Ұлттық бюрода «брейн-ринг» форматында зияткерлік викторина өтті

Ұлттық бюрода «брейн-ринг» форматында зияткерлік викторина өтті

Отан қорғаушы күнін мерекелеу аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында алғаш рет Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Персоналды басқару ұлттық орталығының, сондай-ақ  ұлттық бюроның құрылымдық бөлімшелері командаларының қатысуымен «брейн-ринг»  форматында зияткерлік викторина өтті.

Іс-шара ұжымда моральдық-психологиялық климатты нығайту мен корпоративтік мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Осындай форматтағы викториналар ақыл-ойдың дамуына, топпен жұмыс істеу машығына, көшбасшылық қасиеттерді бекітуге ықпал етеді, сонымен қатар қызметкерлердің бос уақытын өткізудің пайдалы түрі болып табылады.

Викторинаның жеңімпаздарына салтанатты түрде даналықтың белгісі ретінде «жапалақ түріндегі кубок» - өтпелі кәдесыйы, ойынға қатысушыларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Агенттік басшылығы зияткерлік ойындардың Агенттік пен ұлттық бюро шеңберінде ғана емес ведомствоаралық деңгейде ұйымдастырылуы туралы тілек білдірді.