Меню

Страницы

Статья

Концепция проекта Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной службы»

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының Тұжырымдамасы

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешімдер қабылдау жүйесіне және олардың орындалуына жауапкершілікті өзгерту бойынша нақты міндет қойды.

Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында да көрініс тапқан: Президенттің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығымен бекітілген «адамдар – ең алдымен адамдар» моделін құру.

Осы тұжырымдамаға сәйкес бүгінгі күні бүкіл әлем турбуленттілік, өсіп келе жатқан құбылмалылық, әлеуметтік, экономикалық және саяси дамудың белгісіздігі дәуіріне аяқ басты.

Елдердің ауқымды сын-қатерлерді еңсеру барысында мемлекетке деген қоғамдық сенім, оның өзгерістерге дайындығы мәселесі ерекше маңызға ие болуда. Неғұрлым тиімді мемлекеттік басқаруға, азаматтардың басқарушылық шешімдер қабылдауға қатысуына сұрау салу тұрақты қалыптасуда.

Сонымен қатар, мемлекет пен халықтың өзара іс-қимылының әкімшілік-бақылау нысанына негізделген мемлекеттік басқарудың қолданыстағы моделі халықтың үмітіне толық жауап бермейді.

Вследствие чего назрела необходимость формирования сервисной и «человекоцентричной» модели государственного управления, в которой главными ценностями являются граждане и их благополучие.

Сонымен қатар, Президент Әкімшілігі басшысы орынбасарының 2021 жылғы 15 маусымдағы № 41-17.818 паб-1 қарарымен мемлекеттік қызмет істері агенттігіне (бұдан әрі – агенттік) жазадан құтылмаушылық және мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарын сақтау мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесін қарау тапсырылды, егер қызметкер мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша босатылған жағдайда, ол мемлекеттік қызметке қайта түсуге құқылы емес немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының төрағалығымен өткен мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі жөніндегі кеңестің 2021 жылғы 23 сәуірдегі хаттамасына сәйкес Агенттікке (келісім бойынша) қаржы министрлігімен бірлесіп, нормативтік құқықтық актілерге тиісті түзетулер әзірлей отырып, мемлекеттік қызметшілерге ротация жүргізу кезінде тұрғын үй төлемдері үшін бюджет қаражатын бөлу мәселесін пысықтау тапсырылды.

Пандемия кезіндегі мемлекеттік органдардың жұмысы мемлекеттік аппараттың ұтқырлығын арттыру қажет екенін көрсетті.

Төтінше жағдай кезінде мемлекеттік қызметшілерді лауазымдарға жедел тағайындау (мысалы, өңірлердегі денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері) және мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау мәселелері, жауапкершілікті қарау мерзімдерін тоқтата тұру негіздері және төтенше жағдай режимі кезінде жаза қолдану мерзімінің өтуі мәселелері көтерілді.

Осыған байланысты, заң жобасы мемлекеттік қызмет өткеру рәсімдерін оңайлатуға және аралық мәселелерді заңға тәуелді актілер деңгейіне ауыстыра отырып, базалық талаптарды белгілеуге бағытталған.

Бұдан басқа, азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты талдау және Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы қолдану практикасының проблемалық мәселелері «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның (бұдан әрі – заң) жекелеген ережелерін жетілдіру қажеттігін куәландырады.

Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының Тұжырымдамасына әзірленді мәтінмен және оған қатысты басқа да материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында, сондай-ақ Ашық НҚА интернет-порталында а.ж. 15 қарашада орналастырылған келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12999536 .

Дата публикации
15 ноября 2021
Дата обновления
15 ноября 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
Ақпарат
06 сентября 2024
2024 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша белгіленген сыбайлас жемқорлыққа тәуекел лауазымдар тізбесі
26 января 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы