
Мұхамеджанов Бақытжан Әбділдәұлы 1987 жылы 04 мамырда Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары, 2008 жылы Басқару институтын қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.
Отбасылық жағдайы: үйленген, ұлы бар
2008-2009 жж Ақсу ауданы Матай кенттік округі әкімі аппаратының бас маманы; 2009-2010 жж Ақсу ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы; 2010 жылы Ақсу ауданы әкімінің көмекшісі; 2011-2012 жж Ақсу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы;2012-2019 жж Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясында жетекші маман – жетекші бақылаушы-ревизоры, бас маман – бас бақылаушы-ревизоры, бөлім басшысы – мемлекеттік аудитор лауазымдарын атқарды.
2019 жылдың 15 ақпанында Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.
2022 жылдан бастап Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.