Ақмолалық мемлекеттік қызметшілер "Velo-Jas 2022" облыстық вело-марафонына қатысты.

Ақмолалық мемлекеттік қызметшілер "Velo-Jas 2022" облыстық вело-марафонына қатысты.
 Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық іс-шаралар белсенді жүргізіледі. Спорттық шаралар мемлекеттік қызметшілердің денсаулықтарын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге еңбек өнімділігі мен сапасын едәуір арттыруға ықпал етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын мерекелеу аясында облыстық жастар-ресурстық орталығының бастамасымен өткізілген бұл вело-марафонға жалпы 100-ге жуық адам қатысып, олардың арасында мемлекеттік қызметшілермен қатар кәсіби велосипедшілер мен велоспорт әуесқойлары да болды. Іс-шара Ту тұғырында бастау алып, онда барлық қатысушыларға бағыт бойынша нұсқаулық берілді. Вело-марафонның соңында Қопа көлінің жағалауында қатысушыларға Мемлекеттік рәмізі бар естелік белгілер таратылды.