«Жасырын сатып алушыдан» «Цифрлық агентке» дейін

«Жасырын сатып алушыдан» «Цифрлық агентке» дейін

Соңғы уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында жұмыстың  заманауи технологиялық мүмкіндіктерін жаңадан бағалауға мүмкіндік беретін өзгерістер жүргізілуде.

МҚІСЖҚА мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асыратындығы белгілі. Осы жұмысқа азаматтарды тартуға бағытталған бастамалардың бірі «жасырын сатып алушы» тәсілін енгізу болды. Осы ерікті көмекшілердің арқасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында көптеген бұзушылықтар анықталды және жойылды.

Агенттік цифрлық технологиялар дамуды айқындайтын трендке айналғанын ескере отырып, Агенттік «Цифрлық агент» мобильдік қосымшасын іске қосты. Смартфон және ұялы телефонның кез келген иесі мемлекеттік орган ұсынатын қызмет сапасы туралы өз пікірін білдіре алады.

Енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлермен бұзушылықтар туралы деректерді ұзақ уақыт бойы зерттеп, постфактум жоюдың қажеті жоқ. Белгілі бір азаматтың проблемалары дереу шешілетін болады, ал мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының бұзушысы тез арада «лайықты» жазасын алады.

МҚІСЖҚА төрағасы А.Ж. Шпекбаевтың баяндамасына сілтеме: http://kyzmet.gov.kz