Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті аға басшы құрамның келесі бос лауазымына конкурс жариялайды.
1) Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті тылмен қамтамасыз ету тобының аға инспекторы (С-SVO-8)- 1 бірлік.
(базалық жалақысы, экологиялық коэфициентті есепке алмағанда 238 440 тнг)
Негізгі лауазымдық міндеттері:
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелері бойынша бөлімнің (бөлімшенің, Топтың) ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларына енгізу үшін ұсыныстар дайындайды.
- Басқа инстанциялар мен ведомстволарға ұсынылатын жалпыланған анықтамалар, ақпарат пен ұсыныстар дайындайды.
- Бөлімнің (бөлімшенің, топтың) номенклатурасы бойынша тиісті істерді ресімдейді, жергілікті жерлерде тапсырмалар мен нұсқаулардың уақтылы орындалуына бақылау жүргізеді.
- Мемлекеттік сатып алуды өткізу жоспарлары мен ұсыныстарын қарайды.
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау фактілеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне қарсы тұру және оларға төзбеушілік таныту;
- Басшылықтың және (немесе) Құқық қорғау органдарының өздеріне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға итермелеу мақсатында қандай да бір адамдардың оларға жүгіну фактілері туралы назарына дереу жеткізуге міндеттенеді.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
- Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қылмыстық-атқару жүйесінің имиджін арттыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру.
- Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялау үшін ақпараттық себептерді, материалдарды және өзге де ақпаратты ұсыну бойынша жұмыс жүргізу. Лауазымдық міндеттері шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: отыз бес жастан аспаған, тиісті білімі бар және әскери дайындалған резервті даярлау жөніндегі Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери қызмет немесе әскери даярлықтан өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар.
Құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша бос лауазымға отыз бес жастан асқан, жоғары кәсіптік даярлығы не белгілі бір мамандықтар бойынша едәуір жұмыс тәжірибесі бар адам қабылдануы мүмкін.
Білімі: белгілі бір лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: Заңтану, Құқықтану, Кеден ісі, Менеджмент, Экономика, Мемлеккеттік және жергілікті басқару, Құрылыс, Жылу энергетика, Көлік құрылысы, Төтенше жағдайларда қорғау,Сәулет, Өрт қауіпсізідігі, Ақпараттық жүйелер, Тасымалдауды және көлік қозғалысын ұйымдастыру, Азық-түлік тауарларының технологиясы, Мұнай-газ ісі, Ақпараттқы техногиялар, Автоматтандыру және басқару.
Жұмыстәжірибесінеқойылатынталаптар:
1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;
3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – МҚІА) уәкілетті органы беретін тестілеуден өткені туралы сертификаттың және жеке қасиеттерін бағалау қорытындысының болуы (Құқық қорғау қызметі, 2-Бағдарлама, МҚІА төрағасының 20.09.2016 жылғы №1 бұйрығы).
Конкурс «Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмысы қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарында бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі», «Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмысы қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарында бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі» (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №256, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының м.а. 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайларминистрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №485, осыған сәйкес өткізіледі.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Органның бос және уақытша бос лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдауды орган конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Кандидат құжаттарды қолма қол тапсырады немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша мынадай құжаттарды жібереді:
1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар);
4) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаян, қосымша қызметтік тізімнің көшірмелері (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері (өзге тұлғалар үшін);
5) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;
6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі.
Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуі үшін негіз болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматының жекебасынкуәландыратынқұжаттыңкөшірмесі не оныңэлектрондықнысаны;
Толықақпараталуүшінмына телефон арқылыхабарласуғаболады:
Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 48 үй, 8 (7242) 23-48-29, электрондықмекенжай a.berkinbekov@mvd.gov.kz
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті