
Қақпақ ауылында спорттық іс-шаралар жоспарлы түрде
ұйымдастырылып тұрады. Атап айтар болсақ:
2023 жылдың 1-ші наурызында дойбыдан ауыл жастары арасында жарыс
өтті. Дойбы сайысына 15 адам қатысты.
1 орын алған Тоқпақова Арай
2 орын алған Манапова Алмагүл
3 орын алған Қысынова Гүлстан иеленді.
Ағымдағы жыл басынан бері Қақпақ ауылдық округінің азаматшаларының
арасында 07.03.2023 күні Қолкүрес сайысы өткізілді.Сайысқа ауыл
азаматшалары белсене қатысты. Сайысқа қатысушылар саны 12.Сайыс
нәтижесі бойынша:
1 орын алған Үмбетбаева Баян
2 орын алған Нұрымбетова Арайлым
3 орын алған Габбасова Галия иеленді.
2023 жылдың 9-наурыз күні Қақпақ ауылдық округі оқушылары арасында волейболдан командалық жарыс өткізілді. Волейбол командалық жарысына 4 команда қатысып, жарыс нәтижесі бойынша:
1 орын алған 8-сынып қыздары
2 орын алған 9-сынып ұлдары
3 орын алған 9-сынып қыздар иеленді.