
Көше шамдары өткен жылдың аяғында Сүмбе ауылына 1,5 шақырымға тартылды. Құжаттары қазіргі таңда толық бітпеуіне байланысты алдағы уақытта қосылады. Биылғы жылы Сүмбе ауылына екі шақырым көшеге, Қызылшекара ауылына бір шақырым көшеге көше жарық шамдарын қоюға сұраныс беріліп құжаттары коммуналдық шаруашылық бөліміне өткізілді.
Ауыл іргесінен салынып жатқан спорт кешенімен ауыл арасындағы алаңға жоспардан артық орындалған салықтан 3 млн. 299 мың теңгеге шағын саябақтың қоршауы жасалынды, қалған 525 мың теңгесңне көктемде ағаштар отырғызылып абаттандырылады. Ауыз су 2012 жылы салынған құдық арқылы қамтамасыз етіледі. Қаңтардың 5-6 күндері аралығында жер асты суы деігейінің күрт төмендеп кетуіне байланысты бір тәуліктен астам уақыт шамасында ауыз су болмай қалып, жедел әрекет ету арқасында ауыз су қалпына келтірілді.