Мемлекеттік қызметті іріктеу және одан өту тәртібін жетілдіру мақсатында «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрық жобасы әзірленді.
Бұйрық жобасымен конкурстық рәсімдерде кандидаттарды іріктеудің басқа әдістерін пайдалану мүмкіндігін енгізу ұсынылады.
Сондай-ақ іріктеудің өзге әдістері қолданылған жағдайда конкурстық іріктеудің дәстүрлі тәсілдерін қолдануды болдырмайтын өзге де ілеспе түзетулер ұсынылады.
Сонымен қатар, жобада кандидаттарды бағалаудың жаңа парағы ұсынылады.
Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 7 желтоқсанда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13700699 .