
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Е.Е. Бектұрғановпен және Ж.А. Джарасовпен кездесу өтті.
Іс-шара барысында Елбасымыздың Қазақстан халқына «5 әлеуметтік бастама» жолдауының өзекті мәселелері талқыланды. Жалпы алғанда, Департамент қызметкерлері осы бастамаларды позетивті қабылдады, себебі қазіргі кезде жас мемлекеттік қызметкерлер қолжетімді шарттармен тұрғын үй сатып ала алады, ал бизнес табысы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталатын болады.
Кездесу барысында Департамент басшылығы кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру, меритократия қағидасын сақтау, мемлекеттік қызмет этикасын және имиджін нығайту жөніндегі мемлекеттік органдарды қалыптастыру бойынша қабылданған шаралар туралы және тұтастай алғанда мемлекеттік қызметтің дамуын атап өтті.
