Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті аға басшы құрамның келесі бос лауазымына конкурс жариялайды.

Құқық қорғау органдарына орналасуға арналған конкурс туралы хабарландыру

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті аға басшы құрамның келесі  бос лауазымына конкурс жариялайды.

 

1) Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің материалдық есеп тобының бас маманы(С-SVO-7) - 1 бірлік

(базалық  жалақысы, экологиялық коэфициентті есепке алмағанда 257 515 тнг)

 

2) Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің жоспарлау, еңбекақы төлеу және зейнетақы тағайындау тобының аға инспекторы (С-SVO-8) - 1 бірлік.

(базалық  жалақысы, экологиялық коэфициентті есепке алмағанда 238 440 тнг)

 

3) Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің есеп айырсу тобының аға инспекторы (С-SVO-8) - 1 бірлік.

(базалық  жалақысы, экологиялық коэфициентті есепке алмағанда 238 440 тнг)

 

4) Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің жеткізушілермен жұмыс жүргізу тобының аға инспекторы (С-SVO-8) - 1 бірлік.

(базалық  жалақысы, экологиялық коэфициентті есепке алмағанда 238 440 тнг)

 

5) Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің сотталғандардың атқарушылық іс жүргізуі мен жеке қаражатын есепке алу тобының инспекторы (С-SVO-9) - 1 бірлік.

(базалық  жалақысы, экологиялық коэфициентті есепке алмағанда 220 778 тнг)

 

 

Негізгі лауазымдық міндеттері:

-мүліктің, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың бухгалтерлiк есебiн (негізгі қаражаттың, тауарлы-материалдық құндылықтардың, өндіріс, өнімді сату

шығындарының, шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерінің есебін, өнім

берушілермен және тапсырыс берушілермен көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу) жүргiзу жөнiндегi жұмысты орындайды;

-бухгалтерлiк есептің тиiстi учаскелерi бойынша бастапқы құжаттаманы кабылдау

мен бакылауды жүзеге асырады және оларды есептік өндеуге дайындайды;

-негiзгi қаражаттың, тауарлы-материалдық құндылықтардың және ақша

қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлiк есеп шоттарында көрсетедi;

-өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзiндiк құнына есептiк калькуляция жасайды;

-шығындар мен өндірістік емес шығындардың құралу көзін анықтайды және

олардың алдын алу жөнiнде ұсыныстар дайындайды;

-бюджетке төленетін салық және мiндеттi төлемдердi, зейнетақы аударымдары мен

салық туралы заңнамаға сәйкес төлемдердi және басқа да міндеттемелерді, күрделi

салымдарды, жұмыскерлердің жалақысын қаржыландыруға арналған қаражатты

есептеудi және аударуды жүргiзедi;

-басшыларды, кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды есептің тиiстi

бағыттары (учаскелерi) бойынша салыстырмалы және дәйекті бухгалтерлiк ақпаратпен қамтамасыз етедi;

-шоттардың жұмыс жоспарын (бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру

жоспарын) әзiрлейдi;

-есеп жүргізудің және бухгалтерлiк ақпаратты өндеу технологиясының негізгі

тәсiлдерi мен әдiстерiнің мазмұнын айқындауға қатысады;

-ішкi шаруашылық резервтердi анықтау, үнемдеу режимі мен құжат айналымын

жетiлдiру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бухгалтерлiк есеп пен

есептілік деректерi бойынша ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне

экономикалық талдау жургізуге, ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық  құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады;

-есептілік жасау үшiн бухгалтерлiк есептің тиiстi учаскелерi бойынша деректер

дайындайды;

-бухгалтерлiк құжаттардың сақталуын қадағалайды;

-бухгалтерлiк ақпарат дерекқорын қалыптастыру, жургізу және сақтау жөніндегі

жұмыстарды орындайды;

-мiндеттердiң не олардың есептеу техникасының көмегімен шешілетін жекелеген

кезеңдерінің экономикалық қойылымын тұжырымдауға қатысады;

-экономикалық ақпаратты өңдеудің экономикалық негізделген жүйелерін құруға

мүмкіндік беретін дайын жобаларды, алгоритмдерді, қолданбалы бағдарламалар

пакеттерін пайдалану мүмкіндігін айқындайды

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: отыз бес жастан аспаған, тиісті білімі бар және әскери дайындалған резервті даярлау жөніндегі Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери қызмет немесе әскери даярлықтан өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар.

Құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша бос лауазымға отыз бес жастан асқан, жоғары кәсіптік даярлығы не белгілі бір мамандықтар бойынша едәуір жұмыс тәжірибесі бар адам қабылдануы мүмкін.

Білімі: белгілі бір лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: Экономика, Есеп және аудит, Қаржы,  Әлемдік экономика (жоғары қаржы-экономикалық білім), Еңбекті ұйымдастыру және нормалау

 

Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:

      1) құқық қорғау не арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      2) осы санаттардағы нақты лауазымның тиісті бейіндік бағытына сәйкес келетін әкімшілік мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

      3) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

      4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – МҚІА) уәкілетті органы беретін тестілеуден өткені туралы сертификаттың және жеке қасиеттерін бағалау қорытындысының болуы (Құқық қорғау қызметі, 2-Бағдарлама, МҚІА төрағасының 20.09.2016 жылғы №1 бұйрығы).

         Конкурс «Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмысы қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарында бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі», «Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмысы қағидалары, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарында бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі» (бұдан әрі-Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №256, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының м.а. 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №40, Қазақстан Республикасы Ішкі істерминистрінің м.а. 2022 жылғы 28 желтоқсандағы №1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы №485, осыған сәйкес өткізіледі.

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Органның бос және уақытша бос лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдауды орган конкурс өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Кандидат құжаттарды қолма қол тапсырады немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қол таңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін жалпыға қол жетімді ақпараттық жүйелер бойынша мынадай құжаттарды жібереді:

1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификация рәсімінен өткенін немесе танылғанын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар);

4) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толтырылған егжей-тегжейлі өмірбаян, қосымша қызметтік тізімнің көшірмелері (құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, әскери қызметшілер, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерүшін), еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері (өзге тұлғалар үшін);

5) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі.

Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы және конкурстың келесі кезеңдеріне жібермеуі үшін негіз болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі не оның электрондық нысаны;

Толық ақпарат алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға болады:
Қызылорда қаласы, Абай даңғылы 48 үй, 8 (7242) 23-48-29, электрондық мекенжай a.berkinbekov@mvd.gov.kz

 Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

           

 

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті аға басшы құрамның келесі бос лауазымына конкурс жариялайды.
Дата публикации
19 января 2026