
А.ж. 8 ақпанында Солтүстік-Қазақстан облысы бойынша фронт-кеңсесі Қытай SHI Yan De Rui Gong Mao Co компаниясымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қол қойды.
Аталған компания жалпы құны 75,4 млрд.теңге болатын машина жасау кластерін салуды жоспарлап отыр. Бұл жоба 1000-нан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және экономиканың басқа да салалары үшін мамандандырылған техника шығару жоспарлануда.
Келісімге қол қоя отырып, Департамент басшысының м.а. Ж. Жұмабаев Департамент пен инвестор арасындағы әрі қарай жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді. Өз кезегінде компания төрағасының көмекшісі Лю Чжиюн Қазақстанда бизнес жүргізу үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.
"Protecting Business and Investments" жобасын іске асыру басталғаннан бері Департамент 137,8 млрд. теңгеге 9 келісімге қол қойды. Бұл инвестициялар аймақтың әл-ауқатына жағымды әсер етеді.


