Құрметті ауыл тұрғындары!
Округке қарасты Нарынқол, Қостөбе екі елді мекені бар. Жалпы халық саны – 7616.
Нарынқол ауылында – 7444 адам, 1184 түтін.
Қостөбе ауылында – 172 адам, 38 түтін.
Оның ішінде: қазақтар – 7587, басқа ұлт өкілдері-21.
зейнеткерлер саны-834, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері-210, ауған соғысы ардагерлері саны-2, Чернобыль апатына қатысқан-3 адам.
Округ бойынша жалпы жер көлемі – 29,592 га,
Салық
Нарынқол және Қостөбе елді мекендері бойынша 2023 жылы жергілікті алымдар мен салықтың өз мерзімінде жиналып төленуі мен бюджетке өткізілу бойынша 25 млн. теңге жоспарланған.
Бюджет бойынша
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кет, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер – 48 млн. 446 мың теңге,
Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге – 574 мың теңге,
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру – 12 млн. 551 мың теңге,
Ауылдық округтегі автомобиль жолдарын күтіп баптауға – 27 млн. 200 мың теңге,
Елді мекендегі көшелерді жарықтандыру – 27 млн. теңге.
Әлеуметтік сала
2023 жылдың 1 тоқсанында халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары: табысы аз және көп балалы отбасыларға, мүгедек жандарға, ауылдық округ бойынша жалпы көлемі 60 тонна көмір (әр отбасыға 2 тоннадан) 30 отбасыға қатты отын берілді.
Ауыл шаруашылығы саласы
Ауыл тұрғындарымен өткен жиындарда айтылып келген маңызды мәселелердің бірі – жерді мақсатына сай пайдалану және құжаттарын заңдастырып реттеу. Бүгінгі күнде 488 шаруа қожалық тіркелген. Қазіргі кезде, пайдаланылмай жатқан жерлерді түгендеу және оларды ауылшаруашылық айналымына енгізу жұмыстары жүргізіліп, 2022 жылыдың желтоқсан айында өз мақсатында пайдаланбаған 173 га жайылымдық , 23 га суармалы егістік, 2023 жылдың қаңтар айында 8 га суармалы егістік жер аудандық жер қорына қайтарылды.
Көктемгі дала жұмыстарына 1 – К-700, 65 - МТЗ-80,82, 37 культиватор, 7 сеялка дайындалуда. 665 га жерге дәнді дақылдар себу, 540 га жерге картоп егу жоспарлануда.
Мал саны:
- Ірі-қара – 5668 бас;
- Жылқы – 5124 бас;
- Қой, ешкі – 20763 бас.
2023 жылы округ аумағында мал басы жылдан-жылға өсуде, ауылдық жерлерде етті бағыттағы ірі-қара малын көбейту және оны асылдандыруға байланысты, округке 22 бас асыл тұқымды бұқа алу жоспарланған, қазіргі уақытта 3 шаруа қожалық 6 бас асыл тұқымды бұқасын алды.
«Ауыл-Аманаты» пилоттық жобасы аясында Нарынқол ауылынан 54 азамат өтініш білдірді. Оның ішінде: 27 азаматтың құжаттары облыстық комиссияға жолданды, 21 азамат 2 бағыт бойынша мал басын көбейтпек, 2 азамат 5 бағыт бойынша кілем жуу цехын ашу үшін, 1 азамат шаштаразын ұлғайту үшін, 1 азаматша сұлулық салонын ұлғайту үшін, 1 азамат метал жонатын цех ашу үшін, 1 азамат балаларға арналған ойын сауық кешенін ашу үшін құжаттар өткізілді, 27 азамттың құжаттары түгенделуде.
Кең дала бағдарламасы – көктемгі дала жұмыстарына 5 пайызбен 1 жылға берілетін несие,
Іскер бағдарламасы – мал басын көбейтуге және кәсіпті дамытуға 6 пайызбен берілетін несие 1 жыл демалыс 6 жылға беріледі,
Агро бизнес – астық сақтайтын қоймаларды, қора жайларды, ремонттауға 22 пайзбен берілетін несие, 1-2 жыл демалысы бар, 4-10 жылға дейін беріледі,
Лизинг – техника және агрегаттарын алу үшін 20 пайыз жернасын құяды 1 жыл демалысы бар, 7 жылға дейін беріледі, үкіметтен берілетін 25 пайыз субцидиясы бар.
Жұмыспен қамту
2023 жылға қоғамдық жұмысқа 30 адам алуға жоспар берілген, казіргі уақытта 27 адам алынды.
Атауыл әлеуметтік көмекке 46 құжат қабылданды.
Поробация есебінде тұратын 1азамат 100 сағаттық ақысыз қоғамдық жұмысқа тартылды.
Қылмыс
Жыл басынан әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 34 хаттама толтырылды. 2 қылмыс тіркелді.
Оның ішінде: 1 ұялы телефон ұрлау,
1 мал ұрлығы. Қылмыс ашылмаған.
Тыңдағандарыңызға рақмет!!!