Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Экономика және бюджет

Сүмбе ауылында бір шағын спорт кешені, жұмыскер саны-12, мәдениет үйі жұмыскер саны-9. Қызылшекара ауылында бір шағын спорт кешені жұмыскер саны-11, құрылыстарын жүргізуде. Сүмбе ауылдық округі қауымдастығы мүшелерінен бес адамнан құрылған бақылау тобы құрылыстың сапасын жүйелі түрде бақылап, сын ескертпелерін көрсетіп отырады. Спорт кешендері шамамен 60-70 пайыз жұмыстарын аяқтады деуге болады. Мәдениет үйін алдағы бір айдың көлемінде толық аяқтап тапсыруға дайын.

2022 жылы Қызылшекара ауылында төрт шақырым ауыл көшелері асфальттандырылды. Сүмбе ауылында төрт көше өтпелі кезеңмен алғашқы жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылы көктем айларында қалған жұмыстары жүргізіледі. Оның сыртында тағы Сүмбе ауылына екі көшеге, Қызылшекара ауылына 1 шақырым көшеге жасалатын жолдың құжаттары жасалуға сұраныс берілген. Сүмбе, Қызылшекара ауылдарында екі шақырым көшеде бұрыннан тартылған көше шамдары бар. Сол көшелердегі жарық шамдарының кейбір бөліктерінде жарықтың түсу жағдайы жиі өзгеріске ұшырайды, алдағы уақытта қалыпты жағдайға келтіру жұмыстары жоспарлануда. Сонымен қоса көше шамдары өткен жылдың аяғында Сүмбе ауылына 1,5 шақырымға тартылды. Құжаттары қазіргі таңда толық бітпеуіне байланысты алдағы уақытта қосылады. Биылғы жылы Сүмбе ауылына екі шақырым көшеге, Қызылшекара ауылына бір шақырым көшеге көше жарық шамдарын қоюға сұраныс беріліп құжаттары коммуналдық шаруашылық бөліміне өткізілді.

Ауыл іргесінен салынып жатқан спорт кешенімен ауыл арасындағы алаңға жоспардан артық орындалған салықтан 3 млн. 299 мың теңгеге шағын саябақтың қоршауы жасалынды, қалған 525 мың теңгесңне көктемде ағаштар отырғызылып абаттандырылады. Ауыз су 2012 жылы салынған құдық арқылы қамтамасыз етіледі. Қаңтардың 5-6 күндері аралығында жер асты суы деігейінің күрт төмендеп кетуіне байланысты  бір тәуліктен астам уақыт шамасында ауыз су болмай қалып, жедел әрекет ету арқасында ауыз су қалпына келтірілді.

         Ауыл шаруашылығы саласы бойынша Биылғы жылы көктемгі егіске дайындық жүргізілуде, өткен күзде- 200 гектар сүдігер  жыртылып дайындалды. Шаруа қожалықтары тұқыммен өзі-өздерін қамтиды. Тұқым қажет етіп сұраныс беріп отырған шаруа қожалықтарына тұқым сататын кооперативтар мен қожалықтардың мекен-жайлары хабарланып, ескерту жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Сонымен қатар ауылдық округтегі егін шаруашылғымен айналысатын шаруа қожалықтары астық, көпжылдық шөп тұқымдарын тазалау жұмыстарын жүргізуде. Тазартып болған соң артық тұқымдарын ауыл тұрғындарына сатуға хабарламалар жасайды. Яғни тұқыммен өзімізді өзіміз қамтамасыз етеміз деген сөз. Картоп тұқымын жақсарту жағдайында төрт шаруа қожалығы сұраныс беріп отыр. Ауылшаруашылығы арқылы бір, жеке кооперативтерден-3 шаруа қожалығы картоп тұқымын алуға сұраныс берген.

Мал шаруашылығы бойынша. 6681-бас ірі қара, 4249-бас жылқы, 28889-бас қой-ешкі қыстатылуда. Жем-шөп қоры жеткілікті. Қаңтар айының басында қардың қалың түсуіне байланысты таулы аймақтарда отыратын малшылардың қатынасып отыратын жолдары күретіліп, қардан тазартуға ықпал жасалынды.  Тұқым түрлендіруге 28 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланса қазіргі күні 10 шаруа қожалығы 21 бас бұқа алуға асыл тұқымды шаруа қожалықтарымен келісім шарттар жасап, құжаттарын жинастыруда.

Инвестиция және кәсіп ашу.

Кәсіп ашуда округ бойынша 1-отбасы асхана ашуға, 1-отбасы етік тігу жұмысын жүргізетін шағын өндіріс ашуға, 1-кәсіпкер Ақкөл туристік аймағынан 10 номерлі барлық жағдайларымен қамтамасыз етілетін екі гектар жер аумағына қонақ үй салуға алғашқы қадамдарын жасауда.

Сондай-ақ «Ақжол», «Құрлысбек» шаруа қожалықтары жаңа 1-МТЗ 892. 3-шөп рулондағыш агрегат, 1-жаңа үлгідегі астық себетін сеялкасын әкелсе, алты шаруа қожалығы алдағы уақытта құрылатын 6-шы 7-ші әлеуметтік дайындау орталығына кіруге өтініш берді. Сонымен қатар бір шаруа қожалығы бал арасын дамытуға облыстық кәсіпкерлік бағдарламасының грантына қатысып 2 млн. 600 мың теңге грантынын ұтып алды.

Салық туралы.

Өткен жылы салық жоспары толық орындалды. Көлік салығы бойынша жоспар артық орындалды. Биылғы жылы 1 тоқсанда көлік салығы- 2 млн.80мың теңге,  бүгінгі күні үш ай ішінде орындалғаны 3 437 400 теңге. Яғни 165-пайыз. Мүлік және жер салығы- 85 мың болса, бүгінгі күні орындалғаны-95 000 теңге.  Яғни 112-пайыз. Бірінші тоқсан бойынша салықтан жоспардан шығамыз.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы