Астана қаласының Полиция департаменті аға басшы құрам бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

«Астана қаласының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі аға басшы құрам бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды. Мекенжайы: Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 37, анықтама телефоны: 8(7172)71-60-74, e-mail:  m.imanberdieva@mvd.gov.kz

 

  1. Медициналық бөлімнің бас маман-дәрігері (1 бірлік)

Негізгі функционалдық міндеттері: жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың туындау себептері мен таралу қатері факторларын бағалайды. ПД бөліністерінде профилактикалық және індетке қарсы іс-шараларды әзірлейді және өткізеді, сырқаттанудың ағымдағы эпидемиологиялық талдауын жасайды. ПД қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және нығайту бойынша әлеуметтік-профилактикалық бағытты анықтайды. ПД қызметкерлерінің денсаулық жағдайын бағалайды. ПД қызметкерлерінің денсаулық жағдайына ықпал ететін негізгі факторларды анықтайды, аурудың алдын алу бойынша басым бағытты анықтайды, ПД қызметкерлері арасында алдын алу іс-шараларын өткізуді ұйымдастырады. Сауықтыру іс-шараларын әзірлейді және өткізеді. Салауатты өмір салтын, тиімді тамақтануды насихаттауды жүргізеді. ПД медициналық бөлімдері қызметінің нәтижесін бағалайды.      

         Біліміне қойылатын талаптар: «Медицина», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Медициналық-профилактикалық іс», «Стоматология», «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» бағыттары бойынша жоғары білімінің және тиісті мамандық бойынша біліктілігін арттырғаны туралы сертификатының болуы міндетті.

Конкурсқа қатысушы кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар:

  • кандидаттың жасы 35-тен аспауы тиіс;
  • еңбек өтілі төмендегі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:
  • мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы;
  • осы санаттағы нақты лауазымның тиісті функционалдық бағытына сәйкес саладағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болуы тиіс. 

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • белгіленген нысандағы өтініш; 2) өмірбаян; 3) білімі туралы құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері; 4) қызметтік тізім, еңбек қызметін растайтын құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері; 5) әскери билетінің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда); 6) соңғы жұмыс орнынан мінездеме; 7) 3х4 өлшемдегі төрт дана фотосурет, 8) жеке бас куәлігінің көшірмесі; 9) құжаттарды тапсыру сәтіне жарамды, қорытындысы шекті мәнінен төмен емес Қазақстан Республикасы заңнамасын білуіне тестілеуден өткені туралы сертификат; 10) уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы қорытынды; 11) біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіби деңгейіне қатысты (біліктілігін арттырғаны, ғылыми (академиялық) дәреже немесе атақтар берілгені туралы құжаттарының көшірмелері, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және басқалары) қосымша ақпарат (болған жағдайда).

Кандидаттар медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, полиграфологиялық зерттеуден өтеді, денешынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсырады, әңгімелесуден өтеді.

Жарияланған лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия ұсынған кандидат мiндеттi арнайы тексеруден өтеді.

 Мiндеттi арнайы тексеру қорытындысын алғанға дейін кандидат бос лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарады, онымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.

 

 

Астана қаласының ПД
Дата публикации
16 марта 2026