Шәлкөде ауылдық округінің ережесі

Райымбек ауданының «Шәлкөде ауылдық округі әкімінің аппараты»мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзгеде функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасынасәйкес мемлекеттік тілде өзатауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.Осы Ереже Райымбек ауданының «Шәлкөде ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.

Шәлкөде ауылдық округінің ережесі
Дата публикации
16 августа 2022