Әдеп жөніндегі уәкілдердің рейтингі

Агенттік «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауының қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдердің рейтингі қалыптастырылды.

Аталған конкурстың ең басты критериялары болып тұрақты негізде консультация беру, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, үкіметтік емес сектормен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, профилактикалық шараларды жүзеге асыру және этикалық құқық бұзышылықтардың азаю динамикасы болып табылды.   

Айта кетейік, аталған конкурс үздік әдеп жөніндегі уәкілді таңдау мен әдеп жөніндегі уәкілдердің біріңғай рейтингін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Әдеп жөніндегі уәкілдердің рейтингі
Дата публикации
16 января 2020