
Кәсіп ашуда округ бойынша 1-отбасы асхана ашуға, 1-отбасы етік тігу жұмысын жүргізетін шағын өндіріс ашуға, 1-кәсіпкер Ақкөл туристік аймағынан 10 номерлі барлық жағдайларымен қамтамасыз етілетін екі гектар жер аумағына қонақ үй салуға алғашқы қадамдарын жасауда. Сондай-ақ «Ақжол», «Құрлысбек» шаруа қожалықтары жаңа 1-МТЗ 892. 3-шөп рулондағыш агрегат, 1-жаңа үлгідегі астық себетін сеялкасын әкелсе, алты шаруа қожалығы алдағы уақытта құрылатын 6-шы 7-ші әлеуметтік дайындау орталығына кіруге өтініш берді. Сонымен қатар бір шаруа қожалығы бал арасын дамытуға облыстық кәсіпкерлік бағдарламасының грантына қатысып 2 млн. 600 мың теңге грантынын ұтып алды.