Баспасөз-хабарлама Сарқан ауданы (10.10.2023 ж)

2023 жылғы 10 қазанында мәслихат депутаттарының және қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді, онда Сарқан ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау, бөлінген бюджет қаражатының және мемлекет активтерінің пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.

Мемлекеттік аудит жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 15 мемлекеттік мекемелерде жүргізіліп, 2021 жылдың қаңтарынан бастап 2022 жылдың желтоқсаны аралығындағы кезең қамтылды.

Сарқан ауданында салалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының 4 459 413,0 мың теңгесі мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Мемлекеттік аудитпен бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың жоспарлауын талдау барысында Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің принциптері сақталмай жалпы сомасы 1 812 247,6 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жоспарланғаны анықталды.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың қызметін іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражаттың орындалуын талдау барысында Бюджет кодексінің принциптері сақталмай жалпы сомасы 941 450,3 мың теңге бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалғаны анықталды.

Мысалы: «Сарқан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2021 жылдың шілде айында Сарқан ауданында барлық коммуналдық қызметтерді орталықтандыру мақсатында 71 900,0 мың теңгеге сатып алынған «SmartSiCenter платформасындағы «Бірыңғай есеп айырысу орталығы» бағдарламалық жасақтамасы» бүгінгі күнге дейін мүлдем пайдаланылмайтындығы анықталды.

         Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының және мемлекеттік мекемелер мен мердігерлер арасында жасалған келісім шарттың талаптарына қайшы Сарқан ауданының мемлекеттік мекемелері мердігерлерден мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін жалпы сомасы 1 974,8 мың теңге тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды қамтамасыз етілмей, мемлекеттік сатып алу заңының талаптарына сәйкес мердігерлерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

Сарқан ауданының мемлекеттік мекемелерінде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын талдау барысында жалпы сомасы 476 432,2 мың теңге негізгі құралдар мен материалдық активтер бухгалтерлік балансқа алынбай, активтер сомасы азайып, қаржылық есептіліктің бұрмалануына әкелгені анықталды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу процесстерін реттейтін заңнаманың бірқатар бұзушылықтарын анықтады.

Сарқан ауданының мемлекеттік мекемелері тарапынан мердігер компаниялардың шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін жалпы сомасы 1 974,8 мың теңге тұрақсыздық айыпұлын өндіріп алу қамтамасыз етілмей, шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін мердігер компанияларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 3 227 748,9 мың теңгені құрады.

Қаржылық бұзушылықтар 474 051,0 мың теңге, оның ішінде: қалпына келтіруге жатқызылатыны 462 551,3 мың теңге (мемлекеттік аудит барысында 398 315,5 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды), бюджет есебіне қайтаруға жататыны 11 499,7 мың теңге (мемлекеттік аудит барысында бюджет есебіне жалпы сомасы 349,2 мың теңгесі өндірілді)

Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 941 450,3 мың теңге;

Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 1 812 247,6 мың теңге;

Сонымен қатар 109 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

Мемлекеттік аудит барысында және тексеру комиссиясының отырысы өткізілуге дейін 15 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларының әкімшілік жауапкершілігін қарастыру мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын соттар мен уәкілетті органдарға 11 мемлекеттік аудит объектісі бойынша жылпы саны 49 материал жолданды, оның ішінде:

- Жетісу облысы Сарқан аудандық сотына жылпы саны 8 материал жолданды, бүгінгі күнге, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 234-1 бабына сәйкес 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жылпы саны 37 материал жолданды, бүгінгі күнге, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 238 бабының 1 тармағы 2 тармақшасына сәйкес 11 лауазымды тұлға, 207 бабының 10 тармағы 3 тармақшасына сәйкес 17 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Жетісу облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жалпы саны 4 материал жолданды, бүгінгі күнге, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 321 бабына сәйкес 1 лауазымды тұлға, 316 бабының 1 тармағына сәйкес 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

 

Дата публикации
11 октября 2023