Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама.

«Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, пошталық және тұрғылықты мекен жайы: пошталық индекс 040000 Жетісу облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі 241 үй жұмыс тел.: 8 7282 24 02 06; факс: 8 7282 24 13 89; байланыс телефоны 87071485292  электрондық мекен жай: kense@revkom7su.gov.kz

       

        Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит бөлімінің бас инспектор – мемлекеттік аудиторы, 2 бірлік, индекс ОГА-11, индекс ОГА-12

Функционалдық міндеттері:

        Бөлім туралы Ережеде көзделген функцияларды орындау шеңберінде өз қызметін лауазымдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асыру; тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне сәйкес аудиторлық іс-шараларды (тиімділік аудиті, сәйкестік аудиті, қаржылық есептілік аудиті) және сараптамалық-талдамалық іс-шараларды жүргізу; сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеуді жүзеге асыру; Бөлім басшысы басшылығымен мемлекеттік аудит тобының құрамында аудиторлық қорытындының, жиынтық тізілімнің және нұсқаманың жобасын (бұдан әрі – аудит) дайындауды жүзеге асыру; мемлекеттік аудит тобы басшысының аудит жүргізу процесінде аудиторлық іс-шара шеңберінде жүргізілген жұмыс туралы хабардар ету; сапаны бақылау ескертулерімен келіспеген жағдайда (мемлекеттік аудит тобының басшысы ретінде аудиторлық іс-шараға қатысқан кезде)сапаны бақылаудың сараптамалық қорытындыларына қарсылықтар дайындауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген мемлекеттік қызметшілердің өзге де міндеттері.

        «А» - функционалдық блогы

        Негізгі еңбек ақысының көлемі мен шарттары: әр айдың 25 жұлдызына дейін жұмыс өтіліне байланысты 305232 теңгеден 350615 теңгеге дейін

 

Жалпы біліктілік талаптары

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқықтану, құқық, экономика, қаржы, есеп және аудит

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  • жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
  • жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
  • осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Қосымша талаптар: мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы.

 

      Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

      Қажетті құжаттар тізбесі:

  • Өтініш;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.     

      Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

      

       Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

       Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

       Әңгімелесу Жетісу облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі 241 үй 401 кабинет мекен жайы бойынша өткізіледі

      

       Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

 

       Конкурс комиссиясының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы ақпарат. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

       Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

       Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.

Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша Конкурс өткізу Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.

Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында немесе персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) қаралады.

Конкурс комиссиясы немесе персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қабылданған шешім туралы, ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.

Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде, сондай-ақ уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері конкурс құжаттарымен, тестілеу және әңгімелесу нәтижелерімен таныса алады.

Дата публикации
27 июня 2024