
Сарыжаз ауылдық мәдениет үйінде 4 штаттық кестемен 5 қызметкер жұмыс істейді. Мәдениет үйінде домбыра, жеке ән, және хореография, драма үйірмелері мен «Алтын алқалы » әнші әжелер ансамблі кестелерін басқарады.
Ауданда, облыста жетістіктер бар. Өткізілген іс-шаралар уақыт өте келе әлеуметтік желілерде жарияланады.
Сарыжаз ауылдық мәдениет үйінің 2022 жылы өткізген шараларына тоқталсақ:
Жыл басынан бері жоспар құрылып, түрлі бағытта 98 іс-шара өткізілді. Мемлекеттік мерекелер патриоттық сипатта болды.
«2022 жыл – балалар жылы» мерекесіне орай 52 іс-шара өткізіліп, балалардың сезімін ояту мақсатында көңілді, ойлы іс-шаралар өткізілді.
Ауылымыздың еңселі, өнерлі балалары аудан, облыс деңгейінде өтетін байқауларға жақсы қатысып жүр.
Өткізілген іс-шаралардың көпшілігі елді жаңғырту мақсатында аталып өтеді.
Ағымдағы 2023 жылдың басынан Мәдениет үйінде 12 іс-шара өткізілді.