
Бүгінде мемлекеттік басқарудың басты міндеттерінің бірі –нақты нәтижелерге жылдам қол жеткізу. Бұл құбылыс біздің елімізде ғана емес, басқа елдерде де орын тапқан.
Нақты шешімдерді дер кезінде қабылдап, оларды жылдам жүзеге асыру қажеттігін ескере отырып, біз Академияда пилоттық жобаны бастадық. Бұл – мемлекеттік қызметшілер, азаматтар мен бизнес өкілдері қандай да бір мәселені шешу бойынша өздерінің идеялары мен ұсыныстарын Агенттік басшылығына және министрліктерге жеткізетін немесе жаңа жобаларды ұсына алатын «Идеялар фабрикасы – Quick Wins» атты алаңы.
Қазіргі таңда бірқатар мәселелер қарастырылып, олар бойынша жылдам шешімдер қабылдануда. Мәселен, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді және арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіру, мемлекеттік органдардың жұмысына жасанды интеллектіні қолдану және басқа.
Бұл тәсілдің жаңашылдығы немесе берер әсері не дейтін болсақ. Мұнда бюрократияға, хаттамаларға, регламенттер мен басқа да уақыт кететін кедергілерге жол жоқ. Оның орнына шешім қабылданып, нақты нәтижеге қол жеткізіледі. 4 кездесу өтті, қатысушылардың аясы кеңеюде. Біз жылдам нәтижелерге бағытталған жаңа идеялар мен жобаларды күтеміз. Ақпаратты біздің сайт пен әлеуметтік желілер парақшаларымыздан таба аласыздар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық қызығушылық танытқан тұлғаларды біздің Идеялар фабрикасына қосылуға шақырамыз.
Бұл пилотты одан әрі кеңейтуді жоспарлаудамыз. Бүгінгі таңда мемлекеттік органдардың жұмысына айтарлықтай жаңа тәсілдерді енгізіп жатқан, бірқатар мемлекеттерге мысал келтіруге болады.
Мәселен, Сингапурлық үкімет IT-индустрияны дамыту мәселесінде әлем бойынша алдыңғы қатарда. Бұл ретте, бірқатар үкіметтік агенттіктер инновациялық бағдарламалардың инициаторлары ғана емес, сондай-ақ IT, медиа, ғылым, шағын бизнес саласындағы стартаптарға қолдау көрсетеді.
Біріккен Араб Әмірліктерінде мемлекеттік органдарды, жалпы үкіметті трансформациялауды жылдамдататын үкіметтік акселератор жұмыс істейді. Бұл – жылдам шешімді қабылдау бойынша мемлекеттік стартап. Біз Дубайда болып, үкіметтік акселератор жұмысымен таныстық.
Үкіметке қысқа мерзім ішінде шешу талап ететін негізгі міндеттер тізімі құрылады. Министрліктердің сыртында коворкинг-орталық сияқты инновациялық алаңдарда бірлескен топтар құрылады. Осы топтардың жұмысына тренерлер және коучтар да қатысады. 7, 15, 30, 60 және 90 күндік мерзім белгіленеді, осы уақыт аралығында жылдам және елеулі нәтижелерге қол жеткізілу тиіс.
Біздің ойымызша, мұндай тәжірибені біздің елде де толығымен жүзеге асыруға болады. Қазіргі таңда, Қазақстанда бизнес-стартаптарды дамыту үшін жағдайлар жасалуда. Өз кезегінде, мемлекеттік стартаптарды енгізу шешім қабылдау процесіне азаматтық қоғам мен бизнесті барынша тартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл мемлекеттік органдардың өз қызметін корпоративтік немесе бизнес секторға барынша жақындатып, мобильді және икемді шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді.
Атап айтсақ, қазір Академия Агенттікпен бірлесіп, рутиндік әрі қажет емес бизнес-процестерді анықтап, оларды жою және цифрландыру жұмысын жүргізілуде.
Сондай-ақ, министрліктердің жауапты хатшыларын біріктіретін «Өзгерістер кеңсесін» құруы қарастырылуда. Бастама Президент Әкімшілігінің қолдауын тапқан.
Осылайша, мемлекеттік аппарат қызметіне бірден-бірге басқару мен шешімдерді қабылдаудың озық практикалар енгізілуде. Бұл өте өзекті, өйткені Елбасы күні кеше ғана «Нұр Отан» партиясының съезінде жылдам өзгерістердің қажеттілігін атап өтті.