Пресс-релиз Облздрав

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылуна жүргізілген тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

Жетісу облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне аудит жүргізілді.

Мемлекеттік аудитпен денсаулық сақтау басқармасына қарасты 2 коммуналдық мемлекеттік мекеме және 7 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары бойынша 2020 жылдың қазанынан бастап, 2022 жылдың  желтоқсаны аралығындағы кезең қамтылды.

Мемлекеттік аудитпен жоғары аталған мекемелер мен кәсіпорындарға қарастырылған жалпы сомасы 8 909 261,6 мың теңгенің бюджет қаражаттары мен активтері аудитпен қамтылды.  

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 4 340 196,0 мың теңгені құрады. Оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар - 2 498 624,1 мың теңге, қалпына келтірілуге жататыны - 308 901,7 мың теңге, өтелуге жататыны - 2 189 722,4 мың теңге, бюджет қаражатын және активтерді тиімсіз жоспарлау және пайдалану сомасы 1 841 571,9 мың теңге.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының салалық заңнама талаптарын сақтамау салдарынан орын алған 152 дана рәсімдік бұзушылықтар және 4 дана жүйелі кемшіліктер мен олқылықтар анықталды.

Анықталған 2 498 624,1 мың теңге қаржылық бұзушылықтардың 5 857,0 мың теңгесі мемлекеттік аудит барысында бюджет есебіне өндірілді, 580,0 мың теңге есептілік бойынша, 1 766,6 мың теңге жұмыстар орындау арқылы қалпына келтірулер жасалды.  

Жалпы аудитпен қамтылған 9 объекті бойынша 15 әкімшілік айыппұл салынды, оның ішінде 12 әкімшілік айыппұл Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен, 3 әкімшілік айыппұл Жетісу облысының құрылыс бақылау инспекциясымен.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін Қазақстан Республикасы бюджет және өзгеде заңнамаларының бұзылуына жол берген мемлекеттік аудит объектілерінің 2 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Аудит қорытындысы бойынша белгіленген бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында тексеру комиссиясы әзірленген тапсырмалар мен ұсынымдар жіберді.

Дата публикации
20 ноября 2023