ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың Жеңіс күнімен құттықтауы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті достар!

Баршаңызды  9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

9 мамыр – нағыз батылдықтың, әскери даңқ пен патриотизмнің мерекесі. Биыл  1945 жылы аяқталған сұрапыл соғыстағы жеңіске 76 жыл толып отыр. 

Бұл күні біз келер ұрпақтың бақытты әрі берекелі ғұмыры үшін отанды қорғау жолында жанын қиып, ерлік көрсеткен  батырларымызды ерекше құрметпен еске аламыз.  

Майдан даласында қазақстандықтар ерен ерлік пен бекем бірліктің өнегелі үлгісін көрсетті.

Біздің жаужүрек аталарымыз шешуші шайқастарға қатысып, отанымыздың шекарасын қорғау жолында қолдан келгеннің бәрін жасап,  жау басып алған аумақтарды азат етуде жанқиярлықпен соғысты.

Соғыс жылдарында 500-ден астам қазақстандық Кеңес Одағының Батыры, 100-ден астамы Даңқ орденінің толық кавалері, ал  төрт қазақстандық екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.

Қазақстандық майдангер–Рақымжан Қошқарбаевтың Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккені баршамызға мәлім.

Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және басқа да соғыс батырларының ерліктері мен есімдері ел тарихына мәңгі жазылды.

Соғыс кезінде көптеген азаматтар күні-түні Тылда еңбек етіп, майданды қару-жарақпен, оқ-дәрімен, азық-түлікпен қамтамасыз ету жолында тыным таппай  жұмыс істеді.  

Ардақты ардагерлер! Сіздерге біздің баянды болашағымыз үшін мың алғыс!

Осы айтулы мереке күні сіздерге мықты денсаулық және ұзақ өмір тілеймін!

https://www.facebook.com/a.zhayilganova/posts/4549194761834325