Меню

Страницы

Статья

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 11 тамыздағы № 138 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары М. Мырзалиннің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 21-42-37.545-3 тапсырмасын орындау мақсатында Агенттіктің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша бөлу жөніндегі әдістемесіне жекелеген өзгерістерді көздейтін бұйрық жобасы әзірленді.

Атап айтқанда, түзетулерге сәйкес алдағы уақытта мемлекеттік органдар «Б» корпусы лауазымдарын функционалды блоктарға бөлуді оның миссиясы, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға, мемлекеттік саясатты әзірлеуге, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді дайындауға әсер етуіне қарай және мемлекеттік органның қызметіне қызметшілердің тиімділігі мен үлесін ескере отырып жүзеге асыратын болады.

Бұл ретте, бөлу Әдістемеде көзделген арақатынасқа сәйкес жүргізілуі тиіс («А» блогы – 70 пайыздан артық емес, «В» блогы – 50 пайыздан артық емес, «С» блогы – 2 пайыздан кем емес). Бөлу Әдістемеде көрсетілген арақатынасқа сәйкес келмеген жағдайда, бөлу Агенттіктің немесе аумақтық департаменттердің келісуі бойынша ғана бекітіледі.

Бұйрық жобасының мәтінімен және оған қоса берілген өзге де материалдармен Агенттіктің интернет-ресурсында және «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 9 желтоқсанда орналастырылған келесі сілтеме арқылы танысуға болады https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=1374671 , https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13746708.

Дата публикации
09 декабря 2021
Дата обновления
09 декабря 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
Ақпарат
06 сентября 2024
2024 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша белгіленген сыбайлас жемқорлыққа тәуекел лауазымдар тізбесі
26 января 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы