Ауыл шаруашылығы саласы бойынша биылғы жылы көктемгі егіске дайындық жүргізілуде, өткен күзде- 200 гектар сүдігер жыртылып дайындалды. Шаруа қожалықтары тұқыммен өзі-өздерін қамтиды. Тұқым қажет етіп сұраныс беріп отырған шаруа қожалықтарына тұқым сататын кооперативтар мен қожалықтардың мекен-жайлары хабарланып, ескерту жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Сонымен қатар ауылдық округтегі егін шаруашылғымен айналысатын шаруа қожалықтары астық, көпжылдық шөп тұқымдарын тазалау жұмыстарын жүргізуде. Тазартып болған соң артық тұқымдарын ауыл тұрғындарына сатуға хабарламалар жасайды. Яғни тұқыммен өзімізді өзіміз қамтамасыз етеміз деген сөз. Картоп тұқымын жақсарту жағдайында төрт шаруа қожалығы сұраныс беріп отыр. Ауылшаруашылығы арқылы бір, жеке кооперативтерден-3 шаруа қожалығы картоп тұқымын алуға сұраныс берген.
Мал шаруашылығы бойынша 6681-бас ірі қара, 4249-бас жылқы, 28889-бас қой-ешкі қыстатылуда. Жем-шөп қоры жеткілікті. Қаңтар айының басында қардың қалың түсуіне байланысты таулы аймақтарда отыратын малшылардың қатынасып отыратын жолдары күретіліп, қардан тазартуға ықпал жасалынды. Тұқым түрлендіруге 28 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланса қазіргі күні 10 шаруа қожалығы 21 бас бұқа алуға асыл тұқымды шаруа қожалықтарымен келісім шарттар жасап, құжаттарын жинастыруда.