«Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, пошталық және тұрғылықты мекен жайы: пошталық индекс 040000 Жетісу облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі 241 үй жұмыс тел.: 8 7282 24 02 06; факс: 8 7282 24 13 89; байланыс телефоны 87071485292 электрондық мекен жай: kense@revkom7su.gov.kz
Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының қаржылық – құқықтық қамтамасыз ету және сапаны бақылау бөлімінің бас инспекторы, 1 бірлік, индекс ОФ-ЮОИКК-5 (уақытша, негізгі қызметкердің жүктілік пен босануына байланысты демалысы мерзіміне 2026 жылғы 10 қыркүйекті қоса алғандағы мерзімге)
Функционалдық міндеттері:
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеуді жүзеге асыру; қолданыстағы заңнамаға сәйкес Тексеру комиссиясының бухгалтерлік есебін жүргізуді қамтамасыз ету; есептеулер мен төлемдерді уақтылы жүргізуге: Тексеру комиссиясының Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүргізеді және қамтамасыз етеді; мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Тексеру комиссиясының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, материалдық құндылықтардың есебін жүргізеді және жыл сайынғы түгендеу жүргізеді; заңнамада көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
«А» - функционалдық блогы
Негізгі еңбек ақысының көлемі мен шарттары: әр айдың 25 жұлдызына дейін жұмыс өтіліне байланысты 354 069 теңгеден 406 714 теңгеге дейін
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика, қаржы, есеп және аудит
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Қажетті құжаттар тізбесі:
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Әңгімелесу Жетісу облысы Талдықорған қаласы Абай көшесі 241 үй 305 кабинет мекен жайы бойынша өткізіледі
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Конкурс комиссиясының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы ақпарат. Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі келіп түскен шағымды қарайды және оның негізінде тексеру жүргізеді.
Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша Конкурс өткізу Қағидалардың бұзылуы анықталған жағдайда, уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі Заңның 5-бабы 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізеді.
Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің ұсынысы конкурс комиссиясының бұрынғы құрамымен оның отырысында немесе персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) қаралады.
Конкурс комиссиясы немесе персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) қабылданған шешім туралы, ол қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне және шағым берген конкурс қатысушысына немесе кандидатқа хабарлайды.
Конкурс қатысушылары мен кандидаттар өздеріне қатысты бөлігінде, сондай-ақ уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері конкурс құжаттарымен, тестілеу және әңгімелесу нәтижелерімен таныса алады.