
Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, депутат Павел Казанцевпен кездесу өтті.
Кездесуге Агенттік, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығының басшылығы және қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында П.Казанцев Парламент Мәжілісінің жұмысы, заң жобаларын қарау мәселелері туралы айтты. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет мәселелері талқыланды.