Райымбек ауданының«Тегістік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 21 сәуір күні, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 2024 жылғы атқарылған жұмыстары жөнінде жария талқылау өткізілді.
Тегістік ауылдық округі бойынша 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер жайлы мәлімет.
Райымбек ауданының «Тегістік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
1. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
2. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
4. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
Әкімдік ғимаратында «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналасқан. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы стандарттық талапқа сай жабдықталған.
Ғимаратта мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде қолжетімді және халықты ақпараттандыру мақсатында стендтер мен көрнекі ақпараттар орналасқан.
Тегістік ауылдық әкімшілігі ғимаратында орналасқан «Электрондық үкімет» порталы (www.egov.kz) арқылы 2024 жылы 225 электрондық қызмет көрсетілді.
2023 жылы барлығы 11 жеке тұлға және 1 кооператив несие алды, жалпы несие сомасы – 73 млн 555 мың теңге.
Биылғы 2024 жылға 2 кооператив, 3 жеке тұлғаның құжаттары жиналып, облыстық комиссия қарауына жіберілді. Атап айтқанда:
Жалпы сомасы – 78 млн 910 мың теңге.
Шілде айының 18 жұлдызында аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы Тегістік ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесуін өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары дренаж жүйесін жүргізу, су мәселелерін көтерді. Берік Фатықұлы кездесуден соң көтерілген мәселе бойынша ауылда салынып жатқан су құбырларының құрылыс жұмыстарын көріп қайтты.
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ауыл әкімі Абдикасимов Қайнар Изаұлының Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектептің оқу үздіктері мен аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларға және спорттық жарыстарға қатысып жүлделі орын иеленіп келген, мектеп мақтанышына айналған оқушылармен және Аналар кеңесінің төрайымымен бірлескен кездесуі өткізілді. Ауыл әкімі оқушылардың білім саласы бойынша жеткен жетістіктері және балардың болашағы жайында өз пікірін айтып, алғыс хаттарын табыс етті. Ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Үмбетбаева Зағира Қашқынбайқызы да оқушыларымызға білім саласында толағай табыстар тілеп, алар асулары көп екендігін айта өтті.
Тегістік ауылдық әкімдігінде 21 - мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлері күні орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, ауыл әкімі Абдикасимов Қайнар Изаұлы ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, алғыс хат табыс етті.
Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні Райымбек ауданының ветеринариялық станциясының директоры Берікбай Айбек Нұрболатұлы Тегістік ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына ақылы және ақысыз қызмет көрсету, төлдерді бірдейлендіру, мал ұстау тәртібі, мемлекеттік қызмет көрсету және жылқы малын бірдейлендіру жұмыстары бойынша чип салу жұмыстары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ауыл тұрғындары тарапынан ветеринария саласы бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
Кәсіпкерлік қызметті бастауға ниет білдірген немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21-35 жас аралығындағы жастарға шағын несиелер конкурстық негізде беріледі.
Несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Несиенің максималды сомасы 5 миллион теңгегені құрайды, сондай-ақ кепілзаттың болуы міндеттеледі.
Шағын несиелерді кез келген мақсат үшін 5 жылға, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.
Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол шағын несиелеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.
Қазіргі уақытта министрлік жергілікті атқарушы органдармен несиелік шарттар жасасу, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдарды бекітуге шарт жасасу, сондай-ақ бизнес-жобаларды қарау үшін өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс атқарып жатыр.
2023 жылғы 15 сәуірде «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы басталады.
🔹 Конкурсқа қатысуға кемінде үш жыл мінсіз мемлекеттік қызмет өтілі бар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері жіберіледі. Конкурсқа мемлекеттік қызметші мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша қатыса алады.
🔹 Құжаттар 2023 жылғы 15-30 сәуір аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерінің электрондық пошталары арқылы қабылданады:
1) конкурсқа қатысу туралы мемлекеттік органның ұсынымы;
2) конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі.
https://www.election.gov.kz/kaz/banners/?ID=8239