
Текес ауылында спорттық іс-шаралар жоспарлы түрде ұйымдастырылып тұрады.
Спорт арқылы ауылымызды салауатты өмір салтын ұстауды насихаттау,ауыл спортшыларының басын қосу, әр түрлі спорт түрінен ауыл құрамасын дамыту аудандық жарыстарға шығару.
Атап айтар болсақ:
Ағымдағы жыл басынан бері Текес ауылдық округінің азаматтары арасында 19.01.2023 күні «Ауылым алтын бесігім-V» спартакиадасы аясында «Үстел теннисінен» жарыс өткізілді. Жарысқа ауыл азаматтары белсене қатысты. Жарысқа қатысушылар саны 8 спортшы. Жарыс нәтижесі бойынша:
1 орын: Молдаш Саят
2.орын: Сламбек Мейірбек
3 орын: Әдік Айдос иеленді.
2023 жылдың 09 қаңтар күні Текес ауылдық округі азаматтарының қатысыуымен «Шаңғыдан» Райымбек аудандық жарысқа іріктеу жарысы өткізілді. Жарысқа 6 спортшы қатысып, жарыс нәтижесі бойынша:
1 орын: Момбаев Берік
2 орын: Ыбырайымов Фархат
3 орын: Таубалдиев Ғазиз иеленді.