
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты жолдауында еліміздегі пайдаланылмай жатқан жер телімдерін қайтарып алу жөнінде айтқан болатын.
Осыған орай Жамбыл ауылдық округіне қарасты «Шиндал-Сан» 3505 га , «Қуат ЛТД» 14000 га, «Тengri Land» 400 га ЖШС жерлерін аудан жер қорына қайтару үшін Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды.
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтың 2017 жылғы 6-наурызында бекіткен жер қатынастарын реттеу саласындағы міндеттерді іске асыру жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2.1-тармағына яғни, халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті ауылдық елді мекендер төңірегінде жайылымдық алқаптардың шекараларын анықтау және белгілеу жұмыстары қолға алынды.
Жалпы ауылдық округ бойынша 1661 га жайылымдық жер халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін елді мекеннің төңірегінде белгіленді.