Агенттікпен «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрық жобасы (бұдан әрі –бұйрық жобасы) әзірленді.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 22 ақпандағы № 36-ө өкімін іске асыру мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасымен Агенттіктің кейбір бұйрықтарына жауапты хатшылар институтының таралуына байланысты өзгертулер енгізілуде.
Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 15 қаңтарда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6417527 .