
Рухани құндылықтарымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу жолында Қарасаз ауылдық округі бойынша 1 мәдениет үйі, 1 кітапхана және Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейі жұмыс жасайды. Аталған мәдениет ошақтарында мемлекеттік мерекелер, кәсіби мерекелер мен мәдени-көпшілік шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.