ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілерге арналған мотивациялық тренингтер өткізуде

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілерге арналған мотивациялық тренингтер өткізуде

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметке алғаш кірген қайта даярлау курстарының тыңдаушылары үшін мотивациялық тренинг өткізілді.

Мотивациялық тренингке спикер ретінде Президенттік жастар кадры резервінің өкілі, Алматы қаласының Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков шақырылды.

Азамат Қалдыбеков мемлекеттік қызметтегі тәжірибесімен, сондай-ақ Президенттік Жастар кадрлық резервіне іріктеуге қатысу тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара барысында Президенттік Жастар кадрлық резервін құру қажеттілігін Президент Қ.К.Тоқаев 2019 жылы оның сайлауалды бағдарламасында атап өткендігі айтылды. Сол кезде Мемлекет басшысы резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналуы тиістігін атап өтті.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметке қызығушылықты арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында үнемі мотивациялық тренингтер өткізіліп тұрады.

Сонымен қатар, кездесу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаев мемлекеттік қызмет жүйесіне енгізілген жаңа тәсілдер мен ережелермен бөлісті.