Пресс-релиз Ақсу ауданы 2022

2023 жылғы 16 маусымында мәслихат депутаттарының қатысуымен Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді, онда Ақсу ауданының жергілікті бюджетті жоспарлау, жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.

Мемлекеттік аудит жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 20 мемлекеттік мекемелерде жүргізіліп, 2021 жылдың қаңтарынан бастап 2022 жылдың желтоқсаны аралығындағы кезең қамтылды.

Ақсу ауданында салалар бойынша бөлінген бюджет қаражатының 5 976 988,6 мың теңгесі мемлекеттік аудитпен қамтылды.

Мемлекеттік аудитпен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің және Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу заңнамалары нормаларын сақталмауы анықталды.

Мысалы, Ақсу ауданының мемлекеттік мекемелерінде жалпы сомасы 49 853,4 мың теңге негізгі құралдар мен материалдық активтер бухгалтерлік балансқа алынбаған.

Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік балансында жалпы сомасы 4 037,6 мың теңге дебиторлық берешек және жалпы сомасы 806,6 мың теңге кредиторлық берешек көрсетілмей, нәтижесінде бұрмаланған қаржылық есептілік жасалған.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу процесстерін реттейтін заңнаманың бірқатар бұзушылықтарын анықтады.

Мысалы, Ақсу ауданының мемлекеттік мекемелері тарапынан мердігер компаниялардың шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін жалпы сомасы 1 082,1 мың теңге тұрақсыздық айыпұлын өндіріп алу қамтамасыз етілмей, шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін мердігер компанияларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеген.

Жансүгіров ауылында салынып, тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға берілген 29 жеке тұрғын үйдің тұрғындарымен жалға беру келісім шарттары жасалмаған.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін уәкілетті органмен бекітілмей, 2022 жылы бюджетке жіберіліп алған пайда 5 233,3 мың теңгені құраған.

Сонымен қатар, 2021 жылдың желтоқсанынан осы күнге дейін Қалилаханов көшесіндегі №123 (70 ш.м.) тұрғын үйді тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына пайдалануға берілуі қамтамасыз етілмеген.

Жүргізілген аудитпен «Қарашілік орта мектебінде спорт алаңын жайластыру» жобасы бойынша «Қарашілік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға 1 125,2 мың теңге негізсіз аударылғаны анықталды.

Сондай-ақ, аудит кезінде еңбекақыны, үстемеақыларды, сыйақы төлемдерін, іссапар шығыстарын негізсіз аудару және жанар-жағар майды негізсіз есептен шығару  фактілері бойынша Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамаларының  бұзушылықтары анықталды.

Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 87 219,8 мың теңгені құрады.

Қаржылық бұзушылықтар 58 852,0 мың теңге, оның ішінде: қалпына келтіруге жатқызылатыны 51 635,2 мың теңге (мемлекеттік аудит барысында 49 991,4 мың теңге бухгалтерлік есеп бойынша қалпына келтірулер жасалды), бюджет есебіне қайтаруға жататыны 7 216,8 мың теңге (мемлекеттік аудит барысында бюджет есебіне жалпы сомасы 5 916,4 мың теңгесі өндірілді)

Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану – 17 444,5 мың теңге;

Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау – 5 690,0 мың теңге;

Жіберіп алған пайда 5 233,3 мың теңге.

Сонымен қатар 16 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алған.

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне қаржылық есептілікті бұрмалау фактілері бойынша әкімшілік іс қозғау үшін 12 әкімшілік материал жіберіліп, қысқартылған тәртіппен төленген айыппұл сомасы 1 035,0 мың теңгені және әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап арызбен сотқа жүгінбеу фактілері бойынша 8 әкімшілік материал жіберіліп, қысқартылған тәртіппен төленген айыппұл сомасы 414,0 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар, Тексеру комиссиясы тарапынан бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлағаны үшін 1 лауазымды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, Ақсу аудандық сотының қаулысымен 241,5 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.

 

Пресс-релиз Ақсу ауданы 2022
Дата публикации
19 июня 2023