Текес ауылдық округінде 1 мәдениет үйі бар. 4 штаттық кестемен 5 қызметкер жұмыс жасайды. Мәдениет үйінде «Алтын қазық» әнші әжелер ансамблі өз кестелерімен жүргізіледі.
Аудан, облыс көлемінде жеткен жетістіктер де баршылық. Атқарылған іс-шаралар өз уақытысында әлеуметтік желілерде жарияланады.
Текес ауылдық мәдениет үйінің 2022 жыл ішінде атқарған іс-шаралар жайлы тоқталар болсақ:
Жыл басынан бері жоспар жасалап, арнаулы бағаттармен жалпы 120 іс-шаралар мән-мағынасымен өткізілді.
«2022 жыл – Балалар жылына» орай басымдық беріліп, барлығы 55 шара балалардың ой-сезімдерін ояту мақсатында көңілді, думанды іс-шаралар атқарылды.
Ағымдағы 2023 жыл басынан бері мәдениет үйінде "Ауылым алтын бесігім" атты ауқымды шара жәнеде басқада 15 іс-шара атқарылды.