұсынымдар жіберді.