Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысатын бақылаушыларға конкурс өткізу туралы хабарландыру
Құжаттар 2022 жылы 19- 23 желтоқсан аралығында қабылданады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырыстарына қатысатын бақылаушылар бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды («Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына және қоғамдық Кеңес туралы 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 Үлгі ережеге сәйкес).
Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері өтініш бере алады. Бақылаушылардың дауыс беру құқығы жоқ екеніне назар аударамыз.
Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан (форма) бойынша жұмыс тобының отырыстарына қатысатын бақылаушы ретінде кандидатура ұсыну туралы азаматтың өз өтініші;
2) кандидатураны жұмыс тобының отырыстарына қатысатын бақылаушы ретінде ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы (бар болған жағдайда);
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Құжаттар жұмыс тобының мүшелерін отырыстарына қатысатын бақылаушылар бойыншаа конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде көрсетілген мекенжайға қолма-қол ұсынылады немесе көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.
Құжаттар мына мекенжайға ұсынылады (жіберіледі):
Астана қаласы, Абай даңғылы, 33 А, ҚР МҚІА ғимараты
Электрондық пошта: m.imanbaev@kyzmet.gov.kz, телефон: 8-708-591-64-42