GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Все материалы
Мәдениет
04 июля 2024
«Қайнар ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекетік мекемесінде «Сапалы мемлекеттік қызмет көрсетудің басты мақсаты» атты дөңгелек өтті

"Кайнарский сельский округ аппарат акима " государственный в учреждении прошел круглый стол на тему " главная цель оказания качественных государственных услуг» Оказание государственных услуг, повышение качества - одно из приоритетных направлений государственной политики, процесс оказания государственных услуг должен быть максимально оптимизирован. Необходимо сократить сроки и перечень документов и отменить повторяющиеся процедуры. При этом переход человека к полноценному электронному формату, не требующему его посещения, определяет наше конкретное направление. За годы обретения суверенитета, благодаря политике Главы государства, произошли кардинальные изменения во всех сферах развития общества. В том числе разработана эффективная система и структура государственных органов, запущена рациональная модель управления государством. В настоящее время в современных условиях существует необходимость совершенствования данной системы. Реализуются добрые инициативы по формированию государственной кадровой политики, повышению доступности государственных услуг населению. Действительно, государство

30 октября 2023
Қайнар ауылдық округінің мәдениет үйінде "Бірлік бақыт пен сенім 25-қазан Республика күні!" атты шара өткізілді
05 октября 2023
Қайнар ауылдық округінің әкімі Н.Садвакасовтің ұстаздарды құтықтау сөздері.
Құрметті ұстаздар қауымы!
Ардақты білім саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. Өйткені, қоғамның басты байлығы - адам болса, сол «адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» дейді дана Абай.

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – демекші, ұстаздық – мәртебелі мамандық. Себебі ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыратын ардақты тұлға.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді» деп ілім мен ізгілікті алға қоятын аяулы ұстаздардың еңбегі қашанда бағалы екендігін атап өтті.

Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім саласы - елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала.
Осы ретте, елімізде орын алған санитарлық - эпидемиологиялық ахуалға қарамастан ұстаздарымыз шәкірттеріне кенен ғылым мен кемел білімнің дәнін себуде. Соның ішінде, білім беру ісіне инновациялық технологияларды ендіріп, үнемі кәсіби шеберлік деңгейін көтеруде ізденіс жолында жүрген ұстаздарымыз жетерлік. Атап айтқанда, аудандағы 2425 мұғалімнің 40 пайызы жоғары және І, ІІ санаттарға ие болса, жаңа үлгідегі кәсіби біліктілік санатын алған ұстаздар 48 пайызды құрап отыр. Бірі облыстық, республикалық деңгейдегі кәсіби сайыстардан жүлделі орындардан көрінсе, енді бірінің шәкірттері түрлі байқау-жоба жарыстарынан жоғары көрсеткішке жетіп отыр.
Мұнымен бірге мектеп ұжымдары әрқашан да қоғамдық іс-шараларға да аянбай ат салысып, барлық салада белсенділік танытуда.
Қадірлі ұлағатты ұстаздар!
Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда! Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымды білдіремін!
Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілеймін!
Ізгі тілекпен,   Қайнар ауылдық округі әкімі Н.Садвакасов.
 
05 июня 2023
Қайнар ауылдық мәдениет үйінде рәміздер күніне орай " Көк байрағым- айбыным, Елтаңба- ұраным" атты іс-шара өтті.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

 

10 мая 2023
Жастарға 2,5 % пайыздық жеңілдікпен шағын несие беріледі

Кәсіпкерлік қызметті бастауға ниет білдірген немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21-35 жас аралығындағы жастарға шағын несиелер конкурстық негізде беріледі.

Несие «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5%-дан аспайды. Несиенің максималды сомасы 5 миллион теңгегені құрайды, сондай-ақ кепілзаттың болуы міндеттеледі.

Шағын несиелерді кез келген мақсат үшін 5 жылға, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады.

Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол шағын несиелеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

Қазіргі уақытта министрлік жергілікті атқарушы органдармен несиелік шарттар жасасу, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен жергілікті атқарушы органдарды бекітуге шарт жасасу, сондай-ақ бизнес-жобаларды қарау үшін өңірлік комиссиялар құру бойынша жұмыс атқарып жатыр.

02 мая 2023
Қайнар ауылдық мәдениет үйінде "Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік" атты шара өткізілді.

Қайнар ауылдық мәдениет үйінде 01.05.2023 жылы "Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік" атты шара өткізілді.

02 мая 2023
Қайнар ауылдық мәдениет үйінде "Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік" атты шара өткізілді.
03 февраля 2023
Қайнар ауылдық округінің әкімі Н.Садвакасов ауыл халқымен есептік кездесу өткізді

        Қайнар ауылдық округінің  жер көлемі – 74 мың 341 га  жерді құрайды. Ауылдық округте 619 отбасы, 512 түтін және жалпы тұрғындар саны – 3204 адам тұрады.  Округте  73 - шаруа қожалығы, 3 - жауапкершілігі шектеулі  серіктестік, 11 -сауда  орны, 1 - мектеп,  2 - балабақша, 1 - дәрігерлік емхана, 1 - мал дәрігерлік бөлімшесі, 1 - байланыс бөлімшесі, 1 - мәдениет үйі, 1 - кітапхана (кітап  қоры – 11028, оқырман  саны – 769), 1 - мешіт, (1 хатымхана), 2 тойхана, 3 – асхана, 1 – тігін цехы жұмыс жасауда.

Әкімшілікте мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 7  адам. Техникалық персоналдың штат саны – 6 адам. Барлығы 13 - адам қызмет жасайды.

 Округ бойынша 2021 жылға бюджеттен – 39 млн. 530 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

2021 жылдың жергілікті бюджетке жеке тұлғалардың  мүлік салығынан (үй, үй төңірегіндегі жер) – 428,2 мың теңге, ауылшаруашылығы бойынша жер салығынан – 39,6 мың теңге, көлік салығынан 7 млн. 440,6 мың теңге және  табыс салығынан – 19,5 мың теңге түсіп, барлығы –  7 млн. 927,9 мың теңге жиналып, 2020 жылмен салыстырғанда 1 млн 529,6 мың теңгеге артты.

Ауыл бойынша 4458 га егістік жер оның ішінде 2835 га суғармалы жер бар. Былтырғы жылы 199 га  жерге арпа егіліп, 68,3 тонна астық алынса, 380 га жерге  картоп себіліп, 7942 тонна өнім алынды. Жаздық бидай 30 га жерге себіліп одан 54 тонна өнім алынды. Жалпы ауылда 2690 га жерге көп жылдық шөп орналасқан. Бүгінгі күнге  осы 2690 га жерден 15950 тонна  шөп дайындалып уақытысымен жинап алынды.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы