Шілде айының 1-жұлдызында ауылымызда Шәлкөде орта мектебінің 100 жылдық мерей тойы ауқымды түрде атқарылып, өткізілді. Шарамызды Аудан әкімі Б. Дүйсенбаев өзінің құттықтауын ізгі - тілегін білдіріп, ауыл тұрғындары мен ұлағатты ұстаздарға алғысын айтты. Мектеп тарихы туралы " Ұлағат ордасы" атты кітаптың тұсауы кесілді. Тойдың өтуіне демеушілік көрсеткен, ауыл тұрғындарын ауылдық округ әкімі Қ. Қуанышұлы арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Шара барысында спорттық ойындардан жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға естелік- сыйлықтар табысталды.
Тойымыздың көркін қыздырған ұлттық ат спорт ойындарынан " Аламан бәйге", " Құнан бәйге", "Тай бәйге" ұйымдастырылды. Жеңімпаздар арнайы сый-сыяпаттармен марапатталды.
Осындай дүбірлі тойдың жоғарғы дәрежеде өтуіне ат салысқан ауыл тұрғындары мен қонақтарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жастар практикасы жас мамандар үшін іс-тәжірибе жинақтауда тапсырмас мүмкіндік. Бағдарлама - ЖОО және ТжКБтүлектерінің мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған. Қатысушының жасы - 29-дан аспауы керек. Жұмыс істеу мерзімі - 6 ай.
Кәсіпкерлік қызметті бастауға ниет білдірген немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21-35 жас аралығындағы жастарға шағын несиелер конкурстық негізде беріледі.
Несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Несиенің максималды сомасы 5 миллион теңгегені құрайды, сондай-ақ кепілзаттың болуы міндеттеледі.
Шағын несиелерді кез келген мақсат үшін 5 жылға, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.
Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол шағын несиелеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.
Қазіргі уақытта министрлік жергілікті атқарушы органдармен несиелік шарттар жасасу, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдарды бекітуге шарт жасасу, сондай-ақ бизнес-жобаларды қарау үшін өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс атқарып жатыр.
2023 жылғы 1️⃣5️⃣сәуірде «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы басталады.
🔹Конкурсқа қатысуға кемінде үш жыл мінсіз мемлекеттік қызмет өтілі бар «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері жіберіледі. Конкурсқа мемлекеттік қызметші мемлекеттік орган басшысының ұсынуы бойынша қатыса алады.
🔹Құжаттар 2023 жылғы 15-30 сәуір аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттерінің электрондық пошталары арқылы қабылданады:
1) конкурсқа қатысу туралы мемлекеттік органның ұсынымы;
2) конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқу- жұмысшы кадрларды кәсіптік даярлау және қайта даярлау бойынша, оқу мерзімі қысқартылған білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бөлігі.
«Ауыл – аманаты» пилоттық жобасы, мөлшерлемесі 2,5 пайызды
құрайтын жеңілдетілген несие бойынша, Райымбек ауданынан
құрылған жұмысшы тобы несие алуға ниетті ауыл тұрғындарына
түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шәлкөде ауылдық округі бойынша Шәлкөде орта мектебінің 100 жылдығына орай мектебімізге демеушілік жасаған ауыл азаматтары 640 тан астам түп көшет (оның ішінде ақ қайың, балқарағай, шырша, қарағаш) әкеліп, мектеп айналасына және Жусанбай ата саябағына отырғызылды.
Ағымдағы жылдың 24 - наурыз күні Алматы облысы Райымбек ауданы Шәлкөде орта мектебінің 100 жылдық мерей тойына орай, әсерлі әрі тәлімді іс-шара болып өтті. "Жаратылыстану-математика бағытындағы үздік тәжірибелер мен инновациялар" тақырыбында математика, информатика, физика, химия, биология, география пәндері мұғалімдерінің форумы. Жалпы форумға 150 ден аса қонақтар қатысып, жоғары деңгейде өтті.
https://www.instagram.com/reel/CozwBDPIKU7/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні Шәлкөде ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен, ауыл тұрғындары арасында Қысқы спорт ойындарын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Денсаулық фестивалі-2023» атты жарыс ұйымдастырылды.