
2018 жылдың 18 қыркүйегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілер мен студенттер арасында «Қазақстан бүгін және болашақта» тақырыбында өңірлік деңгейде дебат ойындарын өткізді.
Аталған жарыс мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру және қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткізілді. Алғы сөзімен елордалық департамент басшысы Жазира Жылқышиева сөз сөйледі.
Астана қаласының Кәсіподақ орталығының төрағасы Тастанбек Есентаев қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әділ қазылар алқасында Агенттіктің департамент директорының орынбасары Мадина Наурызбек және ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы орталықтың басшысы Раиса Шер болды.
Пікірталасқа 44 команда қатысты. Әр команда екі адамнан: бір мемлекеттік қызметшіден және бір университет студентінен тұрды. Пікірсайысты 16 команда мемлекеттік тілде өткізді.
Пікірсайыстың нәтижесінде жеңімпаздардың екі тобы анықталды: Тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасы және Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, сондай-ақ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және «Тұран-Астана» университетінің студенттері.
Қатысушылар грамоталар және естелік сыйлықтармен марапатталды.

