
Шенеуніктердің күнделікті қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және олардың жұмысының сапасын арттыру үшін Агенттікпен 2018 жылдың басында «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленді. Оны қолдану кезінде азаматтардың әлеуметтік желілер және call-орталық арқылы жіберген өтініштері бойынша халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер ететін 2,2 мыңнан астам мәселе шешілді.
Осы жаңа коммуникация арнасын жетілдіру қажеттілігі және цифрландыру дәуірінің талаптары нақты уақыт режимінде жұмыс жасайтын «Астанадағы интерактивті қоғамдық бақылау картасын» әзірлеуге әкелді. Агенттікке бұл жобаны іске асыруда Парламентаризм қорының төрағасы Зауреш Баталова және Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Корольдігінің Елшісі Дирк Ян Коп мырза үлкен көмек көрсетті.
Карта қалалық нысандарды салу, жөндеу және күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаражаттары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты көрсетеді. Кез келген азамат тәулігіне 24 сағат бойы фотосуреттер мен бейнелерді тіркей отырып, бұзушылықтар жайлы хабарлай алады.
Елорданың тәжірибесін басқа өңірлерге тарату жоспарлануда.
МҚІСЖҚА төрағасы А.Ж. Шпекбаевтың баяндамасына сілтеме: http://kyzmet.gov.kz
