Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау

  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама нормаларын сақтауы бойынша олардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жыл сайынғы операциялық бағалауды жүзеге асыру;
  • ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жыл сайынғы операциялық бағалау әдістемесін әзірлеу;
  • мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметінің тиімділігін жыл сайынғы операциялық бағалау нәтижелері туралы қорытындылар дайындау;
  • озық халықаралық тәжірибені және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау нәтижелерін ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жыл сайынғы операциялық бағалау жүйесін жетілдіру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жыл сайынғы операциялық бағалау жүргізу мәселелері бойынша Агенттіктің аумақтық органдарының қызметін үйлестіру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жыл сайынғы операциялық бағалау жүргізу үшін мемлекеттік органдардан ақпаратты талап ету;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын әзірлеу;
  • озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар әзірлеу;
  • мемлекеттік органдардан, көрсетілетін қызметті берушілерден мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпаратты талап ету;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпаратты талдау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың сақталуына сыртқы мониторинг жүргізу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың бұзылуына талдау және мониторинг жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңнамалары аясында бұзышылықтар аңықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің, Агенттіктің аумақтық органдарының қызметін үйлестіру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың әрекеттері мен шешімдеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
  • Агенттіктің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі қызметіне мониторинг және талдау жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және істерді қарау;
  • құзыреті шегінде әкімшілік істер бойынша сот процестеріне қатысу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жыл сайынғы операциялық бағалау және мемлекеттік бақылау нәтижелерін талдау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жыл сайынғы операциялық бағалау және мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қызмет алушылардың қанағаттануына мониторингті жүзеге асыру;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру;
  • жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсету;
  • мемлекеттік органдар көрсететін қызметтердің және оларды көрсету рәсімдерінің сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • консультативтік-кеңесші органға ақпарат дайындау;
  • нормативтік құқықтық актілерді зерделеу, әлеуметтік сауалнама жүргізу, жалпыға қолжетімді статистикалық деректерді және өзге де ақпаратты зерттеу арқылы мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша мониторинг пен талдау объектісі мен субъектісін айқындау;
  • мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделеу бойынша алаңдық зерттеулерді ұйымдастыру;
  • онлайн-ресурсқа түсетін мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша ұсыныстарға талдау жүргізу;
  • мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру барысына мониторингті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
  • рәсімді жүзеге асыру субъектісін алып тастау, жеке секторға ауыстыру не өзге де өзгерістер бөлігінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін түбегейлі трансформациялау бойынша мүмкіндіктерді айқындау;
  • ерекше ведомстволық бағыныстылықты жоюға және елдің барлық өңірлерінде жүзеге асыруға болатын рәсімдерді айқындауға мүмкіндік беретін эксаумақтылық тетіктерін қолдану бөлігінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделеу;
  • субъективті құқықты қанағаттандыру қажеттілігін болжау немесе азаматтардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік органдардың міндеттерін орындауға жәрдем көрсету арқылы мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін проактивті жүзеге асыру мүмкіндіктерін белгілеу;
  • бірнеше рәсімдерді бірыңғай композиттік рәсімге біріктіру мүмкіндігін белгілеу бойынша композиттік тәсілдерді қолдану бөлігінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін талдау;
  • құқық нормаларының коллизияларын, құқықтық олқылықтарды, ақпараттық жүйелердің техникалық іркілістері мен кемшіліктерін жою, ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру қажеттігі, әкімшілік кедергілер белгілері мен артық талаптарды айқындау, рәсімдерді электрондық форматқа көшіру арқылы мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру кезінде клиентке бағдарлануды және сервистікті енгізу бойынша тәсілдерді қалыптастыру;
  • мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру үшін керек ақпаратқа, техникалық, ақпараттық және инфрақұрылымдық қамтамасыз ету деңгейіне, буындар мен іс-әрекеттерге, адамдар тобы бойынша, дағдылар мен білімдерге, уақытқа мінддетті, нақты және оңтайлы қажеттілікті айқындау;
  • бюрократизм мен әуре-сарсаңға салу көріністерін жою жөніндегі ұсыныстарды қоса, мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдеріне мониторинг және талдау жүргізу қорытындылары бойынша қорытындылар дайындау;
  • мемлекеттік органдардың қалыпты қызметіне кедергі келтіретін, адами және материалдық ресурстарды негізсіз қосымша пайдалануға әкеп соғатын артық, асыра, жалған, негізсіз, қате, алдамшы ішкі әкімшілік рәсімдерді тудыратын белгілер мен жағдайларды жою арқылы бюрократиялық рәсімдерді еңсеру жөнінде шаралар әзірлеу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг рәсімдері шеңберінде бюрократиядан арылту бойынша жыл сайын сауалнама жүргізуді қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша мониторинг пен талдау жүргізу үшін мемлекеттік органдардан ақпарат талап ету;
  • Агенттіктің аумақтық органдарының мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша мониторинг және талдау жүргізу жөніндегі қызметін үйлестіру.
Дата публикации
03 октября 2019
Дата обновления
03 октября 2019
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

21 июля 2025
Өмірлік жағдайлар
Ақпарат
06 сентября 2024
2024 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша белгіленген сыбайлас жемқорлыққа тәуекел лауазымдар тізбесі
26 января 2024
Азаматтарды қабылдау орталығы

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Youtube
Telegram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы