Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға араналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы старатегиясын іске асыру және көленкелі экономикаға қарсы іс қимыл бойынша

 

Райымбек ауданы бойынша Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көленкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөнінде ауданындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамы бекітіліп ауылдық округ әкімдеріне, мемлекеттік мекеме басшыларына, ауданда орналасқан білім ошақтарына сонымен қатар, ауруханаларға таратылып берілді. Жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда.

        Атап айтқанда, жоспарға сәйкес ауыдық округтардан, мемлекеттік мекемелерден жоспардың орындалуына жауапты адамдар бекітіліп комиссия жоспарына сәйкес тоқсандық есеп беріп отырады, тоқсан сайын комиссия отырыстары өткізіледі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» жаңа Заңдарының ерекшеліктері түсіндіріліп, Мемлекеттік қызметкерлердің жаңа этикалық Кодексінің мемлекет басшысымен қолданысқа енгізілгендігі, Этика бойынша кеңестер Әдеп кеңестері болып құрылып Әдеп жөніндегі кеңестердің мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды қарайтындықтары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп тұрады. 

        Ауылдық округтер, мемлекеттік мекемелер, білім ошақтары мен ауруханаларда «Нұр Отан» аудандық филиал партиясымен бірлесіп, мемлекеттік органдар арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу жөніндегі жұмыстың дұрыс жолға қойылуына конкурстар, сондай-ақ форумдар, акциялар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған өзгеде іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру дұрыс жолға қойылып, өткізілуде нақтырақ айтқанда жоғарыда көрсетілген мекемелермен сыбайлас жемқорлықа қарсы бағытталған отырыстар өткізілді.

        Ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттайтын баннерлер орналастырылған. Әлеуметтік желілерде тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа мақалалар жарияланып тұрады.

         Аудан әкімінің қаулысымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көленкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Райымбек ауданының 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар аймақтық жоспары, сонымен қатар жаңа комиссия құрамы мен ережесі қабылданды, қаулымен бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету үнемі жеті бақылауда болады.

 

Дата публикации
12 апреля 2023