Ауданда “Қазына тұнған құт мекен” атауымен өтіп жатқан ауылдардың әлеуметтік-мәдени жағдайын насихаттауға арналған байқау Қақпақ ауылында жалғасын тапты.
“Қымызмұрындық” тақырыбын ашқан ерекше көрініс көрсетіліп, ұлттық тағамдармен қол өнер шеберлерінің туындыларынан қойылған көрме, жас чемпиондардың спорт жетістіктерімен қатар ұлттық ойындардан көрсетілімдер назарға ұсынылды.
Ауылшаруашылық өнімдері, арнайы бағдарламалар арқылы алынған техникалары таныстырылды.
Ауыл өнерпаздары қонақтар мен ауыл тұрғындарына арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, ерекше демалыс сыйлады.
Бұл игі іс-шара біртіндеп ауыл халқы үшін бір күндік тойға айналып барады. Мақсат - халыққа мәдени демалыс сыйлай отырып, өлке тынысымен танысу.
Қақпақ ауылдық округіне учаскелік полиция инспекторы болып Акишов Айни Тауекелович тағайындалып, ауыл тұрғындарына таныстырылды.
Бүгін аудан әкімі Дүйсенбаев Берік Фатықұлы Қақпақ ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты есеп беру кездесуін өткізді. Кездесуде Берік Фатықұлы аудан көлемінде жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп өтті. Кездесудің екінші бөлімінде тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылды. Жердің құжаттары, дәрігердің жетіспеушілігі, мәдениет үйінің құрылыс жұмысы бойынша мәселелер көтерілді. Берік Фатықұлы және қойылған сұрақтар бойынша әр саланың жауапты мамандары мәселенің шешу жолдарын қарастырды.
2023 жылғы 15 маусымда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек көрсету және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Л.С.Оразбаева, Алматы облысы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаментінің басшысы А.Ж.Нарматов, Алматы облысы бойынша "Мемлекеттік Әлеуметтік Сақтандыру Қоры" АҚ филиалының бас маманы Қ.Маратұлының қатысуымен Қақпақ ауылдық округінде "Әлеуметтік кодекс" аясында ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Ауыл – аманаты» пилоттық жобасы, мөлшерлемесі 2,5 пайызды
құрайтын жеңілдетілген несие бойынша Райымбек ауданынан
құрылған жұмысшы тобы несие алуаға ниетті ауыл тұрғындарына
түсіндірме жұмыстарын жүргізді.