2022 жылғы 10 қаңтар - Жалпыұлттық аза тұту күні

2022 жылғы 10 қаңтар - Жалпыұлттық аза тұту күні

Құрметті қазақстандықтар!

Қаңтар айының алғашқы күндері еліміздің бірнеше өңірінде орын алған лаңкестік әрекеттер салдарынан бірқатар ел азаматтары көз жұмды. Осы қайғылы оқиғаларға байланысты, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Барша қаза тапқан азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Ал, лаңкестік әрекеттер салдарынан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз.

Қазіргі еліміз үшін қиын сәтте, барша қазақстандықтар Мемлекет басшысының елдің тұтастығын сақтау жолындағы маңызды шешімдеріне қолдау көрсетіп, еліміздің бірлігін, татулығын сақтаулары қажет.

Біздің күшіміз бірлікте!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

                                                                 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

Анар Жаилғанова